"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 11.09.2023 № 875 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери ғылым және инновациялар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2018 жылғы "___"_______
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы "___"_______
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 3 қарашадағы № 751 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік білім беру мекемелері болып табылатын әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік білім беру мекемелері болып табылатын әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін әскери оқу орындары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:
1) оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу;
2) функционалдық арналуы бойынша оқу-материалдық, спорттық базаны, сондай-ақ конференц-залдарды, брифинг-залдарды, жатақхана бөлмелерін, акт залдарын және дәрісханаларды ұсыну;
3) мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау;
4) әскери кафедралардың студенттері үшін оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру және өткізу;
5) әскери кафедраларға ақылы негізде әскери мүлік беру.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 11.09.2023 № 875 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі әскери оқу орындары "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:
1) ғылыми және қорғаныстық зерттеулерді жүргізу;
2) функционалдық арналуы бойынша ғылыми-эксперименттік базаны ұсыну;
3) лицензиялық шарт бойынша ғылыми зерттеулер нәтижесіне зияткерлік құқықтарды беру;
4) рецензияланатын ғылыми басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялау және конференциялар жинағын әзірлеу бойынша қызмет көрсету.
Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 11.09.2023 № 875 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген орында мынадай ақпаратты:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары ақылы негізде көрсететін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін;
2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17771 болып тіркелген) сәйкес ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орналастырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтер шоты) есепке алынады және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жұмсалады.
6. Төлем ақшасыз есеп айырысу бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы көрсетілетін қызметтер шотына аудару арқылы жүргізіледі.
7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операциялар жүргізу үшін жыл сайын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарын жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.
8. Ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынудан түсетін қаражат мыналарға жұмсалады:
1) барлық салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысатын зерттеу тобы жетекшісінің және мүшелерінің еңбегіне сыйлықақы беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапарлар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеулер жүргізуге, ғылыми, оның ішінде халықаралық конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысуға байланысты іссапарларға;
3) зерттеулерді орындау үшін қажетті ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге де зертханалар, басқа да ұйымдар көрсететін қызметтерге, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдық жарналарға;
4) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
5) жарияланымдар дайындауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерін жария етуге;
6) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберіндегі түзетулерге;
7) зерттеулер жүргізу үшін үй-жайлар, жабдық пен техниканы жалға алуға;
8) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдық пен техниканы күтіп ұстауға арналған шығыстарға;
9) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде басқа пайдаланушының, оның ішінде отандық және шетел электрондық дерекқорларын (ресурстарын) пайдалану үшін абонементтер, технопарктердің жабдығы мен шығыс материалдарын сатып алуға;
10) кірістер тиісті жылға бекітілген жоспарлардан тыс асқан жағдайда азаматтық персонал адамдарына ынталандыру сипатында қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйлықақылар мен төлемдер белгілеуге;
11) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, жарыстар, олимпиадалар, оның ішінде халықаралық, өткізу шеңберінде кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлықтар сатып алуға;
12) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде банктік көрсетілетін қызметтерді төлеуге;
13) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында шығыс материалдарын және жабдықты сатып алуға;
14) басқа ұйымдардың ұжымдық пайдаланылатын зертханаларын және ғылыми-эксперименттік базаларын жалға алуға;
15) мамандардың біліктілігін арттыруға;
16) оқу-материалдық базаны нығайтуға;
17) жарыстарға, олимпиадаларға, оның ішінде халықаралыққа, қатысушыларды тамақтандыру жөніндегі шығыстарды өтеуге;
18) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;
19) ақылы білім беру қызметтерін көрсететін жалдамалы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге;
20) көрсетілетін көлік қызметтерін төлеуге;
21) кітапхана қорларын толықтыру үшін электрондық коллекциялар мен дерекқорларды сатып алуға;
22) оқу процесі үшін оқу құралдарын, көрнекілік материалдарды сатып алуға;
23) оқыту тренингтерін, семинарларын өткізуге;
24) оқу және ғылыми мақсаттар үшін бейнероликтерді, бейнефильмдерді, аудиожазбаларды дайындауға;
25) полигон үшін шығыс материалдарын және жабдықты сатып алуға.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 11.09.2023 № 875 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.