2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттырылсын.
2. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 16 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6484 тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрағасы | И. Горбатенков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бараншина |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Д. Бектабанов
2018 жылғы " 4 " маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ұзынкөл ауданының жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
______________ Н. Нестеренко
2018 жылғы "4 " маусым