"Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 18015 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.10.2020 № ҚР ДСМ-148/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10600 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 14 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-41 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығымен бекітілген

Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Ескертпе

1

2

3

4

Медициналық қызмет үшін

1

заңды және жеке тұлғалар үшін - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру стандарттарына сәйкес келетін меншік немесе жалға алу шарты немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді құжаттың көшірмесін ұсынатын, бір жылдан кем мерзімге жасалған жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын қоспағанда, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік дерекқорынан алады

2

заңды және жеке тұлғалар үшін - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар (қажет болған жағдайда)

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


3

жеке тұлғалар үшін - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші медициналық жоғары (мәліметтер 2015 жылдан бастап) немесе орта білім туралы мәліметтерді білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алады

4

жеке тұлғалар үшін - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін жоғарылатудың басқа түрлері

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


5

жеке тұлғалар үшін - санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда, маманның тиісті сертификаты

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші маман сертификаты туралы мәліметтерді маман сертификатының көшірмесін ұсынатын, 2014 жылға дейін алған адамдарды қоспағанда, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорынан алады

6

заңды тұлғалар үшін - осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


7

жеке тұлғалар үшін - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлердің бейіндері және маманның еңбек шарттарын есепке алу мәліметтерін (олар бар болған жағдайда), Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің акпараттық жүйесінен алады

Фармацевтикалық қызмет үшін

1

заңды және жеке тұлғалар үшін – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді құжаттың көшірмесін ұсынатын, бір жылдан кем мерзімге жасалған жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын қоспағанда, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік дерекқорынан алады

2

заңды және жеке тұлғалар үшін –
нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және оларды өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура;
шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралы

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


3

заңды тұлғалар үшін – мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлер штаты

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


4

заңды тұлғалар үшін –
фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ұйымдар үшін:
- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының техникалық білімі;
- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің техникалық білімі;
- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарудың технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі;
2) дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы ұйымдар (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхана) үшін:
- дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
3) дәріханалар үшін:
- дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары фармацевтикалық білімі немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі);
- дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандардың жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
4) медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:
- дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімі немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі).
Дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады;
5) дәріхана қоймасы үшін:
- дәріхана қоймасы басшысының және дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәріхана қоймасы бөлімдері басшыларының және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
6) дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін:
- жылжымалы дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады;
7) медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық оптика бұйымдарын дайындау үшін:
- жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші фармацевтикалық жоғары немесе орта білім туралы мәліметтерді (мәліметтер 2015 жылдан бастап) білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алады

5

жеке тұлғалар үшін – фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


6

жеке тұлғалар үшін –заңды тұлғаны құрмастан, фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткерлердің жеке тұлғалар үшін фармацевтикалық білімі-жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (үш жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі)

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші жоғары немесе орта фармацевтикалық білім туралы мәліметтерді (мәліметтер 2015 жылдан бастап) білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының шектерінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алады

  Медициналық және
фармацевтикалық
қызметке қойылатын
біліктілік талаптарына
1-қосымша
нысан

Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер _______________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20___ жылғы "__" ______ жағдай бойынша)

      Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:

      1. Меншік немесе жалға алу шарты құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар және көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары: Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер

      1) Кадастрлық нөмірі ________________

      2) Орналасқан жері ________________

      3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні ______________

      2. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар: Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал- саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар тізімі:

р/с

Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар атауы (паспорты бойынша)

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Саны

Шығарылған жылы

Жағдайы (жұмысқа жарамды/жарамсыз)















      3. Жеке тұлғаларда - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі: Медициналық білімі туралы мәліметтер

      1) Дипломы бойынша мамандығы ____________________

      2) Дипломы бойынша біліктілігі __________________

      3) Дипломның нөмірі _____________________________

      4) Дипломның сериясы ____________________________

      5) Білім беру ұйымының толық атауы ______________

      6) Түскен жылы __________________________________

      7) Аяқтаған жылы ________________________________

      8) Диплом нострификациясы туралы мәліметтер (қажет болған кезде) ___________

      4. Жеке тұлғаларда - соңғы 5 жыл ішінде медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлері: Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы мәліметтер

      1) Құжаттың нөмірі _________________________

      2) Циклдің атауы ___________________________

      3) Оқытудың басталуы________________________

      4) Оқытудың аяқталуы _______________________

      5) Сағат саны ______________________________

      5. Жеке тұлғаларда - маман сертификаты туралы мәліметтер:

      1) Маман сертификаты берілген мамандықтың атауы __________________

      2) Біліктілік санаты (бар болса – көрсету) ___________________________

      3) Маман сертификатын берген орган_______________________________

      4) Тіркеу нөмірі_______________________________

      5) Берілген күні _______________________________

      6) Сертификаттың қолданылу мерзімі _____________

      6. Заңды тұлғаларда - медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты:

Медициналық ұйымның медицина қызметкерлері туралы мәліметтер

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Атқаратын лауазымы

Білімі

Мамандығы бойынша өтілі

1

2

3

4

5

      7. Жеке тұлғаларда – мамандығы бойынша жұмыс өтілі медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша 5 жылдан кем емес:

      Мәлімделген мамандығы бойынша еңбек қызметі (жеке тұлға үшін)

      1. Медициналық ұйымның атауы _______________________________

      2. Ұйымның орналасқан жері__________________________________

      3. Атқаратын лауазымы ______________________________________

      4. Мәлімделген мамандық бойынша жұмысқа қабылдау күні ______

      5. Жұмыстан шығарылған күні ________________________________

  Медициналық және
фармацевтикалық қызметке
қойылатын біліктілік
талаптарына
2-қосымша
нысан

Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер ________________________________________________ (денсаулық сақтау субьектісінің атауы) (20___ жылғы "__" ______ жағдай бойынша)

      Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:

      1. Меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімді басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар: Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер

      1) Кадастрлық нөмірі __________________________________________

      2) Орналасқан жері ____________________________________________

      3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні ___________________

      4) Жалға беруші _______________________________________________

      5) Жалға алудың аяқталу мерзімі ______________________________

      6) Үй-жайдың (ғимараттың) мекенжайы ___________________________

      7) Жалға алынатын шаршы көлемі ________________________________

      2. Нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралы: Жабдықтар, аппаратура, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар тізімі

Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа құралдар атауы (паспорты бойынша)

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Шығарылған жылы

Жағдайы (жұмысқа жарамды/жарамсыз)

      3. Заңды тұлғаларда - фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәліметтер: Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының тізімі:

ТАӘ

Атқаратын лауазымы

Білімі, мамандығы

Мамандығы бойынша өтілі

Соңғы 5 жылда біліктілігін арттыруы туралы құжат

      4. Заңды және жеке тұлғаларда - фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі: Фармацевтикалық білімі туралы мәліметтер

      1) Мамандығы және біліктілігі __________________

      2) Жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның нөмірі ______________________

      3) Жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның берілген күні ___________________

      4) Оқу орнының атауы _____________________________

      5) Жұмыс орны ____________________________________

      6) Лауазымы ______________________________________

      7) Еңбек өтілі ___________________________________

      8) Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің нөмірі мен күні ___________________

      9) Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні ________________

      5. Жеке тұлғаларда - фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілікті арттырудың басқа түрлері: Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер

      1) Қайта даярлаудан өткен мамандығы _____________

      2) Оқытатын ұйымның атауы ________________________

      3) Куәліктің нөмірі _____________________________

      4) Кім берді ____________________________________

      5) Циклдің атауы ________________________________

      6) Сағат саны ___________________________________.