Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚAБЫЛДAДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 20.12.2018 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы Б. Д. Сейлханов
мәслихатының сессия төрағасы Б. Д. Сейлханов
Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы Е. Б. Таңсықбаев
мәслихатының хатшысы Е. Б. Таңсықбаев
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 20.12.2018 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Aз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-1. Aз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Aзаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Ескерту. 3-1 тармақ жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 3-2 тармақ жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21500 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
10. Aз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:
1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы, бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға - 40 киловатт;
2 адамға - 60 киловатт;
3 адамға - 80 киловатт;
4 және одан да көп адамға - 100 киловатт;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға - 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
4) от жағу маусымына қатты отынды (көмірді) пайдалану нормалары:
3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
4 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
5) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға - 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
6) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
7) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;
8) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.