Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 18006 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министірінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына
1-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида жаңа редакцияда көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.05.2021 № 347-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне таратылады.

      3. Ұлттық стандарттау жоспарын (бұдан әрі – ұлттық жоспар) ұлттық стандарттау жөніндегі орган (бұдан әрі – ұлттық орган) құрады және стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын есепке ала отырып үш жылға бекітеді.

      4. Ұлттық жоспарды қалыптастыру рәсімдері ұсыныстарды жинақтау және талдау, ұлттық жоспар жобасын әзірлеу мен келісу арқылы жүзеге асырылады және ҚР СТ 1.7 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі" ұлттық стандарттармен (бұдан әрі – ҚР СТ 1.7) белгіленеді.

      5. Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары бойынша оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу рұқсат етіледі.

      6. Ұлттық жоспарға енгізілген стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру Заңның 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Ұлттық жоспар жобасын қалыптастыру

      7. Ұлттық жоспар ұлттық органның ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және ұлттық, мемлекетаралық стандарттарын және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі құжаттар) әзірлеу жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

      8. Ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастау туралы ақпарат ұлттық орган мен уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады. Ұлттық орган ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастағаны туралы хабарламаны ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне жібереді.

      9. Ұлттық жоспар жобасы:

      1) мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және басқа да мүдделі тараптардың (бұдан әрі – субъектілер) ұсыныстары;

      2) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің (бұдан әрі – техникалық комитеттер) жұмыс жоспарлары;

      3) стандарттау жөніндегі қолданыстағы құжаттарға және ұлттық стандарттарды әзірлеу қажеттіліктеріне алдын ала талдауларды есепке ала отырып, техникалық регламенттермен өзара байланысты стандарттар тізбесін кеңейту;

      4) стандарттау саласында жүргізілген мониторинг нәтижелері;

      5) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де көздер негізінде қалыптастырылады.

      10. Субъектілер, жоспарланған кезең алдындағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей, ұлттық жоспарға өтінімдерді қағаз нысанында енгізу үшін немесе ұлттық органның ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.

      Өтінімге:

      1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу, оның ішінде стандарттау жөніндегі балама құжаттардың болуы жағдайында, олардың қажеттігі мен орындылығы туралы мәліметтер;

      2) әзірленетін стандарттау жөніндегі құжатқа қызығушылық танытқан мүдделі пайдаланушылар туралы ақпарат;

      3) стандарттау объектісі және оның сипаттамалары туралы мәліметтер;

      4) негізгі нормативтік база (дереккөз) туралы мәліметтер;

      5) өткізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәліметтер;

      6) осы стандарттау объектісіне талаптарды белгілейтін стандарттау жөннідегі құжаттарды қайта қарау/жоюды қажетсінбеу немесе қажеттігі туралы ақпарат көрсетіле отырып, түсіндірме жазба беріледі.

      11. Техникалық комитеттердің стандарттар әзірлеу бойынша ұсыныстары стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бөлігінде техникалық комитеттер жұмыс жоспарларын есепке алып, Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінім түрінде ресімделеді.

      12. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттарға және стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу қажеттігіне өткізілген алдын ала талдауды есепке алып, техникалық регламенттерге өзара байланысты стандарттарға талдау негізінде енгізіледі.

      13. Стандарттау саласында мемлекеттік органдар, ұлттық орган мен техникалық комитеттер өткізетін мониторингілеу шеңберінде ұлттық жоспар жобасына ұсыныстар қалыптастырылады. Мемлекеттік органдар мен техникалық комитеттер жүзеге асыратын мониторингілеу нәтижелері жартыжылдық қорытынды бойынша ұлттық органға жіберіледі.

      14. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де көздер негізінде енгізіледі (қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың нормативтік базасының қамтамасыз етуін талдау, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларын талдау, артық талаптарды талдау немесе отандық тауар өндірушілерге бағытталған стандарттарда қосымша талаптарды белгілеу мүмкіндіктерін талдау).

      15. Ұлттық жоспар жобасына ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беруі, ғылыми зерттеулер нәтижелері мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарды ескеруі тиіс.

      16. Ұлттық орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және ұлттық жоспар жобасын қалыптастырады.

3-тарау. Ұлттық жоспарды әзірлеу, келісу және бекіту

      17. Ұлттық жоспар жобасын ұлттық орган Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      Ұлттық жоспар жобасы мынадай ақпаратты:

      1) стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші бойынша кодын;

      2) стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауын;

      3) әзірлеу негіздемесін;

      4) негізгі нормативтік базаны;

      5) жұмысты орындау мерзімдерін;

      6) қаржыландыру көзін;

      7) ұсыныс-өтінімді берген өтініш беруші – ұйымды;

      8) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу кодын;

      9) стандарттау жөніндегі құжаттарды әлеуетті пайдаланушы – ұйымдардың тізбесін қамтиды.

      18. Ұлттық жоспар жобасы жоспарланған кезең алдындағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, барлық мүдделі субъектілер қарастыруы үшін ұлттық органның интернет-ресурсында күнтізбелік алпыс күнде орналастырылады.

      19. Ұлттық орган ұлттық жоспар жобасын орналастыру туралы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына оны интернет-ресурсқа орналастырған сәттен бастап бес жұмыс күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.

      20. Ескертулер мен ұсыныстарды ұсынғаннан кейін ұлттық орган пікірлер жинағын жасап, оны ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырады және мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге пікірлер жинағын орналастыру туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Ұлттық орган ұлттық жоспардың жобасын және пікірлер жинағын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізеді.

      21. Ұлттық орган алдымыздағы жоспарланған жылдың 20 қазанынан кешіктірмей ұлттық жоспар жобасының соңғы редакциясын бекіту үшін уәкілетті орган қарауына шығарады.

      22. Ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінен Ұлттық жоспар жобасына келіп түскен өтінімдер мен түсіндірме жазба қоса беріледі. Түсіндірме жазбада белгіленетін басым бағыттарға келіп түскен ұсыныстардың саны, оның ішінде себептерін көрсете отырып, қабылдаған және қабылданбаған ұсыныстардың саны, жоспарланған жұмыстар, талдамалық шолу туралы ақпарат қамтылады.

      23. Ұлттық жоспар алда жоспарланған кезеңдегі жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және уәкілетті орган мен ұлттық органның Интернет-ресурстарында жарияланады.

4-тарау. Ұлттық жоспарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі

      24. Ұлттық орган ҚР СТ 1.7 сәйкес өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі мен орындылығын көрсете отырып, мүдделі субъектілердің ұсыныстары негізінде ұлттық жоспарға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды қалыптастырады және оны уәкілетті орган бекітеді.

  Ұлттық стандарттау жоспарын
әзірлеу қағидаларына қосымша
  нысан

Ұлттық стандарттау жоспары

р/с №

Стандарттардың мемлекетаралық сыныптауышы бойынша коды

Стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы

Әзірлеу негіздемесі

Негізгі нормативтік база

Жұмыстарды орындау мерзімі

Қаржыландыру көзі

Ұсыныс-өтінімді берген өтініш беруші – ұйым

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу коды

Стандарттау жөніндегі құжаттарды әлеуетті пайдаланушы – ұйымдардың тізбесі

әзірлеуді бастау

жобаның соңғы редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

20___ жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары

1-бөлім. Негіз құраушы ұлттық стандарттарды әзірлеу












2-бөлім. Техникалық регламенттер тізбесіне өзара байланысты ретінде қосылатын ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу












3-бөлім. Экономика секторларында ұлттық стандарттарды әзірлеу












4-бөлім. Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауыштары












  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министірінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. "Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6277 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) санында жарияланған).

      2. "Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8403 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 26 қазандағы № 240 (28179) санында жарияланған).

      3. "Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 410 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8974 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 20 тамыздағы № 161 (28385) санында жарияланған).