"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегі "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанда бір рет көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) балама негізде өтінішпен жүгінеді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағымен қарастырылған мерзімде ұсынады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | О. Ковалева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Исенғазин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Федоров ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ Т. Волоткевич
"9" қазан 2018 жыл