Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 870 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17989 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.06.2021 № 411-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8302 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 114 (28053) санында жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15774 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіндегі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2018 жылғы 12 желтоқсандағы
  № 870 бұйрығымен бекітілген

Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану (бұдан әрі - стандарттау жөніндегі құжаттар) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ұқсас (баламалы) стандарттар – мазмұны мен ұсынулу құрылымы (нысаны) бойынша ұқсас үйлестірілген стандарт;

      2) түрлендірілген стандарттар - оларды сәйкестендiру және түсіндіру шарттары кезiнде ұсыну нысаны бойынша техникалық ауытқулары және (немесе) айырмашылықтары бар үйлестiрiлген стандарт;

      3) баламасыздық стандарттар - халықаралық стандарттың техникалық ережелерінiң аз бөлiгiн және (немесе) сәйкестендiрiлмеген техникалық ауытқуларды қамтитын, ұсыну нысаны бойынша айырмашылықтары бар стандарт;

      4) стандарттау жөніндегі ұлттық орган - стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіуді жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға.

2-тарау. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау жөніндегі құжаттар стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекітетін ұлттық стандарттау жоспарына қосу және (немесе) бастамашылық тәртіпте орындау арқылы ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, қағидаларды, нормалар мен ұсынымдарды әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін. Стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптары толық көлемде немесе ішінара қолданылуы мүмкін, ол олардың сәйкестік дәрежесімен айқындалады.

      4. Стандарттау жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) оларды ұлттық және мемлекетаралық стандарттар, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, қағидалар, нормалар мен ұсынымдар ретінде қабылдау арқылы;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұйымның мақсаттарын іске асыру үшін ұйымның стандарттары ретінде қолданылады.

      5. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың стандарттау жөніндегі тиісті құжаттармен өзара байланысын айқындау үшін сәйкестіктің мынадай үш дәрежесі белгіленеді:

      1) ұқсастығы (баламалығы);

      2) түрлендірілген (өзгерістер енгізу);

      3) баламасыздық.

      6. Олардың сәйкестік дәрежесі мынадай:

      1) IDT – талаптар ұқсастығы;

      2) МОD – түрлендірілген стандартта;

      3) NEQ – талаптардың баламасыздығы индекстерімен белгіленеді.

      7. Стандарттау жөніндегі құжаттарды жасауға, ресімдеуге қойылатын талаптар негіз құраушы стандарттармен белгіленеді.

      8. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері стандарттау жөніндегі құжаттарды ұйым мақсаттарын іске асыру үшін, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбеген болса, ұйым стандарттарын әзірлеу кезінде негіз ретінде қолдана алады.

      9. Ұйымның бастамасы бойынша негізге алынатын ұлттық стандарттармен айқындалған тәртіпте олармен қабылданатын ұйым стандарттарының жобаларына сараптама жүргізеді.

      10. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық жарақтау өткізу, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану кезінде стандарттау жөніндегі құжаттарды тікелей қолдануға рұқсат етіледі.

      11. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану үшін қажетті жағдайлардың бірі:

      1) Стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүшелігі;

      2) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;

      3) стандарттау жөніндегі ұлттық орган және халықаралық немесе өңірлік ұйым арасындағы стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы;

      4) стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану бойынша төпнұсқаларды ұстаушылардың талаптарын сақтау.

      12. Стандарттау жөніндегі құжаттарды және олардың көшірмелерін қолдану мен тарату төлнұсқаларын ұстаушы ұйымдардың авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

      13. Стандарттау жөніндегі құжаттарды түпнұсқа тілінен аудару төлнұсқаларды ұстаушылардың шарттарын сақтап жүзеге асырылады.