"Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 122 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 3900 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "19" маусымдағы
№ 122 қаулысымен бекітілген

"Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығымен бекітілген "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16693 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны - қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктегі шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін беру туралы хабарлама немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс – қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және қабылдайды;

      құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау мәселелері бойынша облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысы өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күн бұрын облыс бойынша жиынтық акт қалыптастырады және оны Комиссияның қарауына жібереді;

      3) Комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      оң шешім қабылданған жағдайда, хаттама жобасы және оң шешім қабылданған тауар өндірушілердің тізбесі жасалады;

      теріс шешім қабылданған жағдайда, хаттама жобасы және теріс шешім қабылданған тауар өндірушілердің тізбесі жасалады;

      4) Комиссия мүшелері 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды;

      5) Комиссия отырысының хаттамасына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      өтінімді қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып хабарламаға қол қояды және оны көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызмет алушыға жолдайды;

      көрсетілетін қызметті алушының банктегі шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем шоттарының тізілімін бекітеді оларды көрсетілетін қызмет берушінің есеп бөліміне жолдайды;

      6) көрсетілетін қызмет берушінің есеп бөлімі 5 (бес) сағат ішінде көрсетілетін қызмет алушының банктік шотына субсидияны аудару үшін төлем шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жолдайды.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) өтінімді қабылдау және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;

      2) облыс бойынша жиынтық акт қалыптастыру және Комиссияның қарауына жіберу;

      3) Комиссиямен өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеру

      4) хаттамаға қол қою;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып хабарлама жолдау;

      6) көрсетілетін қызметті алушының шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін қазынашылықтың аймақтық бөлімшесіне төлем құжаттарын жолдау.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимылының тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) Комиссия;

      3) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;

      4) көрсетілетін қызмет берушінің есеп бөлімі.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір құрылымдық бөлімдер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және қабылдайды;

      құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау мәселелері бойынша комиссия отырысы өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күн бұрын облыс бойынша жиынтық акт қалыптастырады және оны Комиссияның қарауына жібереді;

      3) Комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      оң шешім қабылданған жағдайда, хаттама жобасы және оң шешім қабылданған тауар өндірушілердің тізбесі жасалады;

      теріс шешім қабылданған жағдайда, хаттама жобасы және теріс шешім қабылданған тауар өндірушілердің тізбесі жасалады;

      4) Комиссия мүшелері 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды;

      5) Комиссия отырысының хаттамасына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      өтінімді қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып хабарламаға қол қояды және оны көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызмет алушыға жолдайды;

      көрсетілетін қызметті алушының банктегі шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем шоттарының тізілімін бекітеді оларды көрсетілетін қызмет берушінің есеп бөліміне жолдайды;

      6) көрсетілетін қызмет берушінің есеп бөлімі 5 (бес) сағат ішінде көрсетілетін қызмет алушының банктік шотына субсидияны аудару үшін төлем шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жолдайды.

4. Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын сипаттау:

      Мемлекеттік корпорацияның операторы:

      стандарттың 1 қосымшасына сәйкес субсидия алуға өтінімді 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды;

      көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      өтінімді 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

      көрсетілетін қызметті беруші өтінім түскен соң субсидия алуға өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабарламаны мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда (немесе оның өкілінің нотариалды расталған сенімхатымен), қолхат негізінде оның жауапты орындаушысы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің(іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамасы Жамбыл облысы әкімдігінің және көрсетілетін қызметті берушінің (http://zhambyl.gov.kz, http://ush.zhambyl.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.

  "Акваөсіру (балық өсіру)
өнімділігі мен өнім сапасын
арттыруды субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


  Акваөсіру (балық өсіру)
өнімділігі мен өнім сапасын
арттыруды субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер