Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 70 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 3600 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы С. Аманғалиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      ауыл шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.С. Қалдығұл

      "16" сәуір 2018 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуірдегі
№ 70 қаулысымен
бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қаржы институтына немесе қаржы агенттігіне субсидияларды аудару, Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік -құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15537 болып тіркелді) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемелекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      қаржы агентінің қатысуынсыз:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді (бұдан әрі - өтінім) тіркейді - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді - 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді - 1 сағат;

      4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысына жолдайды - 10 жұмыс күні;

      5) комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды - 1 сағат;

      6) оператор:

      комиссия мүшелерінің қолын жинайды - 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді - 1 жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді, теріс шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы қайта құрылымдалған немесе қайта қаржыландырылған кредиттік немесе лизингтік шарт өзгеріссіз қалады - 4 жұмыс күні;

      8) оператор қаржы институтымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды - 5 жұмыс күні;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор мен қаржы институты қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды - 1 жұмыс күні;

      10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды - 1 жұмыс күні;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды - 1 жұмыс күні;

      қаржы агентінің қатысуымен:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және хатты тіркейді - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді - 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы хатты қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді - 1 сағат;

      4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін комиссия отырысына жолдайды - 10 жұмыс күні;

      5) комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды - 1 сағат;

      6) оператор:

      комиссия мүшелерінің қолын жинайды - 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы агентіне және қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді - 1 жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған және қаржы агентінің келісім хаты болған жағдайда қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына (бұдан әрі - қаржы агентін субсидиялау шарты) тиісті өзгерістер енгізеді, қаржы агентінің келісім хаты болмаған жағдайда, қаржы агентін субсидиялау шартын бұзады және қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасайды - 10 жұмыс күні;

      8) оператор қаржы агентімен жасалған қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы институттарымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды - 5 жұмыс күні;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор және қаржы агенті немесе қаржы институттары жоғарыда көрсетілген шарттарға қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды - 2 жұмыс күні;

      10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушге жолдайды - 1 жұмыс күні;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды - 1 жұмыс күні.

      6. Төмендегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

      қаржы агентінің қатысуынсыз:

      1) құжаттарды қабылдау және өтінімдерді тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны белгілеу;

      3) операторға құжаттарды беру;

      4) есеп-қисаптың дұрыстығын тексеру, қорытынды, құжаттарды жолдау;

      5) құжаттарды қарау;

      6) хаттамаға қол қою;

      7) хаттамадан үзіндіні жолдау;

      8) қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына өзгерістер енгізу немесе оны өзгеріссіз қалдыру;

      9) қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына оператордың және қаржы институтының қолдарын қою;

      10) қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолын қою;

      11) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді жолдау;

      12) төлем шотын жолдау;

      қаржы агентінің қатысуымен:

      1) құжаттарды қабылдау және хатты тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны белгілеу;

      3) операторға құжаттарды беру;

      4) есеп-қисаптың дұрыстығын тексеру, қорытынды, құжаттарды жолдау;

      5) құжаттарды қарау;

      6) хаттамаға қол қою;

      7) хаттамадан үзіндіні жолдау;

      8) қаржы агентінің субсидиялау шартына өзгерістер енгізу немесе қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасау;

      9) қаржы агентінің субсидиялау шартына оператордың және қаржы агентінің немесе қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына оператордың және қаржы институттарының қолдарын қою;

      10) қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолын қою;

      11) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді жолдау;

      12) төлем шотын жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

      қаржы агентінің қатысуынсыз және қаржы агентінің қатысуымен:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      4) оператор;

      5) комиссия.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттау:

      қаржы агентінің қатысуынсыз:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді (бұдан әрі - өтінім) тіркейді - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді - 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді - 1 сағат;

      4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысына жолдайды - 10 жұмыс күні;

      5) комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды - 1 сағат;

      6) оператор: комиссия мүшелерінің қолын жинайды - 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді - 1 жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді, теріс шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы қайта құрылымдалған немесе қайта қаржыландырылған кредиттік немесе лизингтік шарт өзгеріссіз қалады - 4 жұмыс күні;

      8) оператор қаржы институтымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды - 5 жұмыс күні;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор мен қаржы институты қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды - 1 жұмыс күні;

      10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды - 1 жұмыс күні;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды - 1 жұмыс күні;

      қаржы агентінің қатысуымен:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және хатты тіркейді - 15 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді - 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы хатты қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді - 1 сағат;

      4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін комиссия отырысына жолдайды - 10 жұмыс күні;

      5) комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды - 1 сағат;

      6) оператор:

      комиссия мүшелерінің қолын жинайды - 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы агентіне және қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді - 1 жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған және қаржы агентінің келісім хаты болған жағдайда қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына (бұдан әрі - қаржы агентін субсидиялау шарты) тиісті өзгерістер енгізеді, қаржы агентінің келісім хаты болмаған жағдайда, қаржы агентін субсидиялау шартын бұзады және қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасайды - 10 жұмыс күні;

      8) оператор қаржы агентімен жасалған қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы институттарымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды - 5 жұмыс күні;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор және қаржы агенті немесе қаржы институттары жоғарыда көрсетілген шарттарға қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды - 2 жұмыс күні;

      10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің жолдайды - 1 жұмыс күні;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды - 1 жұмыс күні.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу ұзақтығы:

      1-процесс - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

      1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (әрекеттері);

      3-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімнің ішінде көрсетілетін қызметті алушы комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттар топтамасын беру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мыналарды қамтитын құжаттар топтамасымен бірге өтінімді бір данада Мемлекеттік корпорацияға ұсынады:

      қаржыландыру талабының өзгеруі жөніндегі қабылданған шешімнің көшірмесі;

      негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесі.

      Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, осының негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі, заңды тұлғаға - өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігінің, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 1-ші, 2-ші қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық
сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және
лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік қызметін қаржы агентінің қатысуынсыз көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




Шартты белгілер:




  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік қызметін қаржы агентінің қатысуымен көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




Шартты белгілер:




  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "16" сәуірдегі
№ 70 қаулысымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1."Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15136 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме - көрсетілетін қызметті алушының (не оның сенімхат арқылы өкілінің) стандартының 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге ұсынады. Тапсырылған құжаттар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12677 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі - қағидалар) көзделген шарттарға сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде бекітеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне жолдайды немесе субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;

      2) құжаттармен танысу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

      3) құжаттарды қарау, субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге ұсыну, қағидаларда көзделген шарттарға сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;

      4) субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін бекіту және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне жолдау немесе субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдау;

      5) көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге ұсынады. Тапсырылған құжаттар қағидаларда көзделген шарттарға сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде бекітеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне жолдайды немесе субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Маңғыстау облысы әкімдігінің (http://mangystau.gov.kz) және көрсетілетін қызметті берушінің (http://ush.mangystau.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы




Шартты белгілемелер: