Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу, төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 267 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18123 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 267 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулық";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Нұсқаулық "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерін инвестициялауды жүзеге асыруды нақтылайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор активтерін инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына тапсырған кезде инвестициялық портфельді басқарушы Қордың активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды Қор активтерінің шегінде және инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шарттың негізінде, осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Егер қандай да бір жағдайлардың нәтижесінде Қор активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Қор осындай сәйкессіздікті күшейтетін активтерді орналастыруды дереу тоқтатады және бір күннің ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы сәйкессіздік фактісі және себептері туралы хабарлайды, сондай-ақ екі жұмыс күні ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады және анықталған бұзушылықты іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жояды.";

      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:

      "21. Қор активтерін құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдарына инвестициялау жүзеге асырылмайды.".

      2. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдары брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын мәміленің нысанасы болып табылмайды.".

      3. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:

      "33-1. Құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдары инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асыратын мәміленің нысанасы болып табылмайды және олардың басқаруына қабылданбайды.".

      4. "Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелi – банк қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың тарапынан қасақана бүлдіргіш ықпал етуі салдарынан туындаған банктің ақпараттық активтері тұтастығының, құпиялылығының және қол жетімділігінің бұзылуы салдарынан зиян туындау ықтималдығы;

      2) ақпараттық технологиялар тәуекелi – банктің ақпараттық технологияларды әзірлеу мен пайдалануға байланысты процестерді қанағаттанарлықсыз құру салдарынан зиян туындау ықтималдығы;

      3) ауыртпалық түспеген активтер – банктің өтімділіктегі мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында қажет болған кезде пайдалану үшін құқықтық, реттеуіш немесе техникалық кедергілері (шектеулері) жоқ банк активтері;

      4) баға тәуекелi – қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнындағы жағымсыз өзгерістер салдарынан қаржылай залалдардың туындау ықтималдығы;

      5) бақылау функциялары – банктің құрылымдық бөлімшелері тәуелсіз тексерулерді және ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқару, ақпараттық қауіпсіздік, бухгалтерлік есеп пен есептілік дәйектілігі жүйелерінің тиімділігіне бағалауды жүргізу бойынша жүзеге асыратын функциялар және банктің ішкі құжаттарына сәйкес бірқатар басқа да бақылау функциялары;

      6) беделді жоғалту тәуекелi – қоғамда банктің қаржылық сенімділігі, көрсетілетін қызметтердің сапасы немесе жалпы банк қызметінің сипаты туралы жағымсыз пікір қалыптасуы салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде залалдардың туындау, жоспарланған кірістердің алынбау ықтималдығы;

      7) бэк-тестинг – банк операциялары бойынша тарихи деректердi пайдалана отырып және есептеу нәтижелерiн көрсетiлген операцияларды жасаудан болған нақты нәтижелермен салыстыра отырып тәуекелдердi өлшеу рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiсi;

      8) валюта тәуекелi – банк өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының жағымсыз өзгерiстері салдарынан қаржылай шығындардың туындау ықтималдығы;

      9) ГЭП-талдау – пайыздық мөлшерлемелердің өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыруға негiзделген, банк пайыздық тәуекелдi және өтiмдiлiк тәуекелiн өлшейтін әдiс;

      10) заңдық тәуекел – мыналардың: банктің Қазақстан Республикасы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда – басқа мемлекеттердің қолданылатын заңнамасының талаптарын сақтамауы; банктің жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы; қызметін жүзеге асыру кезінде құқықтық қателер жіберу (дұрыс емес заңдық консультациялар немесе сот органдарында даулы мәселелерді қарау кезінде құжаттарды дұрыс жасамау); жетілмеген құқықтық жүйе (заңнама қайшылығы, банк қызметінің барысында туындайтын жекелеген мәселелерді реттеу бойынша құқықтық нормалардың болмауы); қарсы агенттердің нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, сондай-ақ жасалған шарттардың талаптарын бұзуы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;

      11) комплаенс-тәуекел – банктiң және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінің, банктiң қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің iшкi құжаттарының, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын орындамау салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;

      12) кредиттік тәуекел – қарыз алушының немесе қарсы агенттің жазылған талаптарға сәйкес өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан туындайтын залалдардың туындау ықтималдығы;

      13) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган (бұдан әрі – ҚМК);

      14) мүдделер қақтығысы – банктің лауазымды тұлғаларының және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүдделілігі мен олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің мүліктік және өзге де мүдделері арасында банк және (немесе) оның клиенттері үшін жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін қарама-қайшылық туындайтын жағдай;

      15) нарықтық тәуекел – нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының жағымсыз өзгерістерімен негізделген баланстық және баланстан тыс баптар бойынша қаржылай залалдардың туындау ықтималдығы;

      16) операциялық тәуекел – барабар емес немесе жеткіліксіз ішкі процестер, адам ресурстары және жүйелері немесе сыртқы оқиғалар нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы, оның ішінде заңдық тәуекелді (стратегиялық және беделді жоғалту тәуекелiн қоспағанда) және мынадай тәуекелдерді қоса алғанда:

      жауапкершілікті бөлуді, есеп беру мен басқарудың құрылымын қоса алғанда, банктің белгісіз, барабар емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекел;

      ақпарат технологиясы саласындағы барабар емес стратегиялардан, саясаттардан және (немесе) стандарттардан, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерден туындайтын тәуекел;

      барабар емес ақпаратқа не оны тиісті пайдаланбауға байланысты тәуекел;

      қызметкерді тиісті түрде басқармауға және (немесе) банктің біліксіз қызметкерлеріне байланысты тәуекел;

      бизнес-процестің барабар емес құрылуына не ішкі құжаттар мен ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекел;

      банк операциясына сыртқы ықпал етудің көзделмеген немесе бақыланбайтын факторларына байланысты туындаған тәуекел;

      банктің ішкі құжаттарының заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тәуекел;

      банк қызметкерлерінің банк қызметіне жағымсыз әсер етуі мүмкін іс-әрекеттеріне, алаяқтыққа байланысты тәуекел;

      жағымсыз іскерлік беделі бар тұлғаларға банктік қызмет көрсетуден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты операцияларды қоса алғанда, банктің қызметіне теріс әсер етуі мүмкін операцияларды, оның ішінде төлемдер және ақша аударымдарын жүргізуден туындаған тәуекел;

      17) өтiмдiлiк тәуекелi – банктің өз міндеттемелерін елеулі шығындарсыз белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;

      18) пайыздық тәуекел – активтер, пассивтер мен баланстан тыс құралдар бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің жағымсыз өзгерістері салдарынан қаржылай залалдардың туындау ықтималдығы;

      19) салыстырмалы талдау – тәуекелдерді бағалаудың түрлі құралдарын қолдану нәтижелерін салыстыру, бұл олардың тиімділігін бағалауға және банктің өзінің тәуекелге ұшырау деңгейі туралы толық түсінік алуына мүмкіндік береді;

      20) саясат – банктің тиімді жұмыс істеуін және оның қызметінің стратегияға және тәуекелдің жол берілетін деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ететін қажетті критерийлерді, өлшемдерді, тәсілдерді, қағидаттарды, стандарттарды, рәсімдер мен механизмдерді айқындайтын саясатты және (немесе) өзге де ішкі құжаттарды қамтитын ішкі құжаттар жиынтығы;

      21) стратегиялық тәуекел – банктің қызметі мен дамуының стратегиясын (стратегиялық басқару) айқындайтын және банктің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіптерді есепке алмаумен немесе жеткілікті түрде есепке алмаумен көрінетін шешімдерді қабылдау, банк бәсекелестер алдында басымдыққа жетуі мүмкін қызметтің перспективалық бағыттарын дұрыс емес немесе жеткіліксіз түрде негізді айқындау, банк қызметінің мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуге тиіс қажетті ресурстар (қаржылай, материалды-техникалық, адам) мен ұйымдастыру шараларының (басқару шешімдерін) болмау немесе толық көлемде қамтамасыз етілмеу кезінде жіберілген қателер (кемшіліктер) нәтижесінде залалдардың туындау, жоспарланған кірістердің алынбау ықтималдығы;

      22) стресс-тестілеу – ерекше, бiрақ ықтимал оқиғалардың банктiң қаржылық жағдайына әлеуетті әсерін бағалау әдiсі;

      23) сценарлық талдау – құрылымдық бөлімшелер тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірлесе отырып жүзеге асыратын, тәуекелдің әлеуетті оқиғаларын анықтауға және олар басталған жағдайда олардың банк қызметіне әлеуетті әсерін бағалауға мүмкіндік беретін процесс;

      24) тәуекел – күтілетін немесе кездейсоқ оқиғалар банкке, оның капиталына немесе кірістеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін ықтималдық;

      25) тәуекелдерді өзіндік бағалау – банк ол арқылы банктің процестеріне тән тәуекелдерді анықтайтын және бағалайтын, анықталған тәуекелдерді бақылаудың тиімділігін бағалайтын және қалдық тәуекелдің деңгейін айқындайтын құрал;

      26) тәуекелдер картасы – әлсіз жақтарын анықтау және тәуекелдерді басқару жөніндегі одан кейінгі іс-әрекеттерді басымдылығы бойынша саралау үшін әр түрлі бизнес-процестерге және (немесе) банктің құрылымдық бөлімшелеріне тән тәуекелдердің түрі мен деңгейінің сипаттамасы;

      27) тәуекелдің жол берілетін деңгейі – банк қызмет түрлерінің стратегиясына, сипатына, ауқымына және күрделілігіне, сондай-ақ қаржылық жағдайына қарай өзінің қаржылық сенімділігін және ұзақ мерзімді жұмысын қамтамасыз етуге өзі үшін жол берілетін (қолайлы, қауіпсіз) ретінде айқындайтын тәуекел деңгейі (шамасы);

      28) тәуекелдің негізгі индикаторлары – банктің тәуекелге ұшырау дәрежесін сипаттайтын және олардың негізінде банктің тәуекелдің күрделі деңгейіне жақындау дәрежесі анықталатын және тәуекелді азайту бойынша шаралар қабылданатын сандық көрсеткіштер;

      29) тәуекел-профиль – тәуекел көрсеткіштерінің және банктің әр түрлі тәуекелдер түрлеріне ұшырау дәрежесін сипаттайтын өзге де мәліметтердің жиынтығы;

      30) уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – УАО) – директорлар кеңесі жанындағы комитет, басқарма, басқарма жанындағы комитет, Қағидалардың талаптарына сәйкес банктің директорлар кеңесінің міндеттерін орындауға жәрдем көрсетуге жауапты, өз қызметін банктің директорлар кеңесі бекіткен ереже немесе банктің өзге де ішкі құжат негізінде жүзеге асыратын уәкілетті адамдар тобы;

      31) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      32) ұйымдастыру құрылымы – банктің басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелерінің сандық құрамы мен жүйесін белгілейтін, олардың өз арасында бағыну, есеп беру құрылымын және өзара іс-әрекет жасау тәртібін схемалық түрде көрсететін ішкі құжат және (немесе) ішкі құжаттар жиынтығы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ішкі бақылау жүйесі банк мыналарды:

      банктік тәуекелдерді, активтер мен пассивтерді басқарудың тиімділігін, активтердің сақталуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

      ішкі және сыртқы пайдаланушылар, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік үшін қаржылық, реттеуіш және басқа да есептіліктің толық, дәйекті және уақтылы болуын қамтамасыз ету;

      банктің заңнамалық және реттеуіш талаптарды, банктің ішкі құжаттарының талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      банкті және оның қызметкерлерін құқыққа қайшы қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде алаяқтық, қателіктер, дәлсіздіктер жасауға, алдауға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға тартуға, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты операцияларды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға жол бермеу үшін қабылдаған ұйымдастыру, саясат, рәсімдер мен әдістер жүйесін білдіреді.";

      1-қосымша Қаржы нарығын реттеу, төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:

      2-қосымшада:

      4.1.4-тармақтың Талап деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк мыналардан құралатын, бірақ олармен шектелмейтін кредиттік мониторинг тәртібі және рәсімдеріне сәйкес кредиттік мониторингті жүзеге асырады:

      1) кредиттік тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау тәртібі мен рәсімдері;

      2) провизиялардың (резервтердің) негізді және барабар есебін қамтамасыз ететін уәкілетті органның және халықаралық қаржылық есептілік стандартының (бұдан әрі – ХҚЕС) талаптарын ескере отырып, кредиттер бойынша құнсыздану белгісі бар провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесі;

      3) кредиттерді жіктеу тәртібі және рәсімдері;

      4) кредиттер сапасын нақты бағалауды, негізделген жіктеуді және провизияларды қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық факторлар негізінде қарыз алушылардың/қарсы агенттердің, эмитенттердің рейтингтерін тұрақты қайта қарау.";

      9.1.1-тармақтың Талап деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк операциялық тәуекелдерді басқару саясатын әзірлейді, олар мынадай компоненттерден тұрады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) операциялық тәуекелдерді басқару мақсаты мен міндеттерінен;

      2) операциялық тәуекелдерді басқарудың негізгі қағидаттарынан;

      3) операциялық тәуекел оқиғаларының түрлерін жіктеу және операциялық тәуекелдердің негізгі түрлерінен;

      4) банктің операциялық тәуекелінің шекті деңгейінен;

      5) үш қорғаныш желісінің негізінде операциялық тәуекелдерді басқару процесінің қатысушыларын, олардың өкілеттігін, есеп берудің құрылымын нақты анықтаумен жауапкершілігін анықтаудан;

      6) операциялық тәуекелді анықтау өлшеу, мониторингі мен бақылау тәртібі мен рәсімдерін анықтаудан, оның ішінде:

      а) операциялық тәуекелдің негізгі индикаторларын анықтаудан;

      б) операциялық тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тетіктерін анықтаудан;

      7) ақпарат ұсыну түрлерін, нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, үш қорғаныш желісі бойынша операциялық тәуекелдерді басқару процесінің қатысушылары арасында ақпарат алмасу тәртібінен;

      8) саясаттан, рәсімдерден, лимиттерден ауытқуларды мақұлдау, бекіту, талдауды және мониторинг жүргізу рәсімдерінен;

      9) жаңа өнімдерді, қызмет түрлерін, процестер мен жүйелерді мақұлдау және (немесе) қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелеріне маңызды өзгерістер енгізу тәртібі мен рәсімдерінен;

      10) операциялық тәуекелдерді басқаруында кемшіліктер анықталған және (немесе) банктің операциялық тәуекелдің ұшырағыштығының деңгейіне әсер ететін талаптар туындаған жағдайда ішкі құжаттарға және рәсімдерге өзгерістер енгізу бойынша талаптардан;

      11) клиенттерді қабылдау және қызмет көрсету бағдарламасы (customer acceptance policy). Банк клиентті қызмет көрсету үшін қабылдау туралы шешім қабылдау рәсімдерін әзірлеу және іске асыру кезінде тәуекелдің тән факторларын ескереді;

      12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен операцияларды қоса алғанда, тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуден бас тарту, сондай-ақ клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды бұзу рәсімдері мен тәртібі тәуекелге тән факторларды ескере отырып әзірленеді.";

      13.1-тармақтың Талап деген бағанының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) банктік қызметтерді көрсетуден, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты операцияларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімдер қабылдау тәртібі және рәсімдері;".

      5. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемесінде:

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:

      "45-1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты тәуекелдерді сақтандыру жүзеге асырылмайды.".

      6. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізуде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналысқа Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының тізіміне енгізілген (тізімде айналыста болуға рұқсат берілген) бағалы қағаздарға рұқсат беріледі.

      Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналысқа құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалардың құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдарына рұқсат берілмейді.".

  Қаржы нарығын реттеу,
төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Екінші деңгейдегі банктерге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысан

      ____________________________________________________________________

      20__жылғы "___" _______________ _____________________________________

      100 000 (бір жүз мың) теңге және одан асатын мөлшерде шығындар келтірген операциялық тәуекел оқиғаларына мониторинг жүргізу туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "___" _______________ жағдай бойынша

      Индекс: 1-RISK

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк)

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-нан кешіктірмей

  Нысан

р/с №

Шығынға ұшыратуға әкелген операциялық тәуекел оқиғасының сипаты (шығындардың себептері)

Операциялық тәуекел оқиғаларын іске асыру салдарының нысаны және мөлшері (теңгемен) 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша салынған және өндіріп алынған айыппұлдар

сот шығасылары, соттың шешімі бойынша өндіріп алулар

банк қызметкерлеріне соттан тыс өтемақылар 

банк клиенттеріне соттан тыс өтемақылар 

Банктің материалдық активтерін мерзімінен бұрын есептен шығару 

операциялық тәуекелді іске асыру салдарын жоюға кеткен шығындар 

резервтермен орны толтырылмаған өзге шығындар

банк активтерінің құнын төмендету

өзгелері (қандай екенін көрсетіңіз) 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2











3











4











5





















      Банктің операциялық тәуекелін басқару бөлімшесінің басшысы ___________________________________ _________ ________

                                                                        (тегі, аты, болса – әкесінің аты)       (қолы)            (күні)

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген

  100 000 (жүз мың) теңге
және одан асатын мөлшерде
шығындар келтірген
операциялық
тәуекел оқиғаларына
мониторинг жүргізу
туралы есепке
қосымша

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме 100 000 (бір жүз мың) теңге және одан асатын мөлшерде шығындар келтірген операциялық тәуекел оқиғаларына мониторинг жүргізу туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинақтауға арналған "100 000 (бір жүз мың) теңге және одан асатын мөлшерде шығындар келтірген операциялық тәуекел оқиғаларына мониторинг жүргізу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.

      2. Нысан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды банк тоқсан сайын жасайды.

      4. Нысанға банктің операциялық тәуекелін басқару бөлімшесінің басшысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. 2-бағанда шығынға ұшыратуға әкелген операциялық тәуекел оқиғасының сипаты (шығындардың себептері) көрсетіледі.

      6. 3-бағанда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша салынған және өндіріп алынған айыппұлдар көрсетіледі.

      7. 4-бағанда сот шығасылары, соттың шешімі бойынша өндіріп алулар көрсетіледі.

      8. 5-бағанда банк қызметкерлеріне соттан тыс өтемақылар көрсетіледі.

      9. 6-бағанда банк клиенттеріне соттан тыс өтемақылар көрсетіледі.

      10. 7-бағанда банктің материалдық активтерін мерзімінен бұрын есептен шығару көрсетіледі.

      11. 8-бағанда операциялық тәуекелді іске асыру салдарын жоюға кеткен шығындар көрсетіледі.

      12. 9-бағанда резервтермен орны толтырылмаған өзге шығындар көрсетіледі.

      13. 10-бағанда банк активтерінің құнын төмендету көрсетіледі.

      14. 11-бағанда өзге де мәліметтер көрсетіледі.