"Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1045 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17901 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16549 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидаларында, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі:

      2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс жерлерде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды, жүк және өзге де операциялар жасауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасы, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтініші негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – аумақтық орган) басшылары немесе оның орынбасарлары уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім қабылдайды.";

      осы бұйрықпен бекітілген Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарында

      4-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.";

      осы бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу қағидаларында:

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. БСД қызметін тоқтатқан кезде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары – экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – аумақтық орган) басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық органның басшысы орынбасарының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде БСД-нен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкетілуге жатады.";

      осы бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларында:

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тауарлар БСД қоймасында облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен немесе келісімімен орналастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов