"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 256 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17945 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 35-5-тармақпен толықтырылсын:

      "35-5. Қор активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында осы Қағидалардың 8-1-тарауына сәйкес бағалы қағаздарды кепілмен қарызға беру бойынша операцияларды (securities lending) жүзеге асыруға рұқсат беріледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. ICE BofAML US 6-Month Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып саналады. Бұл индекс алты айға дейінгі өтеу мерзімі бар АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын ICE Data Indices компаниясының индексі болып табылады.

      Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Корпоративтік бағалы қағаздар эмитенттерінің тұрақтандыру портфелінде АА (Standard&Poor’s)/ Aа2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері болады.

      Тұрақтандыру портфеліндегі коммерциялық бағалы қағаздардың және депозиттік сертификаттардың А-1 (Standard&Poor’s) / P-1 (Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері болады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жинақ портфелі облигациялар портфеліне, акциялар портфеліне және баламалы құралдар портфеліне бөлінеді.

      Облигациялар портфелі дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен, дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен және корпоративтік облигациялар портфелінен тұрады.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Облигациялар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялауды Қордың активтерін сыртқы басқарушылар жүзеге асырады.";

      47-4-тармақ алып тасталсын;

      5-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін эталондық портфель әлемнің дамыған елдері облигацияларының өтімділігі жоғары бағалы қағаздардың мынадай индекстерінен тұратын композиттік индексі болып табылады:

      ICE BofAML 1-5 Year US Treasury Index (GVQ0) – 55 (елу бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year German, France, Netherlands, Austria, Luxemburg & Finland Government Index (EVDF) – 15 (он бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year UK Gilt Index (GVL0) – 10 (он) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year Japan Government Index (GVY0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year Australia Government Index (GVT0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year Canada Government Index (GVC0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-5 Year South Korean Government Index (GSKV) – 5 (бес) пайыз.

      Дамыған елдер облигацияларының композиттік индексіндегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі.

      Бағалы қағаздардың дамыған елдер облигацияларының композиттік индексіндегі құрамы ай сайын өзгереді.

      Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.";.

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.";

      50-1-тармақ алып тасталсын;

      51 және 51-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Бағалы қағаздардың ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі – BBB (Standard&Poor’s)/ Baa2 (Moody’s).

      Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфеліндегі жеке басқарушы портфельдегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor's/Moody's) бойынша лимиттер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Коммерциялық бағалы қағаздардың және депозиттік сертификаттардың ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтингі – А-3 (Standard&Poor’s)/ P-3 (Moody’s).

      Эталондық портфелге кірмейтін дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің, агенттік борыштық міндеттемелердің, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципальды борыштық міндеттемелердің, АА- (Standard&Poor's)/ Aa3 (Moody's) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелерінің ең көп ауытқулары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Муниципалды борыштық міндеттемелер мемлекеттік кепілмен қамтамасыз етіледі.

      Жылжымайтын мүлікке кепілдікке берілген бағалы қағаздар (MBS) және активтерге кепілдікке берілген бағалы қағаздар (ABS) ААА-дан ВВВ-ға дейін (Standard&Poor’s) немесе Ааа-дан Ваа2-ға дейін (Moody’s) кредиттік рейтингтері бар.

      51-1. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі кірістілігінің эталондық портфельдің кірістілігінен (ex-ante tracking error) ауытқуының күтілетін өзгермелілігі – 2 (екі) пайыз.";

      5-тарау мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-параграфтармен толықтырылсын:

      "2-1-параграф. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері

      51-2. Экспортта мұнайдың кемінде 80 (сексен) пайыз мөлшерде үлесі бар елдердің облигацияларын алып тастайтын ICE BofAML Q34A Custom Index индексі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі үшін эталондық портфель болып табылады.

      51-3. Экспорттағы мұнайдың кемінде 80 (сексен) пайыз мөлшерде үлесі бар елдің облигациялар индексінің құрамынан алып тастауды кемінде жылына бір рет Ұлттық Банк жүзеге асырады.

      51-4. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі активтерінің ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/ Ва2 (Moody’s) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтинг агенттіктерінің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді.

      Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің активтері үшін екі және одан астам кредиттік рейтинг болған кезде ең аз кредиттік рейтинг олардың ең азы ретінде айқындалады.

      Егер актив бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төмен кредиттік рейтингтен төмендейтін болса, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бірақ актив бойынша ең төмен кредиттік рейтингтің мәні төмендеген күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде берілген актив бойынша позицияларды жедел жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

      51-5. Эталондық портфельге кіретін эмитенттің бір елінің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды.

      51-6. Эталондық портфельге кірмейтін эмитенттің бір елінің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.

      51-7. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 пайыз шегінен аспайды.

      51-8. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      51-9. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі кірістілігінің күтулі өзгергіштігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын ескере отырып, әр айдың соңғы жұмыс күні жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеулер асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жояды.

      2-2-параграф. Корпоративтік облигациялар портфелінің өлшемдері

      51-10. Корпоративтік облигациялар портфелі үшін эталондық портфель ICE BofAML Q35A Custom Index индексі болып табылады.

      51-11. Корпоративтік облигациялардың портфелі активтерінің ең аз кредиттік рейтингі ВВВ- (Standard&Poor's) / Ваа3 (Moody’s) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді.

      Корпоративтік облигациялар портфелінің активтері үшін екі және одан көп кредиттік рейтинг болған жағдайда ең төмен кредиттік рейтинг олардың ең төменгісі болып белгіленеді.

      Егер актив бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төмен кредиттік рейтингтен төмендейтін болса, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бірақ актив бойынша ең төмен кредиттік рейтинг мәні төмендеген күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде берілген актив бойынша позицияларды жедел жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

      51-12. Корпоративтік облигациялар портфелінің дюрациясы эталондық портфельдің дюрациясынан +30/-40 пайыз шегінен аспайды.

      51-13. Корпоративтік облигациялар портфелін секторлық бөлу осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      51-14. Корпоративтік облигациялар портфелінің кірістілігі ауытқуының күтілетін өзгермелігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын ескере отырып, әр айдың соңғы жұмыс күніне жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеуден асқан жағдайда, Ұлттық Банк оны асыру күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жояды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Акциялар портфелі үшін эталондық портфель Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын мамандандырылған индекс - MSCI World ex Sweden Index болып табылады.

      Күн сайын есептелетін кірістілік көрсеткіші салықтарды есепке алмағанда, дивидендтерді қайта инвестициялауды есепке ала отырып, индекс кірістілігі болып табылады.";

      5-тараудың 4-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Баламалы құралдар портфелі

      56-1. Баламалы құралдар портфелі кірістілігінің нысаналы деңгейі АҚШ долларымен өлшенетін 80 (сексен) пайызы MSCI АCWI Investable Market Index индексінен және 20 (жиырма) пайызы Barclays Global Aggregate Bond Index индексінен тұратын композиттік индекстің кірістілігі болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген композиттік индекстегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Бұл ретте кірістіліктің ең төменгі деңгейі жылдық есептеуде +3 (үш) пайыз АҚШ-тағы (US CPI) инфляция индексінің мәнін құрайды.

      56-2. Баламалы құралдар портфелінің мақсаты ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және Қор активтерін әртараптандыру болып табылады. Баламалы құралдар портфелінің мақсатына сәйкес оның тиімділігін бағалау 15 (он бес) жылдан асатын кезеңге жүзеге асырылады.

      56-3. Баламалы құралдардың портфелін басқаруды "Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) жүзеге асырады.

      56-4. Баламалы құралдардың портфелінде инвестицияларды жүзеге асырған кезде Корпорация осы Қағидаларда белгіленген шектеулерді сақтайды.

      56-5. Баламалы құралдар портфелінің активтері мынадай баламалы құралдарға:

      1) хедж-қорларға;

      2) жеке капиталға;

      3) жылжымайтын мүлікке инвестицияларға;

      4) инфрақұрылымдық инвестицияларға;

      5) өтімді баламалы құралдарға инвестицияланады.

      56-6. Баламалы құралдар портфелінің активтерін "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді есептемегенде, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде көзделген басқа қаржы құралдарына инвестициялауға рұқсат етіледі.

      56-7. Баламалы құралдар портфелінің активтерін қорлардың қорларына (fund of funds) инвестициялауды жүзеге асыру үшін және қорларға тікелей инвестициялау жолымен берген кезде арнайы мақсаттағы (special purpose vehicle) компаниялардың акцияларын және үлестерін сатып алу арқылы инвестициялауға жол беріледі.";

      5-1 тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1-тарау. Алтын портфелінің өлшемдері

      56-8. Алтын портфелі:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі - Орталық) сақталатын құйма түріндегі ішкі алтыннан;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылған метал шоттарға орналастырылған құйма түріндегі сыртқы алтыннан тұрады.

      56-9. Валютадағы активтерді сақтау және халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығын ықтимал төмендеуден қорғау алтындағы активтерді басқару мақсаты болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтындағы активтерді басқарудың мақсаты болып табылмайды.

      56-10. Алтын портфелінің көлемі Қордың активтерін алтын портфеліне аудару сәтінде Қор активтері көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.

      56-11. Активтермен қамтамасыз етілмеген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды.

      Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.

      Қамтамасыз ету ретінде осы Қағидаларда инвестициялау үшін рұқсат етілген, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан жоғары болатын мемлекеттік бағалы қағаздар болады.

      56-12. Алтынды Орталықтағы шоттарға есептей отырып оны ішкі нарықта сатып алған кезде бұл алтын Қордың ішкі алтын позицияларына жатады, ал оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылған шоттарға есептеген кезде Қордың сыртқы алтынының позицияларында есепке алынады.

      56-13. Сыртқы алтынның көлемінен 25 (жиырма бес) пайызға дейін AAA(Standard&Poor's) немесе Ааа (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын алтынның бағасына байланысты бағалы қағаздарға инвестициялауға жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:

      "8-1-тарау. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending)

      70-1. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) беру бойынша операциялар оның шеңберінде кастодиан бағалы қағаздарды жалғыз қарызға беруші ретінде болатын кастодианның бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      70-2. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) беру бойынша операциялар үшін қамтамасыз ету ең төмен кредиттік рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес кредиттік рейтингімен немесе мәмілені ашу сәтіне нарықтық құны кепілге қарызға берілетін бағалы қағаздардың (securities lending) нарықтық құнынан 102 (бір жүз екі) пайыздан кем болатын басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас кредиттік рейтингі бар бағалы қағаздар болып табылады.

      Қамтамасыз ету ретінде Жинақ портфельдің валютасына номинирленген ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік кепіліне (MBS) және активтер кепіліне (ABS) бағалы қағаздар, қолма-қол ақша қабылданбайды.

      70-3. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) бойынша операциялар күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге жасалады.

      70-4. Бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру (securities lending) Ұлттық Банктің меншікті басқаруындағы активтерге, сондай-ақ сыртқы басқаруға берілген активтерге де қатысты рұқсат етіледі.";

      2, 3-1, 4, 5 және 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жазылсын;

      осы қаулыға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес 6-1 және 6-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б.Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 01 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 256 қаулысына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  2-қосымша

Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі

Активтер түрі

Нарықтық құны*

ең төменгі

ең жоғарғы

Қолма-қол валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфелге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

50%

100%

Эталондық индекске кірмейтін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері

0%

50%

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға), орналастырылған ақша

0%

50%

Туынды қаржы құралдар

0%

20%

Корпоративтік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар

0%

30%

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 256 қаулысына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  3-1-қосымша

Өту жоспары

Портфельдердің әр жылдың соңындағы жинақ портфелі құрамындағы нысаналы үлестері

Жыл

Облигациялар

Дамыған елдердің акция-лары

Балама құралдар

Мемлекеттік

Корпоративтік

дамыған елдердің

дамушы елдердің

2017

75%



23% және жоғары

5%-ға дейін

2018

62%

5%

3%

26% және жоғары

2019

49%

10%

6%

31% және жоғары

2020

35%

15%

10%

35% және жоғары

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 256 қаулысына
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  4-қосымша 

Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі

Активтер түрі

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

Қолма-қол валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелері

60%

100%

Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0%

30%

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері

0%

40%

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға) орналастырылған ақша

0%

30%

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0%

50%

Құрылымдық өнімдер (жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздарды (MBS), активтерге кепілге салынған бағалы қағаздарды (ABS) қоспағанда)

0%

30%

Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS), активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS)

0%

30%

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар

0%

30%

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 256 қаулысына
  4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  5-қосымша 

Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor’s)/Moody’s) бойынша лимиттер

Активтердің түрлері

Нарықтық құны

Ең төменгі

Ең жоғары

BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (BBB/Ваа2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар үлес 2%-дан аспайды)

0%

4%

A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар

0%

8%

А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар

0%

12%

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 256 қаулысына
  5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  6-қосымша

Эталондық портфелге кірмейтін дамыған елдердің елдердің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан төмен мемлекеттік облигациялары, эталондық портфельге кіретін елдердің агенттік борыштық міндеттемелері, муниципалдық борыштық міндеттемелері, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері портфеліндегі ең жоғары ауытқулар

Активтердің түрі

Нарықтық құны

ең төменгі

ең жоғары

BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі BBB/Ваа2 активтердің үлесі 3%-дан аспайды)

0 %

6 %

ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін

0 %

9%

ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін

0 %

18 %

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 256 қаулысына
  6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  6-1-қосымша

Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі

Активтердің түрлері

Нарықтық құны

ең төменгі

ең жоғары

Қолма-қол ақша (ағымдағы шоттардағы қалған валюта; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

70 %

100 %

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелері, борыштық міндеттемелері

0 %

30 %

Депозиттер (салымдар)

0 %

20 %

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0 %

50 %

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар

0%

20%

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 256 қаулысына
  7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қорының
  инвестициялық операцияларын
  жүзеге асыру қағидаларына
  6-2-қосымша

Корпоративтік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі

Активтердің түрлері

Нарықтық құны*

ең төменгі

ең жоғары

Қолма-қол ақша (ағымдағы шоттардағы қалған валюта; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері)

0 %

15 %

Эталондық портфельге кіретін корпоративтік бағалы қағаздар

70 %

100 %

Эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздар

0 %

15 %

Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелері, борыштық міндеттемелері

0 %

15 %

Депозиттер (салымдар)

0%

15%

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0 %

50 %

      * туынды құралдар үшін олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны пайдаланылады