РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Өтінімге сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен өзара іс-қимыл жасау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қызметті сатып алған жағдайда) шарттарының көшірмелері;
2) ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу арқылы қолданыстағы тексеру актілерінің көшірмесі;
3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;
4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан өтуін және кәсіптік деңгейін қолдауын өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап отыз бес жұмыс күнін құрайды.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті орган өтініш пен ұсынылған құжаттарды оны алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастырады.";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Сертификаттық тексеру мерзiмi сертификаттық тексеру жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнін құрайды.";
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Сертификатты немесе сертификат беруден бас тарту туралы шешімді ресімдеу және беру мерзімі сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн он жұмыс күнін құрайды.";
Көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша алып тасталсын;
2) "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1038 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12904 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі портал арқылы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 35 (отыз бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні мерзімінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мынадай құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді:
1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен өзара іс-қимыл жасау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қызметті сатып алған жағдайда) шарттарының көшірмелері;
2) ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу арқылы қолданыстағы тексеру актілерінің көшірмесі;
3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;
4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан өтуін және кәсіптік деңгейін қолдауын өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.";
көрсетілген Стандартқа 2-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі
2018 жылғы "____" _____________