"Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 257-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 18014 болып тіркелді. Күші жойылған - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 227-нқ бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.12.2022 № 227-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 460) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатта:

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сметалық нормалар жұмыстың түрлері бойынша технологиялық (техникалық-нормалау) карталардың, хронометраждық жұмыстардың нәтижелері, шет елдердің ілгерішіл нормаларын, есептеу-талдау әдістері негізінде әзірленеді, олардың нәтижелері бойынша элементтік сметалық нормалар деңгейінде құрылыс ресурстарына қажеттіліктер және оларды есептеудің қабылданған базасынан пайыздардағы лимиттелген шығындардың нормалары айқындалады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жобалау сатысындағы сметалық құн конструкцияларға және жұмыстардың түрлеріне арналған сметалық құнның ірілендірілген көрсеткіштерін, ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларын және құрылыс ресурстарына арналған сметалық бағалардың қолданыстағы жинақтарын пайдалана отырып, осы Нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады. Жобаланатын объект құрылысының сметалық құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптама органдарына жобаны ұсынған күні қолданыста болған ағымдағы бағаларда қалыптастырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Құрылысы бір күнтізбелік жылдан астам уақытқа жоспарланатын объектілер бойынша құрылыстың сметалық құны нормативтік ұзақтыққа және құрылыстағы бітеме нормаларына сәйкес және айлық есептік көрсеткіштің өзгерістер индексі арқылы алдағы кезеңдердегі көлемдерін индекстеумен күнтізбелік жылдар бойынша инвестициялардың көлемдерін бөлу жолымен айқындалады. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 23-тармағына сәйкес жыл сайын жаңартылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын тиісті бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына сәйкес айқындалды.";

      16-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мердігердің сметасын (офертасын) дайындау кезінде әлеуетті жеткізуші (мердігер) ол құндық жеңілдікті ұсынатын ресурстарды дербес таңдайды. Жиынтық сметалық есептің барлық тараулары бойынша өз құрамында құрылыс объектілері (ғимараттары мен құрылыстары) бар ірі құрылыстарда мердігердің сметасына (офертасына) енгізілген біртекті ресурстар тиісті позициялар бойынша әрбір жеке смета бойынша бөлінуі және шарт бағасын қалыптастыру кезінде ескеріледі.";

      18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 231 бұйрығымен бекітілген Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы жұмыстар (қызметтер) түрлерінің тізбесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10766 болып тіркелген) жұмыстар енгізіледі, оның ішінде:";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Тікелей шығындар жұмысшылар еңбек ақысының, машиналар мен тетіктерді пайдалану (машинистердің еңбекақысын қоса алғанда), материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сметалық құнын ескереді. Тікелей шығындар құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын құрайды.

      Тікелей шығындар қорытындыларды одан кейінгі жинақтаумен ағымдағы бағаларда осы ресурстардың бірлік құнына ресурстар көлемдерін қайта көбейту жолымен айқындалады.

      Бағалардың ағымдағы деңгейіндегі құрылыстың сметалық құны қолданыстағы сметалық нормалар мен ресурстарға арналған бағалар, сондай-ақ конструктивтердің және жұмыстардың түрлері сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері негізінде айқындалады.

      Үстеме шығыстар өндірістің жалпы шарттарын қалыптастырумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты құрылыс-монтаждау ұйымдарының шығындарын ескереді. Жергілікті сметаларда үстеме шығыстар осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген нормалар бойынша және тәртіпте машиналарды пайдаланудың құрамында жұмысшы-құрылысшылар мен машинистер жалақысының жиынтық шамасынан ескеріледі.

      Сметалық пайда құрылыс-монтаждау жұмыстардың сметалық құнында ескерілетін құрылыс-монтаждау ұйымдарының нормативтік (кепілдендірілген) бөлігі болып табылады. Жергілікті сметаларда (жергілікті сметалық есептерде) сметалық пайда осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген нормалар бойынша және тәртіппен (Құрылыстағы үстеме шығыстар мен сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатта) тікелей шығындар мен үстеме шығыстардың сомалық шамасынан ескеріледі.

      Жабдықтың сметалық құны осы Нормативтік құжатта баяндалған тәртіппен айқындалады және жергілікті сметаның тармақтары бойынша жеке позициялармен ескеріледі. Жабдықтың сметалық құны құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнына жатпайды.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Кезекті кезеңге құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған сметалық бағалардың жинақтарында ескерілмеген құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сметалық құны осы материалдарды сатып алуға және объект жанындағы қоймаға немесе оларды жұмысқа беру орнына жеткізуге жұмсалатын барлық шығындардың жиынтығы ретінде айқындалады және өндірушінің босату бағасын, көлік шығыстарын, дайындау-қойма шығыстарын қамтиды.";

      58-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дайындау-қойма шығыстары материалдық ресурстардың құнына (франко-объект маңы қоймасы) проценттерде айқындалады:

      құрылыс және монтаждау материалдары – 2 %;

      металл конструкциялар – 0,75 %.";

      59-тармақтың тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мердігердің қызметіне жататын дайындау-қойма шығыстарынан басқа, прайс-парақтарда олардың болуы бойынша жоғарыда аталған құрауыштар бойынша жабдықтың жалпы құнын ашып көрсету жабдықты әлеуетті жеткізушілер үшін міндетті шарт болып табылады және жергілікті сметаны жасау кезінде есептеледі.";

      63-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дайындау-қойма шығыстары жабдықтың құнына (франко-объект маңы қоймасы) 1,2 процент мөлшерінде айқындалады.";

      69-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Объектілердің құрылысы құнының сметалық есебінің позициялары көрсетілген сметалық құжаттардың нөміріне сілтемемен келтіріледі. Жобада көзделген әрбір объектінің сметалық құны сметалық құнды білдіретін: "құрылыс-монтаждау жұмыстары", "жабдық, жиһаз және мүкәммал", "өзге де жұмыстар мен шығындар", "жалпы сметалық құн" бағандары бойынша бөлінеді.";

      70-тармақтың отыз жетінші абзацы алып тасталсын;

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. II бөлімде құрылыс құнының сметалық есебі бойынша объектілер құрылысына арналған қаражат қосылады. Болжанбаған шығындарды ескеріле отыратын және қосылған құн салығын есепке алмайтын ағымдағы бағаларда жиынтық сомасы құрылыс құнының сметалық есебінен жиынтық сметалық есептің II бөлімінің тиісті тарауларына ауыстырылады.";

      86-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алаңдық сипаттағы құрылыстар басым болатын экономика салаларында жергілікті сметаларды (жергілікті сметалық есептерді) нөмірлеу алғашқы екі сан құрылыс құнының сметалық есеп тарауының нөміріне, екінші екі сан – тараудағы жолдың нөміріне сәйкес келетіндей, үшінші екі сан осы объектілік сметадағы (объектілік сметалық есептегі) жергілікті сметаның (жергілікті сметалық есептің) реттік нөмірін білдіретіндей етіп, жүргізіледі. (Мысалы: жергілікті смета № 02-04-12). Нөмірлеудің осындай жүйесі бойынша объектілік сметалардың (объектілік сметалық есептердің) нөмірлері жергілікті сметалардың (жергілікті сметалық есептердің) нөмірлеріне сәйкес келетін соңғы екі санды қамтымайды, (Мысалы: объектілік смета № 02-04).

      Сызықтық сипаттағы ірі кешенді құрылыстар басым болатын экономика салаларында нөмірлеу, онда құрылыс құнының сметалық есептің номенклатурасындағы белгілі бір кезекті нөмірге барлық мұндай құрылыстар үшін объектінің бірдей түрі сәйкес келетін кезекті нөмірлер бойынша жүргізілуі мүмкін.";

      Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 1-қосымшада:

      Құрылыс құнының сметалық есебіне енгізілетін өзге де жұмыстар мен шығындардың тізбесінде:

      9.4, 9.5, 9.6 және 9.7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.4

Құрылыс және монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі шығындар немесе қалалық жолаушылар көлігінің арнайы бағыттарын ұйымдастыру жөніндегі шығыстарды өтеу

Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы негізінде сметалық есептермен айқындалады (6 және 7-бағандар)

9.5

Жұмыстарды вахталық әдіспен орындаумен байланысты шығындар

Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы негізінде сметалық есептермен айқындалады
Вахталық жұмысшыларды вахта орнына дейін тасымалдауға және жолда болу кезеңіндегі тәуліктік төлемдерге арналған шығындар еңбек заңнамасының талаптарын орындауды ескере отырып, сметалық есептермен айқындалады (6 және 7-бағандар)

9.6

Құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар

Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы негізінде сметалық есептермен айқындалады (6 және 7-бағандар)

9.7

Ғимараттар мен құрылыстардың жылжуын мен деформацияларын геодезиялық бақылауды жүргізуге

Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдерімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес құрылысты ұйымдастыру жобасы және жұмыстарды жүргізу жобасы негізінде сметалық есеп бойынша (6, 7-бағандар)

  ";

      осы Қазақстан Республикасы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы Қазақстан Республикасы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы Қазақстан Республикасы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатта:

      21, 22- және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің құнын қолдану кезінде үстеме шығыстар және сметалық пайда есептелмейді, өйткені ірілендірілген көрсеткіштердің құнында есептелген.

      Конструктивтердің және жұмыстардың түрлері сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштерін қолдану кезінде үстеме шығыстар және сметалық пайда осы Нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады. Үстеме шығыстар нормалары Конструкцияларға және жұмыстардың түрлеріне арналған сметалық құнның ірілендірілген көрсеткіштерінің жинақтың техникалық бөлімінің тиісті бөлімінен қабылданады. Сметалық пайда Конструктивтердің және жұмыстардың түрлері сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері мен үстеме шығыстар құнынан 8 % нормасы бойынша ескеріледі.

      22. Ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің құнын қолданып есептелген объектілерді қоспағанда, өйткені ірілендірілген көрсеткіштердің құнында сметалық пайда есептелген, инвестициялық жобаларды іске асырудың жоба алды сатысында құрылыстың есептік құнын айқындау кезінде сметалық пайда тікелей шығындар мен үстеме шығыстардың сомасынан 8% мөлшерінде сметалық пайданың белгіленген нормасын қолданумен айқындалады.

      23. Үстеме шығыстарды және сметалық пайданы есептеу тәртібі мынадай: әуелі жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің еңбекақысын төлеуге арналған қаражаттан белгіленген нормасынан үстеме шығыстардың шамасы анықталады, содан кейін тікелей шығындар және үстеме шығыстар сомасына осы Нормативтік құжатта белгіленген мөлшерлерде сметалық пайданы есептейді.";

      көрсетілген нормативтік құжатқа 2-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе:

      Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеуге сметалық құжаттаманы жасау кезінде құрылыс және монтаждау жұмыстардың түрлеріне қарамастан ҮШН-1400 шифр нормасы қолданылады. Басқа құрылыс түрлерінде (жаңа құрылыс, реконструкциялау, техникамен қайта жарақтандыру, кейiннен кәдеге жарату және т.б.) үстеме шығыстардың нормалары осы 2-қосымшада көрсетілген құрылыс және монтаждау жұмыстардың түрлері бойынша қолданылады.";

      Құрылыстағы үстеме шығыстардың және сметалық пайданың шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 3-қосымшада:

      25-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сыпырушылардың және осы үй-жайларға қызмет көрсететін басқа да жұмысшылардың еңбекақысын қоса алғанда, өтелімдік аударымдар, жөндеудің барлық түрлерін жүргізу (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв) және бейнебақылау жүйесін, қарауыл үй-жайларын және өрт депосын (гараждар) ұстау шығыстары.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Құрылысты ұйымдастыру және жүргізудің озық әдістерін енгізу, еңбекті нормалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарды қадағалау (соның ішінде жасырын жұмыстарды қоса алғанда құрылыс-монтаждау жұмыстар орындауын қадағалау фото- және бейнефиксациялау жүйелері) бойынша шығыстар.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

      Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатта:

      17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) құрылыс аумағын дайындау бойынша жұмыстардың құрамына: вахталық кенттер құрылысы үшін пайдаланылатын уақытша бұрмалардың учаскелерінде жерді қалыпына келтіру шығындары енгізілуі мүмкін. Бұл шығындарды айқындау үшін жер қазу жұмыстарына арналған сметалық нормаларға сәйкес жергілікті смета жасалады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Вахталық әдіспен жұмыстар үшін үстемеақы жұмысшылар мен машинистердің негізгі жалақысына 20% мөлшерінде ұжымдық және еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді. Үстемеақы тиісті коэффициентті қолдана отырып, жергілікті сметаларда есептеледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Вахталық кенттердің құрылысы бойынша баға белгілеудің ресурстық әдісі кезінде шығындар (мүкәммалдық тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен уақытша пайдаланудағы инженерлік құрылыстарды жинау және бөлшектеу құны, олардың астына негіздер мен іргетастардың, инженерлік желілер ендірмелерінің құрылғысы, кентті абаттандыру) уақытша ғимараттар мен құрылыстар құрылысы шығындарының сметалық нормаларына сәйкес анықталады. Осы шығындар бойынша бағалардың ағымдағы деңгейінде жергілікті сметалар жасалады. Жергілікті сметалардың қорытындылары құрылыс құнының сметалық есебіне енгізіледі. Өтелімдік аударымдар немесе жалдау ақысы, тұрғын және қоғамдық контейнерлік және құрастырма-бөлшекті ұтқыр (мүкәммалдық) ғимараттардың конструкциялары мен бөлшектерін қоймадан құрылыс алаңына және қоймаға тасу шығындары мердігерлердің үстеме шығындарының нормаларында ескеріледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жаңа және қайта жаңғыртылатын автомобиль жолдарының құрылысы кезеңінде уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарын ұстау шығындарын айқындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар көлемінің ведомосы жасалады. Жұмыстар көлемінің ведомосы уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиісті учаскелеріне ақаулық актілер бойынша жасалады. Жұмыстар көлемінің ведомосы бойынша жергілікті смета жасалады.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      Құрылыстағы инжинирингтік қызметтер шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатта:

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құрылысқа авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымы мамандарының құрылыс объектісіне іссапарға жіберумен байланысты қосымша шығындар жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде іссапарға жіберілген қызметкерлердің қажетті санынан және құрылыстың нормативтік ұзақтығынан ескере отырып, құрылыста олардың болуы мерзімін ескере отырып, жасалатын есеппен анықталады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Құрылыс үшін жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған шығындардың шамасы мына формула бойынша анықталады:

      ШБШ =Сқұр. х ШНжб (1)

      мұндағы:

      ЖБШ – жобаны басқаруға арналған шығындар, мың теңге;

      Сқұр. – бағаның ағымды деңгейіндегі бір жылдағы құрылыстың құны, мың теңге/жыл;

      ШНжб – жобаны басқаруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент. Жобаны басқаруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті нормативінің мөлшері осы нормативтік құжаттың 1-қосымшасының 2-бағанында келтірілген.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжирингтік қызметтерге арналған шығындардың шамасы мына формула бойынша анықталады:

      ТҚШ =Сқұр. х НРтн (2)

      мұндағы:

      ТҚШ – техникалық қадағалауға арналған шығындар, мың теңге;

      Сқұр. – құрылыс құнының сметалық есебі бойынша ағымдағы деңгейдегі бір жылдағы құрылыстың сметалық құны, мың теңге/жыл;

      ШНтқ – құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент. Құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті нормативінің мөлшері осы Нормативтік құжатқа 1-қосымшаның 3-бағанында келтірілген.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Құрылыс үшін авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжирингтік қызметтерге арналған шығындар шамасы мына формула бойынша анықталады:

      АҚШ =Сстр. х НРан (3)

      мұндағы:

      АҚШ – құрылыс үшін авторлық қадағалауға арналған шығындар, мың теңге;

      Сқұр. – құрылыс құнының сметалық есебі бойынша бағаның ағымдағы деңгейінде бір жылдағы құрылыстың сметалық құны, мың теңге/жыл;

      ШНақ – құрылыс үшін авторлық қадағалау функциясын жүзеге асыруға арналған шығыстар нормативі, процент. Құрылыс үшін авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті нормативінің мөлшері осы Нормативтік құжатқа 2-қосымшада келтірілген.";

      осы Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері
комитетінің төрағасы
М. Жайымбетов

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2018 жылғы 14 желтоқсаны
№ 257-нқ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында
құрылыстың сметалық құнын
айқындау жөніндегі нормативтік
құжатқа 4-қосымша
  2-нысан

      Тапсырыс беруші _________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      Келісілді/Бекітілді

      Құрылыс құнының сметалық есебі _______________________мың теңге сомасында

      оның ішінде:

      қосылған құн салығы ______________________ мың теңге

      _______________________________________________________________________

      (келісу/бекіту туралы құжатқа сілтеме)

      20___ ж. "___" _____________

      Құрылыс құнының сметалық есебі

      _______________________________________________________________________

      (құрылыстың атауы)

      20__ж.______________жай-күйі бойынша ағымдағы бағаларда жасалды

РР/с

Сметалар мен есептердің нөмірлері, өзге де деректер

Тараулардың, объектілердің, жұмыстардың және шығындардың атаулары

Сметалық құны, мың теңге

Жалпы сметалық құны, мың теңге

құрылыс-монтаждау жұмыстары

жабдық, жиһаз және мүкәммал

өзге де жұмыстар мен шығындар

1

2

3

4

5

6

7

1


1-тарау.
Құрылыс аумағын дайындау

+


+

+



1-тарау бойынша жиыны

+


+

+

2


2-тарау.
Құрылыстың негізгі объектілері

+

+


+



2-тарау бойынша жиыны

+

+


+

3


3-тарау
Қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы объектілер

+

+


+



3-тарау бойынша жиыны

+

+


+

4


4-тарау.
Энергетикалық шаруашылық объектілері

+

+


+



4-тарау бойынша жиыны

+

+


+

5


5-тарау
Көлік шаруашылығы және байланыс объектілері

+

+


+



5-тарау бойынша жиыны

+

+


+

6


6-тарау
Сыртқы желілер және сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау құрылыстары

+

+


+



6-тарау бойынша жиыны

+

+


+

7


7-тарау
Аумақты абаттандыру және көгалдандыру

+

+


+



7-тарау бойынша жиыны

+

+


+



1-7-тараулар бойынша жиыны

+

+

+

+

8


8-тарау
Уақытша ғимараттар мен құрылыстар

+



+



8-тарау бойынша жиыны

+



+



1-8-тараулар бойынша жиыны

+

+

+

+

9


9-тарау
Өзгеде жұмыстар мен шығындар

+


+

+



9-тарау бойынша жиыны

+


+

+



1-9-тараулар бойынша жиыны

+

+

+

+

10


Тапсырыс берушінің болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат резерві

+

+

+

+



Жиыны сметалық құн

+

+

+

+

11

ҚР Салық кодексі

Қосылған құн салығы



+

+



Сметалық есеп бойынша барлығы

+

+

+

+



Оның ішінде ҚҚС-ты қоспағанда тапсырыс беруші жеткізген жабдық, жиһаз және мүкәммал (анықтама ретінде) (қажеттілігіне қарай)


+


+

      Жобалау ұйымының басшысы _______________________________________________

      қолы (аты-жөні, тегі)

      Жобаның бас инженері _____________________________________________________

      қолы (аты-жөні, тегі)

      ____________________ бөлімінің бастығы_____________________________________

                  (атауы )                               қолы (аты-жөні, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2018 жылғы 14 желтоқсаны
№ 257-нқ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасында
құрылыстың сметалық құнын
айқындау жөніндегі нормативтік
құжатқа 5-қосымша
1-нысан

      Тапсырыс беруші

      ________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      Келісілді/Бекітілді

      Құрылыс құнының сметалық есебі _______________________мың теңге сомасында

      оның ішінде:

      қосылған құн салығы ______________________ мың теңге

      _________________________________________________________________________

      (келісу/бекіту туралы құжатқа сілтеме)

      20___ ж. "___" _____________

      Жиынтық сметалық есеп

      __________________________________________________________________________

      (құрылыстың атауы)

      20__ж.______________жай-күйі бойынша ағымдағы бағаларда жасалды

Р/с

Сметалар мен есептердің нөмірлері, өзге де деректер

Тараулардың, объектілердің, жұмыстардың және шығындардың атаулары

Сметалық құны, мың теңге

Жалпы сметалық құны, мың теңге

құрылыс-монтаждау жұмыстары

жабдық, жиһаз және мүкәммал

өзге де жұмыстар мен шығындар

1

2

3

4

5

6

7



I бөлім. Жобалау *





1


Жобалау жұмыстары



+

+

2


Құрылыс үшін инженерлік іздестірулер



+

+

3

ЖКВС қағидалары

Жобаның кешенді ведомстводан тыс сараптамасына арналған қаражат



+

+



І бөлім бойынша жиыны



+

+



IІ бөлім. Мердігерлік жұмыстардың сметалық құны





4

ҚҚСЕ

Құрылыстың сметалық құны

+

+

+

+



IІI бөлім. Инжинирингтік қызметтер





5

Инж. қазметтерді көрсету қағидалары

Тапсырыс берушінің жобаны басқаруға арналған қаражаты



+

+

6

Инж. қазметтерді көрсету қағидалары

Тапсырыс берушінің техникалық қадағалауға арналған қаражаты



+

+

7

Инж. қазметтерді көрсету қағидалары

Тапсырыс берушінің авторлық қадағалауға арналған қаражаты



+

+



III бөлім бойынша жиыны



+

+



Жиынтық сметалық есеп бойынша жиыны

+

+

+

+

8

ҚР Салық кодексі

Қосылған құн салығы



+

+



Жиынтық сметалық есеп бойынша барлығы

+

+

+

+



Оның ішінде ҚҚС-ты қоспағанда тапсырыс беруші жеткізген жабдық, жиһаз және мүкәммал (анықтама ретінде)


+


+

      * жобалауға арналған қаражат алынған есептердіі нәтижелері

      (қаражаттың нормативтік лимиті) бойынша көрсептіледі

      Жобалау ұйымының басшысы _____________________________________________

      қолы (аты-жөні, тегі)

      Жобаның бас инженері ___________________________________________________

      қолы (аты-жөні, тегі)

      ____________________ бөлімінің бастығы___________________________________

                  (атауы )                               қолы (аты-жөні, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2018 жылғы 14 желтоқсаны
№ 257-нқ бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасында
құрылыстың сметалық құнын
айқындау жөніндегі нормативтік
құжатқа 8-қосымша
7-нысан

      Құрылыстың атауы ______________________________________________________

      Объектінің атауы________________________________________________________

      _______________________ бойынша

      материалдық ресурстардың және жабдықтың жиынтық ведомосы

      _________________________________________________

      (ғимараттың, имараттың, объектінің, құрылыстың атауы)

      Негіздеме:

      Жергілікті сметалар______________________

Р/с

Ресурстардың коды

Ресурстардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Тауардың шығу тегі (Ел-өнім дайындаушы)

1

2

3

4

5

6

      Материалдар (дәрежеге бөлінген тәртіппен)

      Жабдық (дәрежеге бөлінген тәртіппен)

      Жасаған __________________________________________________________________

      лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)

      Тексерген _________________________________________________________________

      лауазымы, қолы, (аты-жөні, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылық істері
комитеті төрағасының
2018 жылғы 14 желтоқсаны
№ 257-нқ бұйрығына
4-қосымша
Құрылыстағы инжинирингтік
қызметтерге арналған
шығындарды анықтау жөніндегі
нормативтік құжатқа
1-қосымша

Жобаларды басқару және құрылыс үшін техникалық қадағалау бойынша инжирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті

Бағалардың ағымдағы деңгейіндегі бір жылдағы құрылыс құны, мың АЕК */жыл

Жобаны басқаруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент

Құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент

Анықтамалық деректер

Жобаны басқару бойынша функцияларды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы, адам-сағат

Құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы, адам-сағат

Тапсырыс берушінің жобаны басқару және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыратын жұмысшылар санының нормативі (адам)

1

2

3

4

5

6

300 дейін

1,39%

3,24%

1747

4077

3

300 астам 450 дейін

1,25%

2,93%

2366

5521

4

450 астам 580 дейін

1,13%

2,64%

2751

6418

5

580 астам 1000 дейін

1,02%

2,38%

4277

9979

6-7

1000 астам 1300 дейін

0,92%

2,15%

5020

11714

8-9

1300 астам 1900 дейін

0,83%

1,95%

6644

15503

10-12

1900 астам 2580 дейін

0,76%

1,77%

8211

19158

12-14

2580 астам 3200 дейін

0,70%

1,62%

9339

21790

14-16

3200 астам 3850 дейін

0,65%

1,51%

10412

24295

16-18

3850 астам 4850 дейін

0,61%

1,41%

12324

28755

18-21

4850 астам 5800 дейін

0,58%

1,35%

14081

32855

21-24

      *АЕК – заңнама тәртібімен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш, теңге.

      Ескерту:

      1. Бір жылдағы құрылыс құны құрылыс ұйымы және сметалық құжаттама жобасына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығына байланысты анықталады.

      2. Қалдықтан асатын бір жылда 5800 мың АЕК астам құрылыс құны кезінде: жобаны басқаруға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі 33,6 мың АЕК және 5800 мың АЕК астам құрылыс құнынан 0,09% ретінде анықталады; Құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі 78,3 мың АЕК және 5800 мың АЕК астам құрылыс құнынан 0,22% ретінде анықталады.

      3. Жобаны басқаруға арналған функцияларды және техникалық қадағалауды біріктіру кезінде 2 және 3-бағандары бойынша нормативтер жинақталады.

      4. Нормативтік еңбек сыйымдылығы тұтастай алғанда "дейін" (300, 450, 580 және бұдан әрі 5800 мың АЕК дейін) мәнінде құрылыс құны үшін көрсетілген. Құрылыс құнының аралық мәндері кезінде нормативтік еңбек сыйымдылығы интерполяция әдісімен анықталады.

      5. Қалдықтан асатын бір жылда 5800 мың АЕК астам құрылыс құны кезінде жобаны басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға арналған (4-баған) және құрылыс үшін техникалық қадағалауға арналған (5-баған) нормативтік еңбек сыйымдылығы сәйкесінше әрбір 1250 мың АЕК-ке 588 адам-сағатқа және 1372 адам-сағатқа ұлғаяды.

      6. Жобаны басқару жөніндегі тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы (4-баған) мен құрылыс үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы (5-баған) көрсеткіштері анықтама түрінде келтірілген.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2018 жылғы 14 желтоқсаны
№ 257-нқ бұйрығына
5-қосымша
Құрылыстағы инжинирингтік
қызметтерге арналған
шығындарды анықтау жөніндегі
нормативтік құжатқа
2-қосымша

Құрылыс объектілер үшін авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимиті

Бағалардың ағымдағы деңгейдегі бір жылдағы құрылыс құны, мың АЕК */жыл

Авторлық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі, процент

Анықтамалық деректер

Авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы, адам-сағат

1

2

3

300 дейін

1,12%

1407

300 астам 450 дейін

1,01%

1905

450 астам 580 дейін

0,91%

2214

580 астам 1000 дейін

0,82%

3443

1000 астам 1300 дейін

0,74%

4041

1300 астам 1900 дейін

0,67%

5349

1900 астам 2580 дейін

0,61%

6610

2580 астам 3200 дейін

0,56%

7518

3200 астам 3850 дейін

0,52%

8382

3850 астам 4850 дейін

0,49%

9920

4850 астам 5800 дейін

0,47%

11335

      *АЕК – заңнама тәртібімен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш, теңге, теңге.

      Ескерту:

      1. Бір жылдағы құрылыс құны құрылыс ұйымы және сметалық құжаттама жобасына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығына байланысты анықталады.

      2. Қалдықтан асатын бір жылда 5800 мың АЕК астам құрылыс құны кезінде авторлық қадағалауға арналған тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің нормативі 27,3 мың АЕК және 5800 мың АЕК астам құрылыс құнынан 0,11% ретінде анықталады.

      3. Нормативтік еңбек сыйымдылығы тұтастай алғанда "дейін" (300, 450, 580 және бұдан әрі 5800 мың АЕК дейін) мәнінде құрылыс құны үшін көрсетілген. Құрылыс құнының аралық мәндері кезінде нормативтік еңбек сыйымдылығы интерполяция әдісімен анықталады.

      4. Қалдықтан асатын бір жылда 5800 мың АЕК астам құрылыс құны кезінде құрылыс үшін авторлық қадағалау жүргізуге арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы әрбір 1250 мың АЕК-ке 686 адам-сағатқа ұлғаяды.

      5. Құрылыс үшін авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы көрсеткіштері анықтама түрінде келтірілген.