"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-б санатты Алматы – Шелек – Қорғас автомобиль жолының Алматы – Қорғас 25+800 километр (бұдан әрі – км) – 320 + 800 км (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;
2) баламалы жол: Өзбекстан Республикасы шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас, Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қырғызстан Республикасының шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен) республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуда;
3) ақылы жолдың (учаскесінің) бастапқы пункті – 25 + 800 км, ақылы жолдың (учаскесінің) соңғы пункті – 320 + 800 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,00 метр;
ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені – кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 295 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендер жоқ;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы "___" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2018 жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 903 бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Іле ауданы | |
28 км + 100 | Өтеген Батыр кенті |
31 км + 500 | Кіші Байсерке кенті |
Талғар ауданы | |
36 км + 500 | Төңкеріс кенті |
39 км + 000 | Алға кенті |
Еңбекшіқазақ ауданы | |
42 км + 300 | Қойшыбек кенті |
47 км + 000 | Ават (Космос) кенті |
55 км + 000 | Амангелді кенті |
56 км + 200 | Қайнар кенті |
62 км + 000 | Еңбек кенті |
65 км + 800 | Қырбалтабай (Ақбастау) кенті |
73 км + 500 | Балтабай (Күш) кенті |
74 км + 600 | Қайрат кенті |
77 км + 000 | Ақши кенті |
84 км + 500 | Байдібек би (Казатком) кенті |
99 км + 500 | Тескенсу кенті |
118 км + 500 | Лавар кенті |
124 км + 050 | Торғай кенті |
125 км + 600 | Қорам кенті |
27 км + 000 | Шелек кенті |
130 км + 300 | Қызылшорық кенті |
133 км + 000 | Қайрат кенті |
135 км + 500 | Байсеиіт кенті |
135 км + 500 | К.Ұлтарақов кенті |
153 км + 000 | Нұрлы кенті |
158 км + 000 | Борандасу кенті |
Ұйғыр ауданы | |
204 км + 000 | Іле кенті |
Панфилов ауданы | |
255 км + 000 | Айдарлы кенті |
261 км + 000 | Көктал кенті |
281 км + 000 | Үшарал кенті |
287 км + 000 | Жаркент қаласы |
315 км + 000 | Алтынкөл станциясы |
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің | |
2018 жылғы 24 желтоқсандағы | |
№ 903 бұйрығына | |
2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
І-б санатты Алматы – Шелек – Қорғас жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының Алматы – Қорғас 25 + 800 км – 320 + 800 км учаскесі:
теңге |
Р/с № | Аймақтар | жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және автопоездардың жук көтергіштігі 10-тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 10 тн-дан 15 тн-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар | ||
Жергілікті көлік | Алдынала төлем бойынша транзит | Қолма-қол ақшамен, төлегенде транзит | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. | Байсерке 25+800 – 38+200 км (12,4 км) | 20 | 20 | 40 | 70 | 120 | 180 | 250 | 300 |
2 | Балтабай 38+200 – 120+700 км (82,5 км) | 80 | 80 | 160 | 420 | 830 | 1230 | 1650 | 2060 |
3 | Шелек 120+700– 204+650 км (83,9 км) | 80 | 80 | 160 | 420 | 840 | 1250 | 1680 | 2090 |
4 | Ұйғыр 204+650 – 254+900 км (50,2 км) | 50 | 50 | 100 | 260 | 500 | 750 | 1000 | 1250 |
5 | Панфилов 254+900 – 320+800 км (66 км) | 70 | 70 | 140 | 330 | 660 | 990 | 1320 | 1650 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (295 км) | 300 | 300 | 600 | 1500 | 2950 | 4400 | 5900 | 7350 |
Ескертпе:
1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;
2) алдын-ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;
3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қамтылмаған;
5) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.