Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 6641 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев