РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Мұсаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы "25" қаңтар № 13 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қаржы институтына/қаржы агенттігіне субсидияларды аудару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15537 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (бұдан әрі – Стандарт) стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (не оның сенімхат бойынша өкілі) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беруі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
қаржы агентінің қатысуынсыз:
1) Басқарманың кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тіркейді 15 (он бес) минут ішінде;
2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша операторлық қызметті жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі – оператор) береді – 1 сағат;
4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;
5) Комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;
6) оператор:
Комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;
хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін Басқармаға береді – 1 жұмыс күні;
7) Басқарманың жауапты орындаушысы Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді, теріс шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы қайта құрылымдалған немесе қайта қаржыландырылған кредиттік немесе лизингтік шарт өзгеріссіз қалады – 4 жұмыс күні;
8) оператор қаржы институтымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;
9) Басқарма басшысы оператор мен қаржы институты қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді Басқармаға жолдайды – 1 жұмыс күні;
11) Басқарманың жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні.
қаржы агентінің қатысуымен:
1) Басқарманың кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және хатты тіркейді – 15 минут;
2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы хатты қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді – 1 сағат;
4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін комиссия отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;
5) Комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;
6) оператор:
Комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;
хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы агентіне және қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін Басқармаға береді – 1 жұмыс күні;
7) Басқарманың жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған және қаржы агентінің келісім хаты болған жағдайда қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына (бұдан әрі – қаржы агентін субсидиялау шарты) тиісті өзгерістер енгізеді, қаржы агентінің келісім хаты болмаған жағдайда, қаржы агентін субсидиялау шартын бұзады және қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасайды – 10 жұмыс күні;
8) оператор қаржы агентімен жасалған қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы институттарымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;
9) Басқарма басшысы оператор және қаржы агенті немесе қаржы институттары жоғарыда көрсетілген шарттарға қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 2 жұмыс күні;
10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді Басқармаға жолдайды – 1 жұмыс күні;
11) Басқарманың жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні.
6. Төмендегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
қаржы агентінің қатысуынсыз:
1) құжаттарды қабылдау және өтінімдерді тіркеу;
2) жауапты орындаушыны белгілеу;
3) операторға құжаттарды беру;
4) есеп-қисаптың дұрыстығын тексеру, қорытынды, құжаттарды жолдау;
5) құжаттарды қарау;
6) хаттамаға қол қою;
7) хаттамадан үзіндіні жолдау;
8) қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына өзгерістер енгізу немесе оны өзгеріссіз қалдыру;
9) қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына оператордың және қаржы институтының қолдарын қою;
10) қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына Басқарма басшысының қолын қою;
11) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді жолдау;
12) төлем шотын жолдау;
қаржы агентінің қатысуымен:
1) құжаттарды қабылдау және хатты тіркеу;
2) жауапты орындаушыны белгілеу;
3) операторға құжаттарды беру;
4) есеп-қисаптың дұрыстығын тексеру, қорытынды, құжаттарды жолдау;
5) құжаттарды қарау;
6) хаттамаға қол қою;
7) хаттамадан үзіндіні жолдау;
8) қаржы агентінің субсидиялау шартына өзгерістер енгізу немесе қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасау;
9) қаржы агентінің субсидиялау шартына оператордың және қаржы агентінің немесе қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына оператордың және қаржы институттарының қолдарын қою;
10) қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына Басқарма басшысының қолын қою;
11) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді жолдау;
12) төлем шотын жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
қаржы агентінің қатысуынсыз және қаржы агентінің қатысуымен:
1) Басқарманың кеңсе маманы;
2) Басқарма басшысы;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы;
4) оператор;
5) Комиссия.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттау:
қаржы агентінің қатысуынсыз:
1) Басқарманың кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және берілген өтінімді тіркейді – 15 минут;
2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді – 1 сағат;
4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;
5) Комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;
6) оператор:
Комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;
хаттамаға қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін Басқармаға береді – 1 жұмыс күні;
7) Басқарманың жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді, теріс шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы қайта құрылымдалған немесе қайта қаржыландырылған кредиттік немесе лизингтік шарт өзгеріссіз қалады – 4 жұмыс күні;
8) оператор қаржы институтымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;
9) Басқарма басшысы оператор мен қаржы институты қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді Басқармаға жолдайды – 1 жұмыс күні;
11) Басқарманың жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні.
қаржы агентінің қатысуымен:
1) Басқарманың кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және хатты тіркейді – 15 минут;
2) Басқарма басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;
3) Басқарманың жауапты орындаушысы хатты қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді – 1 сағат;
4) оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін Комиссия отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;
5) Комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;
6) оператор:
Комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;
хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы агентіне және қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін Басқармаға береді – 1 жұмыс күні;
7) Басқарманың жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған және қаржы агентінің келісім хаты болған жағдайда қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына (бұдан әрі – қаржы агентін субсидиялау шарты) тиісті өзгерістер енгізеді, қаржы агентінің келісім хаты болмаған жағдайда, қаржы агентін субсидиялау шартын бұзады және қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасайды – 10 жұмыс күні;
8) оператор қаржы агентімен жасалған қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы институттарымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;
9) Басқарма басшысы оператор және қаржы агенті немесе қаржы институттары жоғарыда көрсетілген шарттарға қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 2 жұмыс күні;
10) оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді Басқармаға жолдайды – 1 жұмыс күні;
11) Басқарманың жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу ұзақтығы:
1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (әрекеттері);
3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімнің ішінде көрсетілетін қызметті алушы комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын беру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мыналарды қамтитын құжаттар топтамасымен бірге өтінімді бір данада Мемлекеттік корпорацияға ұсынады:
қаржыландыру талабының өзгеруі жөніндегі қабылданған шешімнің көшірмесі;
негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесі.
Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, осының негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігінің, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 1-ші, 2-ші қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік қызметін қаржы агентінің қатысуынсыз көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік қызметін қаржы агентінің қатысуымен көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы