"Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17955 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 491 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 683 бұйрығымен бекітілген

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт

      ___________________________                              "___"__________20__г.

      (шарт жасалған орын)

      _______________________________________________________________________________,

      (энергия өндіруші ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен органы)

      атынан _________________________________________________________________________,

      (лауазымы, аты-жөні)

      негізінде әрекет ететін

      _______________________________________________________________________________,

      (құжаттың атауы)

      бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір тараптан және

      _______________________________________________________________________________,

      (бірыңғай сатып алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен органы)

      атынан _________________________________________________________________________,

      (лауазымы, аты-жөні)

      негізінде әрекет ететін

      _______________________________________________________________________________,

      (бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)

      бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші тараптан, бұдан әрі бірге "Тараптар", ал жеке – жеке "Тарап" деп аталатын, төмендегілер туралы осы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты (бұдан әрі-Шарт) жасасты:

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) аттестатталған электр қуаты – жүргізілген тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының жиынтығы, МВт;

      2) генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосы - әрбір тәулікке жүйелік оператор жасайтын құжат, онда Бірыңғай сатып алушымен электр қуаттарының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының генерацияланатын жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері көрсетіледі;

      3) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіруші құрылғы;

      4) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау - аттестатталған электр қуатының мәнін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік Оператор жүргізетін іс-шаралар;

      5) есеп айырысу кезеңi – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметiне есеп айырысу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi сағат 00-00-ден бастап соңғы күнi сағат 24-00-ге дейiн күнтiзбелiк бiр айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат);

      6) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      7) жүктеменің өңірлік бейіні – жүйелік оператормен келісілген (анықталған) қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын тұтынудың сағаттық мәндерін есептеу (сальдо-ағын) алгоритмі;

      8) коммерциялық есепке алу кешені –белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпаратты жинақтау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан, коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;

      9) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) тесттік команда –энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының электр қуатын өзгертуге энергия өндіруші ұйымға жүйелік оператор берген өкім;

      11) техникалық минимум - конденсациялық, жылыту, газтурбиналы және бугазды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша; гидроэлектр электр станциялары үшін - су қорын пайдалану және қорғау,сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен тапсырылған су шығынын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша генерациялайтын қондырғылардың жұмысында минималды рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;

      12) технологиялық минимум - генерациялайтын қондырғылардың минималды электр қуатының жиынтығы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт;

      13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – электр өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға генерациялайтын қондырғылардың белгіленгентәртіпте аттестатталған электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсететін қызмет;

      14) электр қуатының аттестатталған азаю жылдамдығы –электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың үшінші кезеңіннен өту уақытында энергия өндіруші ұйымының электр станциясы генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні, минутынаМВт;

      15) электр қуатының аттестатталған ұлғаю жылдамдығы – электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың бірінші кезеңінен өту уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, минутынаМВт.

      Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Шарттың нысаны

      2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге (бұдан әрі – әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсету), ал Бірыңғай сатып алушы қызметті сатып алуға (тұтынуға) және ақы төлеуге міндеттенеді.

      3. Әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетудің техникалық талаптары мен сипаттамалары:

      _________________________________________________________________________.

      (осы тармақта Шарт мәнінің техникалық талаптары және сипаттамалары көзделеді)

      4. Осы Шарт бойынша Бірыңғай сатып алушы Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуі үшін ақы төлеуге міндеттенетін бағасы (Жеке тариф) (бұдан әрі – шарттық баға) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) 11-тармағында көрсетілген санаттардың біріне Субъектіні жатқызуына байланысты айқындалады.

      5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндетті әзірлікті ұстап тұру бойынша қызметтің көлемі (бұдан әрі – шарттық көлем) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады.

      6. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің, оның ішінде тек қана жылу тұтынуында жұмыс істеуге технологиялық тұрғыда осы көлемде ескерілген өндіруші қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) келетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің бір бөлігінің шарттық есебі осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.

      Бұл ретте, осы Шарт Қуат нарығы қағидаларының 11-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарына қатысты болған жағдайда, осы Шартқа 2-қосымша толтырылмайды.

      7. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлікті ұстап тұру бойынша қызметті көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттенетін мерзім (бұдан әрi – шарттық мерзім) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Субъектінің жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетіні қызметті сатып алудың шарттық бағасы (жеке тариф), көлемі және мерзімі осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.

      8. Меншікті тұтынудың электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің ең жоғары электр қуаты және Субъект экспортының максималды электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.

      Егер Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген жағдайда, осы Шартқа 3-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      9. Бірыңғай сатып алушы:

      1) осы Шартқа сәйкес Субъект әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге уақтылы ақы төлеуге;

      2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы шұғыл хабардар етуге;

      3) қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартқа өзгерістер енгізуді немесе бұзуды жүзеге асыру.

      10. Бірыңғай сатып алушы:

      1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартқа өзгерістерді (түзетулерді) бұзуды немесе енгізуді жүзеге асыруға;

      2) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес әзірлікті ұстап тұру бойынша қызметін алуға;

      3) мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде электр қуаты нарығындағы Субъектінің қызметі туралы ақпарат беруге;

      4) Субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;

      5) осы Шартты жасаумен және орындаумен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

      11. Субъект:

      1) оның құрамына кіретін электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде ұдайы әзірлікте ұстап тұруға;

      2) жүйелік оператордың тесттік командаларын орындауға;

      3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында ұлғайтуды және азайтуды реттеуге қатысуға жүйелік операторға күн сайын өтінімдер беруге;

      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес жалпы бастапқы жиілікті реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстап тұруға;

      5) жүйелік операторға алдағы тәуліктерге Субъектінің электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты күн сайын ұсынуға;

      6) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялаудың және босатудың электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өзі тұтынатын электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге міндетті;

      7) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялаудың және босатудың электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өзі тұтынатын электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты күн сайын беруге;

      8) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялаудың және босатудың электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субектінің өткен есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) ) меншікті тұтынудың электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты ай сайын тіркеуге және беруге;

      9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосу арқылы электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;

      10) жүйелік оператордың қызметкерлерін көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектері мен коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында коммерциялық есепке алу аспаптарына жіберуге;

      11) өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Бірыңғай сатып алушыны дереу хабардар етуге;

      12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларын күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық графиктерін бұзбауға;

      13) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға, оның ішінде Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарттары жоқ өнеркәсіптік кешендерге электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;

      14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізуге;

      15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Субъектінің объектілерінде орналасқан тарату құрылғыларының, аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;

      16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерациялау режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға міндетті.

      12. Субъект:

      1) Бірыңғай стапы алушыдан осы Шартқа сәйкес әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеуді талап етуге;

      2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

4-тарау. Әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

      13. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, осы қызмет көрсетілген ай аяқталғаннан кейiн қырық бес жұмыс күнінен кешiктiрмей ақы төлейдi.

      Бұл ретте, осы Шарт бойынша Бірыңғай сатып алушы тарапынан ақы төлеуге Субъектімен әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін нақты көрсеткен көлемі (бұдан әрі – әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) жатады.

      Әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.

      Бірыңғай сатып алушы төлеуге жататын әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Субъектіге тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынады.

      14. Осы Шарттың 13-тармағында көрсетілген әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актiсiнiң негiзiнде жүргізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпаратының негізінде қалыптастырады.

      15. Егер Бірыңғай сатып алушы ұсынылған шот-фактураның дұрыстығын дауласа, ол Субъектіні оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтініш береді. Бұл ретте, Бірыңғай сатып алушы осы Шарттың 13-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес шот-фактураның даусыз бөлігін төлеуге міндетті.

      16. Бірыңғай сатып алушының әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      17. Алдыңғы есеп айырысу кезеңдері үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте төлем осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер Бірыңғай сатып алушы есеп айырысу кезеңінде Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кету айырмасы келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.

5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру

      18. Субъект электр энергиясын есепке алу үшін тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.

      19. Коммерциялық есепке алу аспаптары жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты жұмыстардың кез келген түрін жүргізген кезде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізу кезеңінде есепке алуды жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырады.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      20. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      21. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      22. Шот-фактура бойынша төлем мерзімі басталған сәтке дейін төлемегені үшін, Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалары бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Кешіктірілген сомалар бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыдан төлемнің әрбір кешіктірілген күні үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемесін нақты орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      23. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.

      24. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш жағдаяттарының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеу құқығына ие болмайды. Бұл ретте, Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш жағдаяттары басталғанға дейін туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерінен босатылмайды.

      25. Егер Тараптардың біреуі еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тарап Шартты бұзуға құқылы.

8-тарау. Дауларды қарастыру

      26. Осы Шарт мәнінен туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптар келіссөздері арқылы шешіледі.

      27. Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмейтін болса, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

9-тарау. Басқа ережелер

      28. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы жүргізілетін өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

      29. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      30. Осы Шартта көрсетілген ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз үшінші тараптарға ашуға және/немесе беруге жатпайды.

      31. Осы Шартқа енгізілген барлық өзгерістер және қосымшалар жазбаша нысанда жасалса және оған екі Тарап та қол қойған жағдайда күшіне ие болады және қолданылады.

      32. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Субъектінің әзірлікті қолдау бйоынша қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.

      33. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр Тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.

10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

      34. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Бірыңғай сатып алушының атауы
Мекенжайы:
Телефон:
Банктік деректері:
_________________Т.А.Ә.
(қолы)

Субъектінің атауы
Мекенжайы:
Телефон:
Банктік деректері:
_________________Т.А.Ә.
(қолы)

  Электр қуатының әзірлігін ұстап
тұру бойынша көрсетілетін
қызметті сатып алу туралы
үлгілік шартқа
1-қосымша
  Нысан

Субъектінің жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетіні қызметті сатып алудың шарттық бағасы (жеке тариф), көлемі және мерзімі*

№ р/с

Кезең, жыл**

ҚҚС-ны есепке ала отырып электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы (жеке тариф), мың теңге/(МВт*айына)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, МВт

Оның ішінде:

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің мерзімі, жылдар****

Технологиялық тұрғыдан тек жылуды пайдалану арқылы жұмыс істеуге арналған, осы көлемде ескерілген генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің бір бөлігі, МВт***

1

2

3

4

5

6

1






2






3






      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәні ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет мерзімінің әр кезеңі мына форматта көрсетіледі: 20___ ж.

      *** - бұл баған егер электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт Қуат нарығқағидасының

      11-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қатысты болған жағдайда толтырылмайды.

      **** - Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әр кезеңі ін бірдей форматта көрсетіледі: 20___ - 20___ жж.

  Электр қуатының әзірлігін ұстап
тұру бойынша көрсетілетін
қызметті сатып алу туралы
үлгілік шартқа
2-қосымша
  Нысан

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің, оның ішінде тек қана жылу тұтынуында жұмыс істеуге технологиялық тұрғыда осы көлемде ескерілген өндіруші қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) келетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің бір бөлігінің шарттық есебі

      Осы Есеп Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №688 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12510 болып тіркелген) құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен Бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      1. Есептеу бөлімі.

  1-кесте*

ЭӨҰ станцияларының атауы*

Параметрлер***

tорташа, (5) оС

tтікелей, оС

tкері, оС

Gайналымци, тонна/сағат

Gтолық, тонна/сағат

Qкері, Гкал/сағат

t0, оС

Qтолықт, Гкал/сағат

Qежсжқ, Гкал/сағат

Q, Гкал/сағат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












2












3












      Ескертпе:

      * - Кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін (бұдан әрі – ЭӨҰ станциялары) жылу электр орталықтары;

      *** - Параметрлер үшін мынадай белгілер пайдаланылды:

      1) tорташа(5) – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндіктесыртқы ауаның орташа температурасы, оС Цельсиймен;

      2) tтікелей – ЭӨҰ станцияларының қолданыстағы температуралық кестесі бойынша өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндікте сыртқы ауаның оС Цельсиймен орташа температурасына сәйкес келетін тікелей судың температурасы;

      3) tкері – ЭӨҰ станцияларының қолданыстағы температуралық кестесі бойынша өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндікте сыртқы ауаның оС Цельсиймен орташа температурасына сәйкес келетін кері судың температурасы;

      4) Gайналым – ЭӨҰ станцияларының қолданыстағы температуралық кестесі бойынша су айналымының ең жоғарғы мәні, тонна/сағатпен;

      5) Gподп – ЭӨҰ станцияларының қолданыстағы температуралық кестесі бойынша толықтыру мәні, тонна/сағатпен;

      6) Qайналым – алдағы жылы ЭӨҰ станцияларының кері айналатын суы бар жылуды босатудың қажетті қуатының жоспарлы ең жоғарғы мәні, Гкал/сағат;

      7) t0 – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндікте сыртқы ауаның оС Цельсиймен орташа температурасына сәйкес келетін бастапқы шикі судың температурасы;

      8) Qтолықтыру – алдағы жылы ЭӨҰ станцияларының жылу босатудың қажетті қуатының жоспарлы ең жоғарғы мәні, Гкал/сағат;

      9) Qпвк – ең суық бес күндікте тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станцияларының өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндікте сыртқы ауаның оС Цельсиймен шыңдық су қайнатқыш қазандықтарының жылу қуаты, Гкал/сағат;

      10) Q –. Q-алдағы жылы жылыту іріктеулері бар және күзгі-қысқы кезеңге өту кезінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станциясының барлық қолданыстағы генерациялайтын қондырғыларының жылу жүктемесінің жоспарлы ең жоғары деңгейі, Гкал/с.

  2-кесте*

ЭӨҰ станциялары бойынша ГҚ атауы**

Параметрлер***

Ескертпе

QГҚ белгіленген Гкал/сағат



 

QГҚ, Гкал/сағат

Рмин ГҚ, МВт



 


 

ИК****

ТП*****

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










2







3







      Ескертпе:

      * - қолданыстағы энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін әрбір жылу электр орталығы бойынша жеке толтырылады, бұл ретте кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - жұмыс істеп тұрған электр өндіруші ұйымның (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы) құрамына кіретін, күзгі-қысқы кезеңге өту кезінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған және жылыту іріктеуі (іріктеу) бар жылу электр орталығының генерациялайтын қондырғысы;

      *** - Параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылды:

      1) Qбелгіленген – күзгі-қысқы кезеңге өту кезінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған және (жылыту) жылыту іріктеуі (іріктеуі) бар ЭӨҰ станциясының өндіруші қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағат;

      2)

–күзгі-қысқы кезеңге өту кезінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған және жылыту сұрыптары бар ЭӨҰ станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағат.

      3) QГҚ –күзгі-қысқы кезеңге өту кезінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының алдағы жылғы жоспарлы жылу жүктемесінің максималды деңгейі, Гкал/сағат;

      4) Рмин ГҚ алдағы жылы ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының (оның жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) минимальды электр қуатының жоспарлы максимальды мәні МВт;

      5)

– ЭӨҰ станциясының алдағы жылы генерациялайтынқондырғылардың (оның жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт (осы қуатқа №6 баған ұяшықтарының мәндері қосылады, олар үшін №9 баған ұяшықтарында "Жоқ" сөзі көрсетілген");

      6)

– технологиялық тұрғыдан тек қана жылу тұтынуында жұмыс істеуге арналған генерациялайтын қондырғылардың(олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), ЭОҰ станциясының МВт-дағы ең минимальды электр қуатының алдағы жылғы жоспарлы максималды мәні (осы қуатқа №6 бағанның ұяшықтарының мәндері қосылады, №9 бағанның сәйкес ұяшықтарында "Иә" сөзі көрсетілген, ал №10 бағанның сәйкес ұяшықтарында "Иә" сөзі көрсетілген;

      **** - жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға қатысты инвестициялық келісім (бұдан әрі – ИК). Осы №9 бағанада №1 бағандағы әрбір ұяшықтың қарама-қарсы ИК шеңберінде пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғымен №1 бағандағы ұяшықта көрсетілген генерациялайтын қондырғы болып табылатындығына байланысты "Иә" немесе "Жоқ" сөз көрсетіледі;

      ***** - технологиялық тұрғыдан тек жылу тұтынуында жұмыс істеуге арналған генерациялайтын қондырғы. Осы №10 бағанда №1 бағанның әрбір ұяшықтың қарама-қарсы " иә "деген сөз не" жоқ "деген сөз №1 бағандағы ұяшықта көрсетілген генерациялайтын қондырғы болып табылатындығына байланысты көрсетіледі;

  3-кесте*

ЖЭО атауы**

Параметрлер***







ҰТК,
МВт







1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2




3




      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы) құрамына кіретін жылу электр орталығы;

      *** - Параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылады:

      1)

– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қонлдырғыларының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) минималды электр қуатының алдағы жылғы жоспарлы максималды мәні МВт;

      2)

– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) минималды электр қуатының алдағы жылғы жоспарлы максималды мәні МВт;

      3)

– энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шартта көрсетілетін энергия өндіруші ұйымның меншікті тұтыну бойынша электр қуатының алдағы жылғы максималды мәні, МВт;

      4) ҰТК – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет көлемі), МВт;

      5)

– технологиялық тұрғыдан тек жылу тұтынуында жұмыс істеуге арналған генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) минималды электр қуатының алдағы жылғы жоспарлы ең жоғарғы мәні (оның жылу жүктемесінің берілген деңгейінде), ЭОҰ станциясы, МВт;

      6)

– технологиялық тұрғыда тек жылу тұтынуында жұмыс істеуге арналған генерациялайтын қондырғыларды(олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) минималды электр қуатының алдағы жылғы жоспарлы масималды мәні, ЭОҰ станциясы, МВт;

      7)

– технологиялық тұрғыдан тек жылуды тұтынуында жұмыс істеуге арналған генерациялайтын қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) осы көлемде ескерілген көрсетілетін қызмет көлемі, МВт.

      2. Осы Есептеуде көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың тәуелділік графиктері (Есепке қоса беріледі).

      Бұл ретте әрбір Тәуелділік графигіне осы кесте бойынша көрсетілген әр қадамның егжей-тегжейлі негіздемесімен тиісті генерациялайтын қондырғының минималды электр қуатының (оның жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) тәуелділігін анықтау процесінің қадамдық сипаттамасы қоса беріледі.

      3. Жергілікті атқарушы органмен келісілген алдағы күзгі-қысқы кезеңге арналған температуралық графиктер (Есептеуге қоса беріледі) осы есепте көрсетілген жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін барлық жылу электр орталықтары.

      4. Осы Есептеуде көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғығылардың паспорттық деректерінің көшірмелері (Есептеуге қоса беріледі).

      5. Мыналарды растайтын құжаттар (Есептеуге қоса беріледі):

      1) өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік күндер (күндер);

      2) өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндікүшін осы есепте көрсетілген осы бескүндік ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ең жоғары су жылыту қазандықтарының жылу қуаттарының орташа мәндері;

      3) өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік уақыт ішіндегі сыртқы ауа температурасының орташа мәні;

      4) күзгі-қысқы кезеңіндегі ең суық бес күндік ішіндегі бастапқы шикі су температурасының орташа мәні.

      6. Нәтижелері бойынша осы Есептеудің 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген параметрлерінің мәндері анықталған есептің қадамдық сипаттамасы (Есептеуге қоса беріледі).

  Электр қуатын әзірлікте ұстап
тұру бойынша көрсетілетін
қызметті сатып алу туралы
үлгілік шартқа
3-қосымша
  Нысан

Меншікті тұтыну электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты және Субъектінің жылдар бойынша экспортының максималды электр қуаты*

№ р/с

Кезең, жыл**

Меншікті тұтыну электр қуатының максималды мәні, МВт

оның ішінде:

Бөлшек нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты, МВт

Экспорттың максималды электр қуаты, МВт

Электр станцияларының өзіндік мұқтаждықтары электр қуатының максималды мәні, МВт***

1

2

3

4

5

6

1






2






3






      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі тиіс және мына форматта көрсетіледі: 20___ ж.

      *** - Субъектінің электр станцияларының барлық жеке мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының ең жоғарғы мәнінен, сондай-ақ Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының тиісті ең жоғарғы мәнінен тұратын Субъектінің электр станцияларының жеке мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының ең жоғарғы мәні.