Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № А-7/276 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 6726 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын мемлекет төлейтін жеке тұлғалар туралы деректерді өзектендіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ А-7/276 қаулысымен
бекітілген

"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск калаларының білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы нысан бойынша шешім немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

      ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады – 3 күнтізбелік күн;

      баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексереді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды – 9 күнтізбелік күн;

      баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының (бұдан әрі - қорытынды) жобасын дайындайды – 1 күнтізбелік күн;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қорытындыға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 сағат;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 20 минут;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы, қорытындының және құжаттарды тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда:

      оң қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне енгізеді – 4 күнтізбелік күн;

      шарттың және баланы қабылдайтын отбасыны құру туралы бұйрықтың жобасын дайындайды – 3 күнтізбелік күн;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы баланы қабылдайтын отбасыны құру туралы бұйрыққа қол қояды және шарт жасасады – 2 күнтізбелік күн;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шешімнің жобасын дайындайды – 3 күнтізбелік күн;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды – 1 сағат;

      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға шартты және шешімді береді – 20 минут.

      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны анықтау;

      3) құжаттарды тексеру;

      4) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы;

      5) қорытындының жобасы;

      6) қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      7) қорытындыны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;

      8) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіндегі мәліметтер;

      9) шарттың және баланы қабылдайтын отбасыны құру туралы бұйрығының жобасы;

      10) баланы қабылдайтын отбасыны құру туралы бұйрық;

      11) шешімнің жобасы;

      12) шешім;

      13) шартты және шешімді беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

      ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады – 3 күнтізбелік күн;

      баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексереді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды – 9 күнтізбелік күн;

      қорытындының жобасын дайындайды – 1 күнтізбелік күн;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қорытындыға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 сағат;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 20 минут;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы, қорытындының және құжаттарды тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда:

      оң қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне енгізеді – 4 күнтізбелік күн;

      шарттың және баланы қабылдайтын отбасыны құру туралы бұйрықтың жобасын дайындайды – 3 күнтізбелік күн;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы баланы қабылдайтын отбасыны құру туралы бұйрыққа қол қояды және шарт жасасады – 2 күнтізбелік күн;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шешімнің жобасын дайындайды – 3 күнтізбелік күн;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды – 1 сағат;

      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға шартты және шешімді береді – 20 минут.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ресімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


  "Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және оларды
асырауға ақшалай қаражат
төлеуді тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





  Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ А-7/276 қаулысымен
бекітілген

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын мемлекет төлейтін жеке тұлғалар туралы деректерді өзектендіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын мемлекет төлейтін жеке тұлғалар туралы деректерді өзектендіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен, Ақмола облысының білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын мемлекет төлейтін жеке тұлғалар туралы деректерді өзектендіру" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16314 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысанда хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және хабарламаның немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды – 3 сағат;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 сағат;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы оқымайтын немесе оқуын аяқтамаған білім беру ұйымына (көрсетілетін қызмет берушіге) хабарласқан жағдайда:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және көрсетілетін қызметті алушы оқитын немесе оқуын аяқтаған білім беру ұйымына (бұдан әрі – білім беру ұйымы) құжаттарды жолдайды – 2 жұмыс күні;

      4) білім беру ұйымы:

      құжаттарды қарайды, хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 4 сағат;

      хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды – 2 жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.

      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны анықтау;

      3) хабарламаның немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы;

      4) хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      5) хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.

      Көрсетілетін қызметті алушы оқымайтын немесе оқуын аяқтамаған білім беру ұйымына (көрсетілетін қызмет берушіге) хабарласқан жағдайда:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны анықтау;

      3) құжаттарды жолдау;

      4) хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      5) хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау;

      6) хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;

      4) білім беру ұйымы.

      8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және хабарламаның немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды – 3 сағат;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 сағат;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы оқымайтын немесе оқуын аяқтамаған білім беру ұйымына (көрсетілетін қызмет берушіге) хабарласқан жағдайда:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және білім беру ұйымына құжаттарды жолдайды – 2 жұмыс күні;

      4) білім беру ұйымы:

      құжаттарды қарайды, хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 4 сағат;

      хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды – 2 жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ресімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
жарналарын мемлекет төлейтін
жеке тұлғалар туралы деректерді
өзектендіру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын мемлекет төлейтін жеке тұлғалар туралы деректерді өзектендіру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



      Көрсетілетін қызметті алушы оқымайтын немесе оқуын аяқтамаған білім беру ұйымына (көрсетілетін қызмет берушіге) хабарласқан жағдайда