РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. Қараңыз
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2019 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығымен бекітілген |
Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қатысушының өтінімі – осы Қағидаларға сәйкес электрондық сауда мәмілесін жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын электрондық сауда-саттыққа қатысушының сұйытылған мұнай газын сатуы (сатып алуы) туралы ұсынысы (оферта) немесе электрондық сауда-саттыққа қатысушының сұйытылған мұнай газын сатып алуы (сатуы) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
2) лот – электрондық сауда-саттыққа шығарылатын, бекітілген бірлік болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемі;
3) сауда-саттықты ұйымдастырушы – электрондық сауда алаңының иесі болып табылатын, осы Қағидаларға сәйкес электрондық сауда алаңында сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын жүргізу бойынша қызмет көрсететін және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резиденті;
4) сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті –электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізумен байланысты мәселелер бойынша оған қатысушылардың мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, сауда-саттықты ұйымдастырушының консультативтік-кеңесші органы;
5) техникалық іркіліс - электрондық сауда алаңының қысқа мерзімге істен шығуы, бұл электрондық сауда-саттықты ұйымдастыруға байланысты қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік бермейді;
6) сауда-саттық құралы - сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген нақты бір ерекшеліктерге сәйкес келетін актив, ол сауда-саттық операциясының нысанасы болуы мүмкін;
7) сауда күні – сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық сауда-саттықты өткізетін жұмыс күні;
8) сауда сессиясы – қатысушылар электрондық сауда алаңына сұйытылған мұнай газын сатып алуға (сатуға) өтінімдер беретін және олар бойынша тауарлық мәмілелер жасалатын сауда күнінің уақыт кезеңі;
9) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласында ақпаратты жинау, сақтау, талдау және өңдеуге арналған "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
10) электрондық сауда-саттыққа қатысушы – осы Қағидаларға сәйкес электрондық сауда алаңдарындағы сауда-саттыққа қатысуға жіберілген тұлға;
11) электрондық сауда алаңы – Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын жүргізуге арналған және мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылым, дерекқор, телекоммуникациялық құралдар және басқа да жабдықтар кешені;
12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңдарға сәйкес қолданылады.
2- тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қойылатын талаптар
3. Сұйытылған мұнай газымен электрондық сауда-саттық жүргізу үшін сауда-саттықты ұйымдастырушы мыналардың болуын:
1) осы Қағидаларға қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңының;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитетінің;
3) электрондық сауда алаңдарында құпиялылық режимін, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, соның ішінде электрондық жеткізгіштегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жасақталған құрылымдық бөлімшенің болуын;
4) сауда-саттықты ұйымдастырушының сұйытылған мұнай газымен электрондық сауда-саттықты ұйымдастырумен байланысты басқарушы лауазымдарды атқаратын қызметкерлерінің:
жоғары білімінің;
электрондық сауда-саттық, тауарлық биржалар саласында және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуын;
5) сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы лауазымдардағы қызметкерлерін қоспағанда, сұйытылған мұнай газымен электрондық сауда-саттықты ұйымдастырумен байланысты лауазымдарды атқаратын қызметкерлерінің – жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;
6) электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелерінің болуын;
7) жасалатын мәмілелер бойынша есеп жасасу үшін клирингтік жүйе тетігін пайдалану туралы екінші деңгейлі банкпен шарттың немесе Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, электрондық сауда алаңына қызмет көрсететін клирингтік ұйыммен шарттың болуын;
8) электрондық сауда алаңы туралы және онда сауда-саттық өткізу тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ электрондық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімі бар қазақ және орыс тілдеріндегі меншікті интернет-ресурсының болуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмайды.
5. Сауда-саттықты ұйымдастырушы әлеуетті сауда-саттыққа қатысушыларды оқыту мен қайта даярлауды жүзеге асырады, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
6. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да тауар түрлерінің сауда-саттығын өткізеді.
7. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
3-тарау. Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптар
8. Сұйытылған мұнай газын сатушылар мен сатып алушылар электрондық сауда-саттыққа қатысушылар болып табылады.
9. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесі субъектілерінің, оның ішінде дилерлер ретінде әрекет ететін мына санаттары немесе олардың өкілдері (агенттері, брокерлері):
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері сұйытылған мұнай газын сатушы ретінде электрондық сауда-саттыққа қатысушылар болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесі субъектілерінің, оның ішінде дилерлер ретінде әрекет ететін мына санаттары немесе олардың өкілдері (агенттері, брокерлері):
1) газ желісі ұйымдары;
2) өнеркәсіптік тұтынушылар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде теміржол цистерналарынан толтыру мүмкіндігімен жалпы көлемі 60 текше метрден кем емес сұйытылған мұнай газын сақтау ыдысы бар немесе айына көлемі 60 текше метрден кем емес сұйытылған мұнай газын сақтау және басқа жаққа айдау бойынша қызмет көрсету туралы тиісті жеткізу өңірінде газ толтыру станциясының иесімен шарт жасасқан газ толтыру пункттері және (немесе) автогаз құю станцияларының иелері сұйытылған мұнай газын сатып алушы ретінде электрондық сауда-саттыққа қатысушы болып табылады.
Өнеркәсіптік тұтынушылар, газ толтыру пункттері немесе автогаз құю станцияларының иелері үшін егер олар автокөлікпен сұйытылған мұнай газын жеткізуді көздейтін сауда құралдарына арналған электрондық сауда-саттыққа қатысса, осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары қолданылмайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сауда-саттықты ұйымдастырушымен аффилиирленген тұлғалар сауда-саттыққа қатысушы болып табылмайды.
12. Электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін сатушылар және (немесе) сатып алушылар немесе олардың өкілдері сауда-саттықты ұйымдастырушымен электрондық сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
13. Сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық сауда-саттыққа қатысушылардың есебін жүргізеді және әрбір сауда-саттыққа қатысушыға бірегей код береді, бұл код бір мезгілде электрондық сауда жүйесіне кіру логині болып табылады.
4-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті
14. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, уәкілетті органда аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерінен, электрондық сауда-саттыққа қатысушылардан, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардан тұрады. Бұл ретте сатушылар өкілдерінің мүшелері мен сатып алушылар өкілдері мүшелерінің саны бірдей болады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті мыналарды:
1) сауда күндері мен негізгі сауда сессияларын өткізу графигін және кезеңділігін;
2) сауда құралдарын;
3) лот мөлшерлерін;
4) электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді қамтамасыз ету мөлшерлерін;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімшілік орталықтарына дейін сұйытылған мұнай газын жеткізу бойынша көлік шығыстары, сондай-ақ әрбір сауда құралы бойынша өзге де қосымша шығыстар туралы мәліметтерді бекітеді.
Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген ақпарат оны сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
1-параграф. Электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу
16. Сұйытылған мұнай газымен электрондық сауда-саттықты ұйымдастыруды жүзеге асыруды көздейтін электрондық сауда алаңының иесі уәкілетті органға өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, еркін нысандағы өтініш береді.
17. Өтінішті сұйытылған мұнай газымен сауда-саттықты ұйымдастырушыларды айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ол уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды. Комиссия уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардан құралады.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде өтініш беруші шартты сауда құралы бойынша бір электрондық сауда-саттыққа кемінде үш шартты сатушының және кемінде бес шартты сатып алушының қатысуымен электрондық сауда алаңының қолда бар функционалын растауға мүмкіндік беретін қашықтан тесттік сауда-саттықты имитациялық режимде Комиссия үшін өткізеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Комиссия өтінішті қарау және қашықтан тесттік электрондық сауда-саттықты өткізу нәтижелері бойынша өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте Комиссия оған қатысты осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдаған электрондық сауда-саттық алаңының иесі және уәкілетті орган электрондық сауда-саттық басталғанға дейін электрондық сауда алаңын уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Комиссия оларға қатысты осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдаған электрондық сауда алаңдары иелерінің атаулары мен байланыс деректері уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық сауда-саттыққа қатысуға тек осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды ғана жібереді.
21. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, электрондық сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына электрондық сауда-саттыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
22. Сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық сауда-саттықта жасалған мәмілелер туралы ақпаратқа негізделген сұйытылған мұнай газына бағаларды, индекстер мен өзге де көрсеткіштерді есептейді.
23. Сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық сауда-саттықты ұйымдастырумен, сондай-ақ жеке мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастырады.
24. Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ай сайын жоспарланған айдың алдындағы ай басталғанға дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын (бұдан әрі – өнім беру жоспары) алады, онда электрондық сауда алаңдары арқылы газ көлемін өткізу бөлінісінде сұйытылған мұнай газын сатушылардың тізімі көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тарауды 24-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
25-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25. Сатушылар өнім беру жоспарында көрсетілген сұйытылған мұнай газының көлемдерін электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу үшін жоспарланған айдың ішінде сұйытылған мұнай газын нақты тиеп-жөнелте отырып, жоспарланған айдың алдындағы айдың он бесінен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізуге қояды.
Бұл ретте өндіруші оларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иелерінің арасында беруге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін уақтылы бөлмеген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда-саттықты бастау күні кейінге, бірақ бес жұмыс күнінен артық емес мерзімге ауыстырылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Сұйытылған мұнай газы тиісті сауда құралдары бойынша электрондық сауда алаңдары арқылы өткізіледі, олар мынаны көздейді:
1) сұйытылған мұнай газының түрі мен оның сапалық сипаттамалары;
2) сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту орны, мерзімі, тәсілі және басқа да шарттары;
3) сұйытылған мұнай газы үшін ақы төлеу шарттары;
4) олардың аумағы шеңберінде сұйытылған мұнай газын әрі қарай сатып алушыларға өткізуге жататын өңір (өңірлер);
5) қажет болған жағдайда – сауда-саттықты ұйымдастырушы анықтаған басқа да шарттар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!28-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген кезең ішінде әрбір сауда құралы бойынша бес сауда сессиясын өткізеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Сауда күндері мен сауда сессияларын өткізу графигін және кезеңділігін өзгерту туралы, сондай-ақ қосымша сауда сессияларын өткізу туралы электрондық сауда-саттыққа қатысушыларға сауда күні басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей хабарланады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
30-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30. Сұйытылған мұнай газын сатушылар әрбір сауда сессиясына электрондық сауда алаңдары арқылы өнім беру жоспары шеңберінде өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемінен жиырма пайызын сатуға қояды.
Бұл ретте, егер тиісті сатушы электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі жүз сексен тоннадан аз болса, онда мұндай сатушы бірінші сауда сессиясынан бастап көлемнің жиырма пайыздан астамын сатуға қояды.
Егер өткен сауда сессияларында сұйытылған мұнай газының көлемі өткізуге қойылса, бірақ сатылмаса, мұндай көлем кейінгі сауда сессияларында қосымша қойылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
31-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тұлғалар электрондық сауда алаңында ай сайын сатып алатын сұйытылған мұнай газы партиясының минималды мөлшері – бір лот. Лот мөлшерін сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілейді.
32. Сатушылар өткізуге арналған өтінімдерді лот түрінде шығарады. Егер сатушының сұйытылған мұнай газын өткізу бойынша ай сайынғы міндеттемелерінің мөлшері белгіленген лот мөлшеріне бөлінбейтін болса, онда сатушы сатуға лотқа бөлінетін көлемін шығарады, бірақ ол электрондық сауда алаңы арқылы өткізу бойынша айлық міндеттемелерінің көлемінен кем болмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!33-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
33. Сатып алушы электрондық сауда алаңында ай сайын сатып алатын сұйытылған мұнай газы партиясының максималды мөлшері жоспарланған айға арналған өнім беру жоспарына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы өткізілуге тиіс сұйытылған мұнай газы көлемнің он пайызын құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұйытылған мұнай газының көлемін сауда-саттықты ұйымдастырушы бүкіл электрондық сауда алаңдарында ағымдағы күнтізбелік айдың ішінде осындай сатып алушының сұйытылған мұнай газын сатып алуының нақты көлемдерін ескере отырып, әрбір сатып алушы үшін белгілейді.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатып алу көлемдері туралы деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
34-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34. Электрондық сауда-саттыққа қатысушылар электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысу үшін сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе электрондық сауда алаңына қызмет көрсететін клирингтік ұйымның шотына ақшалай кепілдік қамтамасыз етуді енгізеді.
Электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік қамтамасыз ету мөлшерін сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілейді.
Кепілдік қамтамасыз етуді төлеу, ұстап қалу және қайтару тәртібін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе клирингтік ұйым анықтайды
35. Сұйытылған мұнай газының сауда-саттығы екі қарама-қарсы (анонимді) аукцион түрінде мынадай тәртіппен өткізіледі:
1) электрондық сауда-саттыққа қатысушылар сауда сессиясы ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыға осы Қағидалардың 36-тармағында белгіленген тауардың минималды және максималды бағасына қойылатын талаптарды сақтай отырып, тауарды сатып алуға (сатуға) өтінімді береді;
2) осы Қағидалардың 36-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, сауда күні ішінде бір сауда сессиясы өткізіледі;
3) сауда сессиясының ұзақтығы екі сағатты құрайды;
4) сатушылар сұйытылған мұнай газын өндірушілердің өндірістік объектілерінен немесе мұндай өндірістік объектілермен технологиялық байланысты объектілерден сұйытылған мұнай газын теміржол цистерналарына және (немесе) автогазтасығыштарға құю үшін пайдаланатын объектілер өнімді беру базистері болып анықталады;
5) тауарды сатып алуға (сатуға) арналған өтінімде мынадай негізгі мәліметтер көрсетіледі:
сауда-саттыққа қатысушының атауы;
өтінім түрі (сатып алуға немесе сатуға);
сатып алынатын (сатылатын) тауар атауы;
теңгемен көрсетілетін тауардың бағасы;
сатып алуға (сатуға) мәлімделген тауардың саны;
сауда-саттықты ұйымдастырушы анықтайтын басқа да мәліметтер;
6) барлық қабылданған өтінімдер сатуға және сатып алуға қанағаттандырылмаған өтінімдер кезегіне қойылады:
сатып алуға арналған өтінімдер оларда көрсетілген бағалардың кему тәртібі бойынша қойылады, ал бағалар бірдей болған жағдайда – олардың сауда жүйесіне келіп түсу кезектілігі тәртібімен сараланады;
сатуға арналған өтінімдер оларда көрсетілген бағалардың өсу тәртібі бойынша қойылады, ал бағалар бірдей болған жағдайда – олардың сауда жүйесіне келіп түсу кезектілігі тәртібімен сараланады;
7) сатуға жаңадан келіп түскен өтінім бағасы ең жоғары бағаны құрайтын сатып алуға арналған өтінімнен бастап, сатып алуға келіп түскен өтінімнің бағасына тең немесе одан жоғары болатын өтінімдер арқылы қанағаттандырылады. Бұл процесс сатуға осындай өтінімдер толық қанағаттандырылғанға дейін немесе бағасы жағынан қолайлы сатып алу өтінімдері таусылғанға дейін жалғасады;
8) сатып алуға жаңадан келіп түскен өтінім бағасы ең төмен бағаны құрайтын сатуға арналған өтінімнен бастап, сатуға келіп түскен өтінімнің бағасына тең немесе одан төмен болатын өтінімдер арқылы қанағаттандырылады. Бұл процесс сатып алуға осындай өтінімдер толық қанағаттандырылғанға дейін немесе бағасы жағынан қолайлы сату өтінімдері таусылғанға дейін жалғасады.
Талап етілген сатып алуға (сатуға) қарама-қарсы өтінімдердің санына байланысты жаңадан келіп түскен өтінім негізінде бір немесе одан көп мәмілелер жасалады. Мәмілелер талап етілген қарама-қарсы өтінімдерде көрсетілген бағалар бойынша жасалады;
9) сатып алуға (сатуға) толық қанағаттандырылған өтінімдер әрі қарай сауда-саттыққа қатыспайды. Ішінара қанағаттандырылған өтінімдер сатып алуға (сатуға) қанағаттандырылмаған көлемдері бойынша сауда-саттыққа қатысуды жалғастырады;
10) электрондық сауда-саттыққа қатысушылар тауарды сатып алуға (сатуға) шектеусіз өтінімдер беруге құқылы. Бұл ретте сауда-саттыққа қатысушы берген кез келген өтінімді мәміле жасалған сәтке дейін алып тастауға болады;
11) сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 36-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін бағалары бар сауда жүйесі тіркеген мәмілелердің дереу күшін жоюы тиіс, бұл туралы мәміле тараптары жазбаша хабардар етіледі;
12) бүкіл сауда сессиялары аяқталғаннан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушы қанағаттандырылмаған өтінімдердің күшін жояды.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
36-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36. Сауда сессиясы ішінде сұйытылған мұнай газына қалыптастырылатын бағаның минималды деңгейі базалық бағадан 90 пайыздан кем болмауы тиіс, ал ең максималды деңгейі – базалық бағадан 110 пайыздан артық болмауы тиіс.
Бұл ретте сауда сессияларында сұйытылған мұнай газының базалық бағасы ретінде мынадай бағалар танылады:
бірінші электрондық сауда-саттықта базалық баға Заңның 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының ағымдағы шекті бағасының деңгейінде белгіленеді;
келесі сауда сессияларында базалық баға сұйытылған мұнай газының мәмілелер жасалған тиісті сауда құралы бойынша өткен сауда сессиясында құралған орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді;
егер бір сауда сессиясы барысында тиісті сауда құралы бойынша мәмілелер жасалмаса, келесі сауда сессиясының әрқайсысында базалық баға әрбір сессияда он пайызға азаяды, мына жағдайлардың бірі:
1) тиісті сауда құралы бойынша мәміле жасасу;
2) Заңның 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының ағымдағы шекті бағасының деңгейіне қол жеткізу басталғанға дейін.
Сұйытылған мұнай газының базалық базасы сұйытылған мұнай газын теміржол цистерналарына және (немесе) автогазтасығыштарға құю объектілерінде белгіленеді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
36-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36-1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатушының сұрауы бойынша қосымша сауда сессияларын мына жағдайларда өткізеді:
1) газ желісі ұйымының немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты сатушыда электрондық сауда алаңдарынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда;
2) сатып алушының электрондық сауда алаңы арқылы сатып алған сұйытылған мұнай газына төлем жасаудан бас тартуына байланысты сатушыда электрондық сауда алаңдары арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда;
3) егер осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген мерзім ішінде сатушы электрондық сауда алаңдары арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін сатпаса.
Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап сатушы екі жұмыс күні ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыға қосымша сауда сессияларын өткізуге өтініш білдіреді.
Тиісті сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясын сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда сессиясымен бір сауда күнінде, бірақ әртүрлі уақыт аралығында өткізуі мүмкін.
Ескерту. Қағида 36-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
36-2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36-2. Осы Қағидалардың 36-1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда:
1) алғашқы екі қосымша сауда сессиясында жеткізу өңірі (өңірлер тобы) сақталады, ал әрбір қосымша сауда сессиясы үшін базалық баға осы өңірге (өңірлер тобына) жеткізумен мәміле жасалған тиісті сауда құралы бойынша өткен сауда сессиясында құралған сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді;
2) егер алғашқы екі қосымша сауда сессиясында тиісті сауда құралы бойынша мәмілелер жасалмаған жағдайда, онда сауда-саттықты ұйымдастырушы тағы да үш қосымша сауда сессиясын өткізеді, онда жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасының аумағы анықталады, ал әрбір қосымша сауда сессиясына базалық баға сауда-саттықты ұйымдастырушының барлық сауда құралдары бойынша өткен сауда сессиясында құралған сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді.
Ескерту. Қағида 36-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36-3. Қосымша сауда сессияларын өткізу кезінде сұйытылған мұнай газын сатушылар бірінші қосымша сауда сессиясынан бастап электрондық сауда-саттыққа олардың өнім беру жоспарын орындау үшін қажетті сұйытылған мұнай газының барлық көлемін қояды.
Ескерту. Қағида 36-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
36-4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36-4. Егер сатушы толығымен осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының көлемін сауда сессияларында және қосымша сауда сессияларында сату үшін қойса, бірақ ол сатылмаған жағдайда, сатушы бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды және мұндай көлемді өнім беру жоспарынан тыс өзге тұлғаларға өткізеді. Бұл ретте сұйытылған мұнай газының осы көлемі сатушының өнім беру жоспарын орындауы ретінде есепке алынады.
Ескерту. Қағида 36-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
37-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
37. Сауда-саттық қорытындылары сауда-саттық жеңімпаздарының жасырындылығы туралы шарттарды сақтай отырып, сауда күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттықты ұйымдастырушының сайтында жарияланады.
38. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларда ғана электрондық сауда-саттықта жасалған мәміледен бас тартуға жол беріледі.
39. Әрбір өтінімге және мәмілеге ақпаратты есепке алу және сақтау үшін бірегей код беріледі. Мәмілелер мен өтінімдер туралы ақпарат электрондық сауда алаңдарында электрондық жеткізгіштерде сақталады.
2-параграф. Комиссиялық және өзге де алымдар
40. Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыға жасасқан мәмілелер бойынша комиссиялық алымдар төлейді. Комиссиялық алым мөлшері мәміле мөлшеріне байланысты пайызбен анықталады және оны сауда-саттықты ұйымдастырушы мәміле жасасқан әрбір тарапқа бірдей мөлшерде белгілейді.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушылардан оларды сауда-саттыққа жібергені үшін алымдар белгілейді.
3-параграф. Электрондық сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта жалғастыру шарттары мен тәртібі
41. Электрондық сауда алаңдарында электрондық сауда-саттықты ұйымдастырумен байланысты қызмет көрсетуді жалғастыра алмайтын техникалық іркілістер орын алған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы техникалық іркілістер журналында техникалық іркілістің уақыты мен фактісін тіркейді, қызмет көрсетуді тоқтатады және тез арада мыналарды:
1) электрондық сауда рәсіміне кемінде бір қатысушының қатыса алмауын тудыратын және/немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қызметкерлерінің электрондық сауда-саттықты өткізуге қызмет көрсету үшін техникалық мүмкіндігін жоятын техникалық ақауларды тудырған себептерді анықтау және жою;
2) іркілістің техникалық салдарын жою;
3) электрондық сауда алаңындағы ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және техникалық іркіліс салдарынан жоғалған ақпаратты қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайды.
42. Электрондық сауда алаңында іркіліс орын алған жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, бұл туралы электрондық сауда алаңының техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып немесе басқа да қолжетімді тәсіл арқылы электрондық сауда-саттыққа қатысушылар хабардар етіледі. Электрондық сауда алаңының жұмыс қабілеті қалпына келтірілгеннен кейін сауда-саттық жалғастырылады.
43. Егер электрондық сауда алаңының жұмыс қабілетін сауда сессиясы барысында қалпына келтіру мүмкін болмаса, сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды. Бұл шешім барлық электрондық сауда-саттыққа қатысушыларға электрондық сауда алаңын пайдалана отырып немесе басқа да қолжетімді тәсіл арқылы хабарланады.
4-параграф. Электрондық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есептеулерді жүзеге асыру және мәмілелерді ресімдеу тәртібі
44. Электрондық сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттықты ұйымдастырушымен есеп айырысуы электрондық сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес жүргізіледі.
45. Электрондық сауда алаңдарында жасалған мәмілелер бойынша есептесу түрлерінің бір немесе бірнеше мүмкіндігі қарастырылады.
46. Электрондық сауда алаңдарында жасалған мәмілелердің орындалуы электрондық сауда алаңына қызмет көрсететін клирингтік ұйымның қатысуымен немесе мұндай қатысусыз жүзеге асырылады.
47. Тіркелген жан-жаққа бағытталған екі өтінім негізінде электрондық сауда-саттықта мәміле жасалады, олардың бір-біріне толық немесе ішінара сәйкестігі электрондық сауда алаңында белгіленеді және тіркеледі. Бұл ретте бір-біріне қарама-қарсы мәміле жасасуға ерік білдірілген өтінімдер жан-жаққа бағытталған өтінімдер болып саналады.
48. Сауда-саттықты ұйымдастырушы жан-жаққа бағытталған өтінімдердің бір-біріне сәйкестігін электрондық сауда алаңында тиісті мәміле жасалғаны туралы жазба енгізу арқылы тіркеген сәтінде мәміле электрондық сауда-саттықта жасалған болып есептеледі.
49. Электрондық сауда алаңында мәмілелер паспорты (мәміле бойынша есеп) автоматты түрде қалыптастырылады, бұл электрондық сауда алаңының уәкілетті лауазымды адамының электрондық-цифрлық қолы қойылған тараптардың жасасқан мәмілесін растайтын электрондық құжат болып табылады. Сауда-саттықты ұйымдастырушымен расталған электрондық құжаттың қағаз түріндегі нұсқасын сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушының жеке сұрауы бойынша береді.
50. Жасалған мәміле туралы ақпарат электрондық сауда алаңының деректер базасында сақталады және осы мәмілені жасасқан сауда-саттық қатысушыларына қолжетімді болады.
51. Мәміле туралы (нарық талдауы және статистикасы үшін қолданылатын жасырынды бағалық және сандық сипаттамаларынан басқа) ақпарат коммерциялық құпия болып табылады және уәкілетті органға өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда беруді есептемегенде, мәміле тараптарының арнайы рұқсатынсыз үшінші тарапқа жария етуге немесе беруге жатпайды.
Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына қосымша |
Электрондық сауда алаңдарына қойылатын талаптар
1. Электрондық сауда алаңының құрамында сауда сессиялары бойынша автоматтандырылған оқиғаларды тіркеу журналы (бұдан әрі– оқиғалар журналы) болады, онда мынадай оқиғалар мен деректер тіркеледі :
1) сауда-саттықтың ашылуы;
2) сауда-саттықтың жабылуы;
3) сауда-саттыққа қатысушыны сәйкестендіру;
4) сауда-саттыққа қатысушының жүйеге кіру уақыты;
5 сауда-саттыққа қатысушының жүйеден шығу уақыты;
6) сауда-саттыққа қатысушының өтінімді орналастырған уақыты;
7) сауда-саттыққа қатысушының өтінімді алып тастаған уақыты;
8) сауда-саттыққа қатысушының өтінімді өзгерткен уақыты;
9) сауда-саттыққа қатысушының мәміле жасасқан уақыты;
10) актив атауы;
11) өтінімдегі актив саны;
12) лоттар саны;
13) актив бағасы.
Уақытты тіркеу форматы – жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд (дәлдік минимумы 0,1 секундқа дейін).
2. Электрондық сауда алаңын уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 30.12.2021 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Электрондық сауда алаңының бағдарламалық қамтылымына мынадай талаптар қойылады:
1) электрондық сауда алаңы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялануы тиіс және Оқиғалар журналында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ электрондық сауда алаңының уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мәміле төлқұжаттарын күнделікті жіберіп отыруы тиіс;
2) электрондық рынок мәмiлелердi жасау процесiн автоматтандыруды, сондай-ақ ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеудi және жария етудi қамтамасыз етедi;
3) ақпараттың толық немесе ішінара жоғалуын болдырмау және деректер базасының бүтіндігі бұзылмауы үшін электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралы пайдаланушының қателерін, техникалық ақаулар кезінде туындайтын қателерді және деректер базасының қателерін өңдеу (бұл ретте пайдаланушыға іс-әрекеттер реті көрсетілген хабарлама беріледі) қамтамасыз етілетіндей құрылады;
4) электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралында бағдарламалар жұмысын қадағалайтын модуль болады, ол мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:
пайдаланушыны сәйкестендіру (тану), аутентификациялау (шынайылығын растау) және авторизациялау (өкілеттер беру);
электрондық сауда алаңының ресурстарына қолжетімділікті бақылау; электрондық сауда алаңында болып жатқан оқиғаларды тіркеу және талдау;
электрондық сауда алаңы ресурстарының бүтіндігін бақылау;
5) электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралы сауда-саттық нәтижесі бойынша қалыптастырылған шығыс деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді;
6) электрондық сауда алаңы оқиғалар журналындағы орындалып жатқан операцияларға автоматты түрде берілетін бірегей нөмердің жүргізілуін қамтамасыз етеді;
7) электрондық сауда алаңы өткізілген электрондық сауда-саттық бойынша есеп деректерінің оқиғалар журналының мазмұнына қатаң сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
4. Электрондық сауда алаңының аппараттық қамтылымына мынадай талаптар қойылады:
1) сервер мен коммуникациялық жабдықтар жұмыс регламентін қамтамасыз ету үшін жеткілікті өнімділікті қамтамасыз етеді;
2) масштабталуы – үдемелі ақпарат көлемдерін өңдеу мүмкіндігі.
5. Электрондық сауда алаңдарының ұйымдастыру-техникалық талаптарына мынадай параметрлер жатады:
1) электрондық сауда-саттыққа әрбір қатысушы электрондық сауда алаңына бірдей құқық пен қолжетімділікке ие. Электрондық сауда алаңының өнімділігімен немесе аппаратты-бағдарламалық сипаттамасымен қатысушылар саны шектелмейді;
2) электрондық сауда алаңының техникалық орталықтары қосымша байланыс каналдарымен және электрондық сауда алаңының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін резервті электр көзімен жабдықталады.
6. Электрондық сауда алаңы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 08.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.