РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
2018 жылғы "____"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2018 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы "____"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2018 жылғы "____"__________
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің | |
2018 жылғы 28 желтоқсандағы | |
№ 946 бұйрығымен | |
бекітілді |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сертификат алу үшін сертификаттаудың жалпы мерзімі сертификаттау жүргізуге өтінім келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және бес жұмыс күні мерзімінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша әуежайға авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға өтінім бойынша шешім қабылдайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттарды алдын ала бағалау барысында сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, өтінім себептері көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген мерзімде қайтаруға жатады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Сертификаттық зерттеп-қарау мерзiмi сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.";
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты ресімдеу және беру мерзімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарау аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
23. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты беруден бас тарту үшін негіз:
1) өтініш беруші сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылатын деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11588 болып тіркелген) бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат қайтарып алынған жағдайда, оны беру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау қайтадан жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.";
6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-Параграф. Сертификатты қайта ресімдеу";
30 және 31-тармақтар алып тасталсын;
2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымшадағы реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
21 | Багажды, жүкті, поштаны және борттағы қосалқы заттарды жете тексеру байланыс құралдарымен, дабыл сигналымен, авариялық жарықпен және электрмен жабдықтаумен, стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен, рентгендік-телевизиялық қондырғылармен, сондай-ақ ақпарат күнтізбелік отыз күн сақталатын бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі. |
". |
2. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 171 (29152) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттар қоса берілген өтініш-хатты қабылдау www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
ЭМК беруді азаматттық әуе кемелерді пайдаланатын заңды тұлғаларға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Пайдаланушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, уәкілетті орган хат-өтінімді қабылдаудан бас тартады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уәкілетті орган ұсынылған хат-өтінімді оның келіп түскен күнінен бастап 7 жұмыс күні қарастырады.".
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі
1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі – АҚҚ) жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат.
2. Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық – эпидемологиялық қорытынды.
3. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әуежайдың АҚҚ басшылық құрамы, мамандары, техникалық құралдары бойынша, өндірістік базасы бойынша деректер.
4. Өтініш берушінің АҚҚ туралы ережесі.
5. Өтініш берушінің аумағында ААҚ бақылайтын аймақтар (рұқсаты шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасы және жете тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасы (жоспары).
6. АҚҚ персоналын оқыту бағдарламалары.
7. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы.
8. Өтініш берушінің авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.