Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы №26-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 3849 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 509 бабының 5-тармағына, 704 бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салағының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      3. "Пайдалынылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі №45-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2792 болып тіркелген 2015 жылғы 7 қазандағы аудандық "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) және "Пайдалынылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі №45-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы №2-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3116 болып тіркелген 2016 жылғы 25 маусымдағы "Шұғыла-Радуга" аудандық газетінде жарияланған) жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және әділет органдарында мемлекеттік тіркеу Жамбыл аудандық мәслихатының "Әкімшілік-аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық Жамбыл аудандық
      мәслихат сессиясының мәслихат хатшысының
      төрағасы міндетін атқарушы
      Д. Жузанов Т. Әбдібеков