"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 898 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18058 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.08.2021 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркелу тiзiлiмiнде № 11015 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" деген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорациялар арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті көрсетілетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрігімен

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 898 бұйрығына
1-қосымша
  "Тұрғын үй көмегін
тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
  _________Астана, Алматы және
Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
тұрғын үй қатынастары
саласындағы функцияны жүзеге
асыратын жергілікті атқарушы
органдардың құрылымдық
бөлімшелерінің
атауы
  ____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азаматтан(ша)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

      Мен____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),

      _____________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмері, туған жылы) тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы)

      болып табыламын, жеке куәлік №_________, ____________________________ берген.

      Тұрғын үйді күтіп-ұстауға және тұтынылған тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін ___________________ мекенжайы бойынша тұратын ____ адам менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.

Өтініш берушінің отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (болған
кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі











      Өтінішке саны ____ дана қажетті құжаттарды қоса беремін.

      Жеке шотының №____________, банктің атауы ________________________.

      Күні: 20 _ жылғы "___" _________ Өтініш берушінің қолы _______

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 898 бұйрығына
2-қосымша
  "Мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үйге немесе
жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
Қазақстан Республикасының
азаматтарын есепке алу және
кезекке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
  _________, Астана, Алматы
және Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
тұрғын үй қатынастары
саласындағы функцияны жүзеге
асыратын жергілікті атқарушы
органдардың құрылымдық
бөлімшелерінің атауы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
кезде) мекенжайы бойынша
тұратын азаматтан(ша)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Мені отбасы құрамына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 1-тармағына сәйкес_____ санат бойынша ____ бөлмеге есепке қоюды сұраймын.

      Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша: ________________________ ______________________________

                        (күні, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 898 бұйрығына
3-қосымша
"Мемлекеттік кәсіпорынның не
мемлекеттік мекеменің тұрғын
үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарға тұрақты
пайдалануында коммуналдық
тұрғын үй қорынан берілген
тұрғын үйдің немесе жергілікті
атқарушы орган жеке тұрғын үй
қорынан жалдаған тұрғын үйдің
болуы (болмауы) туралы
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
  _________Астана, Алматы және
Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
тұрғын үй қатынастары
саласындағы функцияны жүзеге
асыратын жергілікті атқарушы
органдардың құрылымдық
бөлімшелерінің атауы
  ____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат(ша)__________________
(тегі, аты, әкесінің аты, болған
жағдайда)

Өтініш

      Маған, Сізден мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беруді сұраймын.

      Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Қосымша: ________________________ _____________________________

                        (күні, қолы)

  "Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 898 бұйрығына
4-қосымша
"Мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан берілетін тұрғын
үйлерді жекешелендiру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
  _________облыстардың,
Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті
атқарушы органының тұрғын үй
қатынастары саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесінің
атауы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
кезде)
____________________________
(мекенжайы бойынша тұратын
азамат)

Өтініш

      Мен ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)толығымен) (жеке басты куәландыратын құжаттың №, қашан және кіммен берілген) болуыма байланысты __________________________ мекенжайы бойынша өзім тұратың пәтерді өтеусіз жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын. Қосымша: __________________________ ___________ақпараттық жүйелерінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісім беремін 20 __ жылғы "_" _________ (қолы). (Келісімді барлық кәмелетке толған отбасы мүшесі білдіреді) Мен, ________________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туыстық дәрежесі, жеке басты куәландыратын құжаттың №, қашан және кіммен берілген) атына ____________ мекенжайы бойынша пәтерді ______________ өтеусіз (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) жекешелендіруге келісім беремін. _______ақпараттық жүйелерінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. 20 __ жылғы "_" _________ (қолы).

  "Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 898 бұйрығына
5-қосымша
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
берілетін тұрғын үйлерді
жекешелендiру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан
  _________облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы
органының тұрғын үй
қатынастары саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесінің
атауы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
кезде)
____________________________
(мекенжайы бойынша тұратын
азамат)

Өтініш

      ________ мекенжайы бойынша мен және менің отбасым тұратын пәтерді _____________қалған бағасы бойынша сатып алу арқылы (немесе тең сомада, бастапқы жарна ____ (кемінде 30%-дан) төлемді _____ мерзімге (он жылға дейін) бөліп төлеу) арқылы жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толық жазу) (жеке басты куәландыратын құжаттың №, қашан және кіммен берілген) Қосымша: _____________________ ________ақпараттық жүйелерінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін 20 __ жылғы "_" _________ (қолы). (Келісімді барлық кәмелетке толған отбасы мүшесі білдіреді) Мен, _________________________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туыстық дәрежесі, жеке басты куәландыратын құжаттың №, қашан және кіммен берілген) ____________ мекенжайы бойынша пәтерді ______________ атында өтеусіз (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) жекешелендіруге кемсім беремін. ________ақпараттық жүйелерінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. 20 __ жылғы "_" _________ (қолы).