"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 08/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 4656 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15744 болып тіркелген), Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса берілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы "27" ақпандағы
№ 08/02 қаулысымен
бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) берушісі Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы болып табылады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тегін тамақтандыруды ұсыну немесе бас тарту туралы еркін нысандағы шешім.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15744 болып тіркелген) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша көрсету рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір әрекеттің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1-әрекет - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минуттің ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      2- әрекет - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны анықтайды;

      3-әрекет - жауапты орындаушы 7 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      4- әрекет - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды;

      5- әрекет - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минуттің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

      6. Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жіберу осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. Жауапты орындаушыны анықтау осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-әрекет бойынша нәтиже болып табылады, бұл осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-әрекеттің орындалуына негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-әрекет бойынша нәтиже болып табылады, бұл 4-әрекеттің орындалуына негіз болып табылады. Түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдау осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-әрекет бойынша нәтиже болып табылады, бұл осы Регменттің 5 тармағында көрсетілген 5-әрекеттің орындалуына негіз болып табылады. Кеңсенің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-әрекет бойынша нәтиже болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесін:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті рәсімнің (іс-қимылдың) сипаты:

      1) қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау (кеңсе қызметкері) – он бес минуттің ішінде;

      2) жауапты орындаушыны анықтау (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) – бір жұмыс күні ішінде;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеу (көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы) - жеті жұмыс күні ішінде;

      4) түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдау (көрсетілетін қызметті берушінің басшысына) бір жұмыс күні ішінде;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (кеңсе қызметкері) – он бес минуттің ішінде.

      9. Іс-қимылдардың сипаты осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

  "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен
білім алушылардың жекелеген санаттағы
азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық
(қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына
тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет
регламентіне қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетілуінің бизнес-процестерінің анықтамасы