Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17774 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
  2018 жылғы 16 қарашадағы
  № 133 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 10.07.2019 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/н

Білім беру саласының коды және сыныптамасы

Дайындық бағытының коды және сыныптамасы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының атауы

Берілетін дәреже

Оқыту мерзімі

1.

7M04 Бизнес, басқару және құқық

7М042 Құқық

7М04201 "Құқықтану" (бейінді бағыт)

Құқық магистрі

1

2.

7M04 Бизнес, басқару және құқық

7М042 Құқық

7М04202 "Құқықтану" (бейінді бағыт)

Құқық магистрі

1,5

3.

7M04 Бизнес, басқару және құқық

7М042 Құқық

7М04203 "Құқықтану" (ғылыми және педагогикалық бағыт)

Заң ғылымдарының магистрі

2

4.

8D04 Бизнес, басқару және құқық

8D042 Құқық

8D04201 "Құқықтану" (ғылыми және педагогикалық бағыт)

PhD философия докторы

3

5.

8D04 Бизнес, басқару және құқық

8D042 Құқық

8D04202 "Құқықтану" (ғылыми және педагогикалық бағыт)

Құқық докторы

3

6.

7M12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

7M123 Қоғамдық қауіпсіздік

7M12301 "Құқық қорғау қызметі" (бейінді бағыт)

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі

1

7.

7M12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

7M123 Қоғамдық қауіпсіздік

7M12302 "Құқық қорғау қызметі" (бейінді бағыт)

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі

1,5

8.

7M12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

7M123 Қоғамдық қауіпсіздік

7M12303 "Құқық қорғау қызметі" (ғылыми және педагогикалық бағыт)

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі

2

9.

8D12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

8D123 Қоғамдық қауіпсіздік

8D12301 "Құқық қорғау қызметі" (ғылыми және педагогикалық бағыт)

PhD философия докторы

3

10.

8D12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

8D123 Қоғамдық қауіпсіздік

8D12302 "Құқық қорғау қызметі" (бейіндік бағыт)

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

3