"Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 865 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 17919 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы "___" _______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 865 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 705 бұйрығымен
бекітілген

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері

  1 километр (бұдан әрі - км), мың теңге

р/с

Облыстардың атаулары

Ағымдағы жөндеу

Күтіп-ұстау

Жол қызметін басқару

1

Ақмола

229,45

535,95

63,01

2

Ақтөбе

218,13

492,77

63,01

3

Алматы

199,04

426,36

63,01

4

Атырау

117,27

392,53

63,01

5

Шығыс Қазақстан

248,93

456,67

63,01

6

Жамбыл

194,38

456,42

63,01

7

Батыс Қазақстан

205,41

476,59

63,01

8

Қарағанды

209,43

519,07

63,01

9

Қызылорда

132,18

415,32

63,01

10

Қостанай

200,67

469,83

63,01

11

Маңғыстау

109,57

402,33

63,01

12

Павлодар

208,59

462,21

63,01

13

Солтүстік Қазақстан

213,83

455,17

63,01

14

Түркістан

134,79

415,91

63,01

      Ескертпе:

      1. Күтіп-ұстауға арналған нормативтер көгалдандыру және автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды.

      2. Жол қызметін басқару нормативтері мынадай жұмыс түрлерінің шығындарын қамтиды:

      1) автомобиль жолдарын диагностикалау, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 34,05 мың теңгені құрайды;

      2) автомобиль жолдарын паспорттандыру, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 27,04 мың теңгені құрайды;

      3) нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 1,92 мың теңгені құрайды.

      3. Жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері ақылы автомобиль жолдарындағы жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, интеллектуалдық көлік жүйесін жөндеу және күтіп-ұстау шығындарын қамтымайды.

      4. Нормативтер қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі - ҚҚС) 2001 жылғы базалық бағалармен келтірілген.

      5. 2001 жылғы базалық бағалардан ағымдық деңгейге көшу бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады.

      6. ҚҚС "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) тиісті жылға белгіленетін мөлшерде қабылданады.

      7. Қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген. Талап етілетін санаттың нормативін есептеу үшін жол санаттары бойынша төменде келтірілген саралау коэффициенттері қолданылады:

Жұмыс түрі

Автомобиль жолдарының санаттары

Iа/Iб
8 жолақ

Iа/Iб
6 жолақ

Iа/Iб
4 жолақ

II

III

IV

V

Саралау коэффициенттері

Ағымдағы жөндеу

5,06/3,37

3,90/2,60

2,73/1,82

1,13

1

0,74

0,47

Күтіп-ұстау

4,59/3,06

3,63/2,42

2,67/1,78

1,24

1

0,89

0,73