РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 229 "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15374 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | С. Аманғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысы
С.С. Қалдығұл
"16" сәуір 2018 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "16" сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген |
"Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.12.2018 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жұмыс органымен қазынашылық органдарына сәйкес төленетін шот жіберуі туралы жазбаша хабарлама немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15374 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) Басқарманың кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және өтінішті тіркейді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі - құжаттарды Басқарма басшысына қарауға жолдау;
2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 (бір) сағат. Нәтижесі – құжаттарды басқарманың жауапты орындаушысына жолдау;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексереді және сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдейді, комиссия отырысын ұйымдастырады – 8 (сегіз) жұмыс күні. Нәтижесі - ұсынылған құжаттарды комиссия қарауына жолдау;
4) комиссия субсидияландыруға түскен өтінімдерді қарайды – 1 (бір) сағат. Нәтижесі - комиссия шешімі;
5) Басқарманың жауапты орындаушысы комиссия отырысын өткізгеннен кейін комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия шешімі туралы жазбаша хабарлайды – 5 (бес) жұмыс күні. Нәтижесі - комиссия шешімі туралы хабарлама;
6) қаржы институты субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін Басқармаға бюджеттен қаражат аударуға арналған өтінімді жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні. Нәтижесі - аударуға арналған өтінім;
7) Басқарманың жауапты орындаушысы аударуға арналған өтінім сомасының қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады және төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды – 4 (төрт) жұмыс күні. Нәтижесі - қазынашылық органдарына төлем шоттарын жолдау;
8) Басқарма басшысы субсидия алуға берілген өтінімді қарастырудың нәтижесі туралы хабарламаға қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні. Нәтижесі - төлем шоттарды қазынашылық органдарға жібергені туралы жазбаша хабарламаға қол қою;
9) Басқарманың кеңсе маманы субсидия алуға өтінімді қарау нәтижесі туралы хабарламаны береді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі - төлем шоттарды қазынашылық органдарға жібергені туралы жазбаша хабарламаны беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) Басқарманың кеңсе маманы;
2) Басқарма басшысы;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы;
4) комиссия;
5) қаржы институты.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) Басқарманың кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және өтінішті тіркейді – 15 (он бес) минут;
2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 (бір) сағат;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексереді және сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдейді, комиссия отырысын ұйымдастырады – 8 (сегіз) жұмыс күні;
4) комиссия субсидияландыруға түскен өтінімдерді қарайды – 1 (бір) сағат;
5) Басқарманың жауапты орындаушысы комиссия отырысын өткізгеннен кейін комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия шешімі туралы жазбаша хабарлайды – 5 (бес) жұмыс күні;
6) қаржы институты субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін Басқармаға бюджеттен қаражатты аударуға арналған өтінімді жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;
7) Басқарманың жауапты орындаушысы аударуға арналған өтінім сомасының қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне сәйкестігін, субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады және төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды – 4 (төрт) жұмыс күні;
8) Басқарма басшысы субсидия алуға берілген өтінімді қарастырудың нәтижесі туралы хабарламаға қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;
9) Басқарманың кеңсе маманы субсидия алуға өтінімді қарау нәтижесі туралы хабарламаны береді – 15 (он бес) минут.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:
1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1 шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (іс-қимылдары);
3- процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға субсидияны алуға арналған өтінімнің қаралғандығы туралы хабарлама береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия алуға берілетін өтінімді;
3) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі;
4) қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөлігіндегі есептемелері қоса берілген жаңартылған өтеу кестесінің жобасы;
5) кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді- көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын растайтын құжат;
6) қарыз алушының субсидиялау бағдарламасына қатысуы туралы қызмет көрсетуші банктің келісім хаты (қарыз алушы өтініш берген кезде).
Барлық қажетті құжаттар тапсырылғанда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |