Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17938 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 101/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының (бұдан әрі – ҰҚО оқу орындары) әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

      2. ҰҚО оқу орындары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынады, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:

      1) ғылыми зерттеулерді жүргізу:

      2) оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және іске асыру.

2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

      3. Қызметтер көpceту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.

      4. ҰҚО оқу орындары өз интернет-ресурстарында және (немесе) аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген орында мынадай ақпаратты:

      1) ҰҚО оқу орындары ақылы негізде көрсететін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін;

      2) ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орналастырады.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)өткізуден түсетін ақша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтер шоты) есепке алынады және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жұмсалады.

      6. Төлем ақшасыз есеп айырысу бойынша ҰҚО оқу орындарының ақылы көрсетілетін қызметтер шотына аудару арқылы жүргізіледі.

      7. ҰҚО оқу орындары тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операциялар жүргізу үшін жыл сайын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарын жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.

      8. Ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынудан түсетін қаражат мыналарға жұмсалады:

      1) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;

      2) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында шығыс материалдарын және жабдықты сатып алуға;

      3) оқу процесі үшін оқу құралдарын, көрнекілік материалдарды сатып алуға;

      4) жарияланымдар дайындауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерін жария етуге;

      5) оқу-материалдық базасын нығайтуға;

      6) ҰҚО оқу орындарының ғылыми зерттеулерін іске асыру үшін тартылатын штаттан тыс мамандарың еңбегіне ақы төлеуге;

      7) ҰҚО оқу орынының оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарын шығаруға;

      8) ҰҚО оқу орындары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің біліктіліктерін арттыруға;

      9) ҰҚО оқу орындарымен ғылыми (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) оның ішінде халықаралық іс-шаралар, сондай-ақ кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлықтар сатып алуға;

      10) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген іссапар шығындарын төлеу нормаларының шеңберінде зерттеулер өткізумен, оның ішінде халықаралық ғылыми конференциялар, семинарлар, көрмелерге қатысумен байланысты іссапарларға;

      11) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;

      12) оқыту тренингтерін, семинарларын өткізуге;

      13) оқу және ғылыми мақсаттар үшін бейнероликтерді, бейнефильмдерді, аудиожазбаларды дайындауға жұмсалады.

      9. ҰҚО оқу орындарының түскен ақшасын және олардың жұмсалуын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес пайдалануын есепке алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 және "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген бұйрықтарының тәртібімен жүзеге асырылады.