"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 78 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13200 болып тіркелген, "Әділет" аппараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 наурызда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Д. Дәрменов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Кадр жұмысы департаментінің бастығына (А.Д. Дәрменов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрінің | |
2018 жылғы 14 қарашадағы | |
№ 764 | |
бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі
№ | Білім беру ұйымдарының атауы | Білім беру бағдарламалардың тізбесі | Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже | Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша (бейіндік/ғылыми-педагогикалық бағыт) берілетін дәреже | Философия докторы (PhD) / бейіні бойынша докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы | "6В12301 - Құқық қорғау қызметі" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||
"6В12088 (1) - Ішкі істер органдарына арналған ақпараттық жүйе" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"6В12088 (2) - Ішкі істер органдарына арналған радиотехника, электроника және телекоммуникациялар" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"7М12301 - Құқық қорғау қызметі" (ғылыми және педагогикалық бағыт) | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | ||||
"8D12301 - Құқық қорғау қызметі" | Философия докторы (PhD)/ Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы | ||||
2. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы | "6В12301 - Құқық қорғау қызметі" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||
"7М12301 - Құқық қорғау қызметі" (ғылыми және педагогикалық бағыт) | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | ||||
"7М12302 - Құқық қорғау қызметі (бейіндік бағыт) | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | ||||
"8D12301 - Құқық қорғау қызметі" | Философия докторы (PhD)/ Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы | ||||
3. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігнің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы | "6В12301 - Құқық қорғау қызметі" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||
"6В12088 (3) - Ішкі істер органдарына арналған педагогика және психология" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"6В12388 (4) - Ішкі істер органдарына арналған әлеуметтік жұмыс" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"7М12301 - Құқық қорғау қызметі" (ғылыми және педагогикалық бағыт) | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | ||||
"7М12302 - Құқық қорғау қызметі" (бейіндік бағыт) | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | ||||
"8D12301 - Құқық қорғау қызметі" | Философия докторы (PhD)/ Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы | ||||
4. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты | "6В12301 - Құқық қорғау қызметі" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||
5. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты | "6В12302 - Өрт қауіпсіздігі" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||
"6В12303 - Төтенше жағдайларда қорғау" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"6В12191 - Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"6В12304 - Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"7М12302 - | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | ||||
"7М12303 - | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі | ||||
"8D12302 - Өрт қауіпсіздігі" | Философия докторы (PhD)/ Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы | ||||
6. | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Әскери институты | "6В12192 - Ұлттық ұланның командалық тактикалық" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||
"6В12193 - Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар командалық тактикалық" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"6В12194 - Әскерді инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің командалық тактикалық" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"6В12195 - Әскерді зымыран- артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикалық" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры | ||||
"6В12196 - Ұлттық ұланның автомобильдік қамтамасыз етудің командалық тактикалық"" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавр | ||||
"6В12197 – Ұлттық ұланды тылмен қамтамасыз етудің командалық тактикалық" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавр | ||||
"6В12198 - Байланыс әскерінің командикалық тактикалық" | Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры |