БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 663 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13429 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
2018 жылғы "___" ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы "___" ___________
Теңiз көлiгiнің мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыру қағидалары және оларға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Теңiз көлiгiнің мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыру қағидалары және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-30) тармақшасына сәйкес әзірленді және теңiз көлiгiнің мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары), теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыру тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Білім беру ұйымдарын және теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыру осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 244 қаулысымен ратификацияланған түзетулермен 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы халықаралық конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) талаптарына сәйкестігін айқындау үшін жүргізіледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) теңіз оқу-тренажер орталығы – теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) уәкілетті орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Теңiз көлiгiнің мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыру тәртібі
4. Білім беру ұйымдарын және теңіз оқу-тренажер орталықтарын курстар бойынша куәландыруды "Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 861 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16209 болып тіркелген) сәйкес айқындалған теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) жүргізеді.
5. Куәландыру басталғанға дейін білім беру ұйымы не теңіз оқу-тренажер орталығы және уәкілетті ұйым арасында куәландыруды жүргізу талаптарын айқындайтын шарт жасалады.
6. Куәландыруды жүргізуге өтінім білім беру қызметіне лицензияның электрондық көшірмесін (білім беру ұйымдары үшін) және тиісті курс бойынша құжаттаманы қоса бере отырып, әрбір курсқа бөлек еркін нысанда ұсынылады.
7. Куәландыру келесіні қамтитын 2-кезеңде жүзеге асырылады:
1-кезең – өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарау;
2-кезең – білім беру ұйымын немесе теңіз оқу-тренажер орталығын инспекциялау (бұдан әрі – инспекциялау) және сабақтарды қадағалау.
8. Өтінімді қарау мерзімі 2 (екі) айды құрайды. Қарау нәтижелері бойынша:
1) құжаттар осы Қағидалардың және Конвенцияның талаптарына сәйкес болмаған не олар толық болмаған жағдайда, өтінім пысықтауға қайтарылады;
2) құжаттар осы Қағидалардың және Конвенцияның талаптарына сәйкес болған жағдайда, білім беру ұйымымен немесе теңіз оқу-тренажер орталығымен келісімі бойынша инспекциялауды және сабақтарды қадағалауды жүргізу мерзімдері айқындалады.
10. Инспекциялау және сабақтарды қадағалау келесіні анықтау мақсатында жүргізіледі:
басқару жүйесінің, оның ішінде сапа жүйесінің тиімділігі;
нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушылардың біліктілігі және жұмыс тәжірибесі;
Конвенция құзыреттілік стандарттарының кестесі негізінде курс бағдарламасының құзыреттілік мақсаттары мен стандарттары;
оқу жабдығының жарамдылығы және сапасы, соның ішінде Конвенция А-I/12 бөлімінің талаптарына сәйкес тренажерлардың жұмыс істеуі (сондайлар болған жағдайда).
10. Курсты немесе курстың бір бөлігі басқа ұйымда өткізілген жағдайда, аталған курстың бағдарламасы, осы ұйымның нұсқаушылары мен жабдығы да куәландыруға жатады.
11. Куәландыру нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде оң қорытынды беріледі.
12. Куәландыру нәтижелері бойынша инспекциялау немесе сабақтарды қадағалау кезінде курстың сапасына әсер ететін сәйкессіздіктер анықталған жағдайда теріс қорытынды беріледі.
13. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган білім беру ұйымы (теңіз оқу-тренажер орталығы) осы Қағидалармен және Конвенциямен белгіленген талаптарды сақтауын тексерісті жүргізеді.
Тексеріс нәтижелері бойынша егер білім беру ұйымы (теңіз оқу-тренажер орталығы) уәкілетті ұйым оң қорытындысының шарттарына бұдан әрі сәйкес болмаса, аталған қорытынды кері қайтарып алынады.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайда, уәкілетті орган кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына немесе теңіз оқу-тренажер орталығына, сондай-ақ уәкілетті ұйымға тиісті хабарламаны жолдайды.
15. Оң қорытынды кері қайтарып алу туралы хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тапсырылуға жатады.
3-тарау. Теңiз көлiгiнің мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына, теңіз оқу-тренажер орталықтарына қойылатын талаптар
16. Білім беру ұйымдарына, теңіз оқу-тренажер орталықтарына келесі құжаттама болуына талаптар қойылады:
1) курстың бағдарламасы;
2) оқытушының нұсқаулығы немесе оқу жоспары;
3) курстың кестесі;
4) оқу материалдары;
5) емтихан материалы;
6) аттестаттау туралы құжат;
7) курсты өту туралы куәліктің үлгісі;
8) ISO 9001:2008 немесе одан жоғары сапаны басқару жүйесінің куәлігі;
9) уәкілетті ұйымның қорытындысы (бар болған кезде);
10) бағалау бойынша нұсқаулық (сапаны басқару жүйесінің бөлігі);
11) оқу жабдығының тізбесі;
12) нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушылардың біліктілігін растайтын құжаттар;
13) Халықаралық теңіз ұйымының 6.09, 6.10 және 3.12 үлгілік курстарының, 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау, оларға диплом беру және вахта атқару туралы халықаралық конвенцияның (түзетулермен), өткізілетін курсқа байланысты және оқудың қолданыстағы стандарттарына сәйкес келетін кітаптар мен жарияланымдардың соңғы нұсқалары;
14) Жүрісті көпірдің, машиналық бөлімнің, тиеу-түсіру жұмыстарына арналған тренажер-симуляторда үйрену үшін Халықаралық теңіз ұйымының 1.07, 1.08, 1.22, 1.27, 2.06, 2.07 үлгілік курстарының соңғы нұсқалары (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсын өткізу үшін);
15) Теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенцияның, Өрт қауіпсіздігі бойынша жинақтың, Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдау халықаралық кодексінің, Кеменің бортында диагностика мен емдеу халықаралық хаттамасының соңғы нұсқалары ("Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" курсын, "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" біліктілігін арттыру курсын, "Өртке қарсы қауіпсіздік және өртпен күрес" курсын өткізу үшін);
16) Теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенцияның, Өрт қауіпсіздігі бойынша жинақтың, Қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдау халықаралық кодексінің, Кеменің бортында диагностика мен емдеу халықаралық хаттамасының, Шикі мұнайды жуу жүйесінің, Инертті газдар жүйесінің, Құйылмалы қауіпті химиялық жүктерді тасымалдаудың халықаралық кодексінің, Қауіпсіздікті басқару бойынша халықаралық кодексінің, Мұнаймен ластануға қарсы күрес бойынша төтенше шаралардың кеме жоспарының соңғы нұсқалары ("Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау", "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау", "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау", "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау", "Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" курстарын өткізу үшін);
17) Теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенцияның, Кемелерден ластануды болдырмау туралы халықаралық конвенцияның, Кемелерді халықаралық басқарудың, Теңіздегі байланысқа арналған Халықаралық теңіз ұйымының стандартты фразаларының, Кемелердегі құтқару жабдығы бойынша халықаралық кодекстің, Өрт қауіпсіздігі жүйесі бойынша халықаралық кодекстің, Суық суда аман қалу бойынша қалта нұсқаулығының, Аман қалу техникасы бойынша қалта нұсқаулығының, Кеме медицинасы бойынша халықаралық нұсқаулықтың соңғы нұсқалары ("Бастапқы даярлау" курсын өткізу үшін);
18) Теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенцияның, Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесі пайдалану нұсқаулығының, Халықаралық сигналдар жинағының, Радиотехника бойынша ережелерінің, Теңіздегі байланыс үшін Халықаралық теңіз ұйымының стандартты фразаларының, "SafetyNET" халықаралық нұсқаулығының, Теңізде жүзу қауіпсіздігі бойынша ақпарат бойынша нұсқаулықтың, Халықаралық телекоммуникациялық қоғам нұсқаулығының, Халықаралық телекоммуникациялық қоғамның жағалық және арнайы станциялары тізімінің, Халықаралық телекоммуникациялық қоғамның теңіз жылжымалы қызметінің идентификациялық нөмерлерін тарату мен кеме станциялары тізімінің, Құрал-жабдықтарды қолдану бойынша нұсқаулықтыңсоңғы нұсқалары ("Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры" және "Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің жүзуі шектелген ауданның радиооператоры" курстарын өткізу үшін);
19) Теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенцияның,Суық суда аман қалу бойынша қалта нұсқаулығының, Аман қалу техникасы бойынша қалта нұсқаулығының, Кеме медицинасы бойынша халықаралық нұсқаулықтың, Халықаралық сигналдар жинағының, Қауіпті жүктерге байланысты апаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулықтың соңғы нұсқалары ("Медициналық күтім", "Алғашқы медициналық көмек көрсету" курстарын, "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман"біліктілік арттыру курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" біліктілік арттыру курсын, "Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" курсын өткізу үшін);
20) Теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенцияның, Кемеделергі құтқару жабдығы бойынша халықаралық кодекстің, Қауіпсіздікті басқару бойынша халықаралық кодекстің, Қауіпті жүктерді теңіз арқылы тасымалдау халықаралық кодекстің, Бұзылмаған кеме орнықтылығы бойынша кодекстің, Теңіздегі байланысқа арналған Халықаралық теңіз ұйымының стандартты фразаларының соңғы нұсқалары ("Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі"курсын өткізу үшін).
17. Білім беру ұйымдарына, теңіз оқу-тренажер орталықтарына мыналары бар нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушылардың болуына талаптар қойылады:
1) нұсқаушыларды оқыту курсын аяқтау туралы куәлік (Халықаралық теңіз ұйымының 6.09 үлгілік курсы) немесе оқыту, тестілеу және бағалау әдістемесі бөлігінде педагогикалық білімі туралы тең дәрежелі диплом;
2) тренажерды қолдана отырып, нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушылары оқыту курсын (Халықаралық теңіз ұйымының 6.10 үлгілік курсы) немесе тренажерлар бойынша нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушыларға арналған мақұлданған тренингті аяқтау туралы куәлік, сондай-ақ оқыту процесінде қолданылатын тренажерды пайдаланудың практикалық тәжірибе;
3) басқару құрамының кәсіби дипломы;
4) 2 (екі) жылдан кем емес оқыту тәжірибесі;
5) теңізшілерді бағалау, емтихан қабылдау және сертификаттау бойынша дайындық туралы куәлік (Халықаралық теңіз ұйымының 3.12 үлгілік курсы);
6) 2 (екі) жылдан кем емес емтихан қабылдау тәжірибесі (емтихан қабылдаушыларын оқыту курсын жүргізетін нұсқаушылар үшін);
7) тиісті оқыту саласындағы немесе өзге тең дәрежелі диплом (аға нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушылар үшін);
8) кемінде 2 (екі) жыл оқыту мен емтихан қабылдау тәжірибесі (аға нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушылар үшін);
9) командалық лауазымда кем дегенде 2 (екі) жыл жүзу стажы (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсының нұсқаушылары үшін);
10) тренажерды қолданудың кем дегенде 1 (бір) жылдық тәжірибесін қоса алғанда, кем дегенде 2 (екі) жылдық оқытушылық тәжірибе (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсының нұсқаушылары үшін);
11) тренажер бойынша нұсқаушы ретінде кем дегенде 1 (бір) жылдық жұмыс тәжірибе (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсының емтихан қабылдаушылары үшін);
12) тәжірибелі емтихан қабылдаушының бақылауымен кем дегенде 6 емтихан сессиясы кезінде курс барысында пайдаланылатын тренажер бойынша оқытуды бағалау тәжірибе (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсының емтихан қабылдаушылары үшін);
13) "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлік, 1 (бір) жылдан кем емес командалық лауазымдағы жүзу стажы ("Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" курсын және "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" біліктілік арттыру курсын өткізу үшін);
14) өздері бағалап отырған курс бойынша кемінде 6 (алты) айлық оқытушылық тәжірибе, курсты бағалауда тексеруішінің көмекшесі ретінде кемінде 3 бағалау сессиялық практикалық тәжірибе, оқыту процесінде пайдаланылатын белгілі бір тренажерді қолдануға кемінде 6 (алты) айлық практикалық тәжірибесінің болуы ("Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" курсы, "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" біліктілік арттыру курсы, "Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсы, "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсы, "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсы, "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" курсы, "Бастапқы даярлау" курсы, "Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" курсы, "Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" курсы, "Медициналық күтім" курсы, "Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі" курсы, "Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің жүзуі шектелген ауданның радиооператоры", "Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау", "Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау", "Өртке қарсы қауіпсіздік және өртпен күрес" курстарының емтихан қабылдаушылары үшін);
15) "Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, химиялық заттарды тасымалдайтын танкерде басқару лауазымында 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсының нұсқаушылары үшін);
16) "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, газды тасымалдайтын танкерде басқару лауазымында 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсының нұсқаушылары үшін);
17) "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, мұнай танкерінде басқару лауазымында 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсының нұсқаушылары үшін);
18) "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, газ тасымалдаушыларында капитанның вахталық көмекшісі ретінде 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау", "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курстарының нұсқаушылары үшін);
19) "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман", "Алғашқы медициналық көмек көрсету" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері ("Бастапқы даярлау" курсының нұсқаушылары үшін);
20) "Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, мұнай танкерінде немесе химиялық заттарды тасымалдайтын танкерінде тиеу-түсіру операцияларына байланысты 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" курсының нұсқаушылары үшін);
21) "Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, жолаушы кемесі капитанының вахталық көмекшісі ретінде 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" курсының нұсқаушылары үшін);
22) "Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры" кәсіби дипломы, капитанның вахталық көмекшісі немесе Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры ретінде 2 (екі) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры", "Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің жүзуі шектелген ауданның радиооператоры" курстарының нұсқаушылары үшін);
23) медициналық білім, кемедегі 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Алғашқы медициналық көмек көрсету" және "Медициналық күтім" курстарының нұсқаушылары үшін);
24) "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігін алғаннан кейін шапшаң кезекші қайықшамен жабдықталған кемелерде 6 (алты) айдан кем емес жүзу өтілі ("Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" курсы мен "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" біліктілік арттыру курсының нұсқаушылары үшін);
25) "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігін алғаннан кейін 6 (алты) айдан кем емес жүзу өтілі ("Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" курсы мен "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" біліктілік арттыру курсының нұсқаушылары үшін);
26) "Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, "Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігін алғаннан кейін жолаушы кемесі капитанының вахталық көмекшісі ретінде 1 (бір) жылдан кем емес жүзу өтілі ("Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі" курсының нұсқаушылары үшін);
27) "Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, "Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігін алғаннан кейін 6 (алты) айдан кем емес жүзу өтілі ("Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" курсының нұсқаушылары үшін);
28) "Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, "Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігін алғаннан кейін 6 (алты) айдан кем емес жүзу өтілі ("Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау" курсының нұсқаушылары үшін);
29) "Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі, "Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау" теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігін алғаннан кейін 6 (алты) айдан кем емес жүзу өтілі ("Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау" курсының нұсқаушылары үшін).
18. Білім беру ұйымдарына, теңіз оқу-тренажер орталықтарына қажетті санындағы нұсқаушылар мен емтихан қабылдаушылардың болуына талаптар қойылады, атап айтқанда:
1) оқитын адамдардың саны 6 құрайтын курс үшін – 1 нұсқаушы және 1 аға нұсқаушы немесе емтихан қабылдаушы;
2) оқитын адамдардың саны 12 құрайтын курс үшін – 1 нұсқаушы, 1 аға нұсқаушы, 1 емтихан қабылдаушы.
19. Білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары бір курста теорияға 12 адамнан артық емес оқыта алады, практикаға қатысушылардың саны нұсқаушылардың қарауына байланысты анықталады.
"Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" курсын, "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" біліктілік арттыру курсын, "Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсын, "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсын, "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курсын, "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" курсын, "Бастапқы даярлау" курсын, "Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" курсын, "Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" курсын, "Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры" курсын, "Алғашқы медициналық көмек көрсету" курсын, "Медициналық күтім" курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" біліктілік арттыру курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" біліктілік арттыру курсын, "Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі" курсын, "Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" курсын, "Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің жүзуі шектелген ауданның радиооператоры", "Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау", "Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау", "Кеменің басқару құрамының қорғауға жауапты адамдарын даярлау", "Өртке қарсы қауіпсіздік және өртпен күрес" курстарын өткізу кезінде бір курстағы теорияға оқитындардың саны 24 адамнан, практикаға қатысушылардың саны – бір нұсқаушыға 6 адамнан аспайды.
20. Білім беру ұйымдарына, теңіз оқу-тренажер орталықтарына құрал-жабдық бар болуына талаптар қойылады:
1) орнын ауыстыру мүмкіндігімен үстелдері мен орындықтары бар оқу кабинеті;
2) ақ және (немесе) плакатты тақта;
3) аудио-бейне жабдық;
4) теңіз біліміне байланысты бағаларды және зертханалық нұсқаманы өткізуге арналған практикалық зертхана;
5) кеме жүргізу және навигация инструкторларын оқытуға арналған жүрісті көпір тренажер-симуляторы (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсын өткізу үшін);
6) машиналық бөлімді басқару мен инструкторларды жұмыс жасауға оқытуға арналған машиналық бөлімнің тренажер-симуляторы (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсын өткізу үшін);
7) тиеу-түсіру жұмыстары мен құрылғыларының инструкторларын оқытуға арналған тиеу-түсіру жұмыстарының тренажер-симуляторы (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсын өткізу үшін);
8) радио бойынша коммуникация инструкторларын оқытуға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және апат кезіндегі Жаһандық теңіз байланыс жүйесінің тренажер-симуляторы (тренажер-симулятор бойынша нұсқаушыларды және емтихан қабылдаушыларды оқыту курсын өткізу үшін);
9) өртсөндіргіш (сулы, көбікті, үгінді, көмірқышқылды) – әрбір түрінен 8 бірлік, ауа-тыныс алу аппараты – 12 бірлік, құрғақ сақтау блогы – 12 дана, кем дегенде 2 гидранты бар су жіберуге арналған өрт сөндіргіш су құбыры – 1 бірлік, өрт жеңдері – 1 бірлік, екі бағыттағы форсункалар – 2 дана, жеңдер мен форсункаға арналған кілттер – 2 дана, халықаралық үлгідегі өтпелі байланыс – 1 дана, өрт сөндірушінің формасы – 6 дана, өрт сөндіру балтасы – 2 дана, өртке төзімді құтқару белдігі – 3 дана, электроқауіпсіз шам – 3 дана, қорғаныс каскасы – 12 дана, өртке қарсы көрпеше – 1 дана, (портативті) өрт сөндіруші көбіктің генераторы – 1 дана, түтін генератор – 1 дана, кемедегі әртүрлі аймақтарын суреттейтін орны бар өрт сөндіру бойынша практикалық дағдыларды үйрететін ғимарат, сонымен қатар есіктері мен люктары бар ғимаратқа келетін ауаны жабатын өрт клапаны орнатылған болуы керек, манекен – 3 дана, өртті сөндіру бойынша жаттығуларды өткізуге арналған өртке қарсы конструкциялар мен түпқоймалар: электр энергиясы; мұнай; газ; қатты заттар (ағаш, қағаз); аспаздық және өзге де майлар, өртті анықтау жүйесінің датчиктері, кемені өрттен қорғау бойынша іс-шаралар жоспары, жоғары жиілікті қозғалмалы радиостанциялар – 4 бірлік, кемедегі ескерту жүйесі – 1 бірлік ("Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" курсын, "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес" біліктілігін арттыру курсын, "Өртке қарсы қауіпсіздік және өртпен күрес" курсын өткізу үшін);
10) реанимациялық аппаратура – 1 дана, оттегі құрамын өлшеуге арналған портативті құрылғы – 1 дана, жанғыш газдың портативті детекторы – 1 дана, жанғыш газдардың портативті детекторы және тұтанатын газдың анализаторы (инфрақызыл газанализатор) – 1 дана, улы газдардың және химиялық абсорбция құбырларының портативті детекторы - 1 дана, газ қоспаларының портативті детекторы – 1 дана, газ қоспаларының жеке детекторы – 1 дана, резервуардың механикаландырылған сорғысы үшін жабдық – 1 дана, V/1-1-3 кестеде көрсетілген білімдері мен дағдыларына сәйкес аудиовизуалдық материалдар, химиялық өнімдердің қауіпсіздік паспорттарының үлгілері (MSDS), кемедегі / құрлықтағы тексеру парақтарының үлгілері, химикаттар үшін қолданылатын құйма жүктерді тиеу-түсіру операцияларына арналған тренажер – симуляторлар (1 станцияға максимум 2 оқушы) ("Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау", "Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау", "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" курстарын өткізу үшін);
11) өртсөндіргіш (сулы, көбікті, үгінді, көмірқышқылды) – әрбір түрінен 6 бірлік, ауа-тыныс алу аппараты – 6 бірлік, құрғақ сақтау блогы – 6 дана, кем дегенде 2 гидранты бар су жіберуге арналған өрт сөндіргіш су құбыры – 1 бірлік, өрт жеңдері – 1 бірлік, екі бағыттағы форсункалар – 2 дана, жеңдер мен форсункаға арналған кілттер – 2 дана, халықаралық үлгідегі өтпелі байланыс – 1 дана, өрт сөндірушінің формасы – 6 дана, өртке төзімді құтқару белдігі – 3 дана, электроқауіпсіз шам – 3дана, қорғаныс каскасы – 12 дана, тіркелген және портативті лафетті оқпаны бар кеңейу еселілігі жоғары көбік, кемедегі әртүрлі аймақтарын суреттейтін орны бар өрт сөндіру бойынша практикалық дағдыларды үйрететін ғимарат, сонымен қатар есіктері мен люктары бар ғимаратқа келетін ауаны жабатын өрт клапаны орнатылған болуы керек, манекен – 3 дана, өртті сөндіру бойынша жаттығуларды өткізуге арналған өртке қарсы конструкциялар мен түпқоймалар, реанимациялық аппаратура – 1 дана, оттегі құрамын өлшеуге арналған портативті құрылғы – 1 дана, жанғыш газдың портативті детекторы – 1 дана, жанғыш газдардың портативті детекторы және тұтанатын газдың анализаторы (инфрақызыл газанализатор) – 1 дана, улы газдардың және химиялық абсорбция құбырларының портативті детекторы- 1 дана, газ қоспаларының портативті детекторы – 1 дана, газ қоспаларының жеке детекторы – 1 дана, химикаттармен жұмыс жасауға арналған жеке қорғаныш құралы - 1 дана, газ өткізбейтін химиялық костюм – 1 дана, қорғаныс белдігі – 2 дана, резервуардың механикаландырылған сорғысы үшін жабдық – 1 дана, жоғары жиілікті тасымалданатын радиостанциялар – 4 дана, кемедегі ескерту жүйесі – 1 дана, V/1-2-1 кестеде көрсетілген білімдері мен дағдыларына сәйкес аудиовизуалдық материалдар, химиялық өнімдердің қауіпсіздік паспорттарының үлгілері (MSDS), кемедегі және құрлықтағы тексеру парақтарының үлгілері, химикаттар үшін қолданылатын құйма жүктерді тиеу-түсіру операцияларына арналған тренажер – симуляторлар (1 станцияға максимум 2 оқушы), мұнай мен химикаттарға арналған келесілерді бейнелейтін сұлбалар: бас жоспар; конструкция; жүк жүйесі, өрт сөндіру бойынша оқытуды жүргізу алаңында апаттық душ – 1 дана, алғашқы көмек жинағы – 1 дана, реанимациялық жинақ - 1 дана, сырғытқы-зембіл – 1 дана, сығылған ауамен тыныс алуға арналған аппарат баллонын толтыру үшін компрессор – 1 дана, портативті өрт сөндіргіштерді қайта толтыруға арналған картридждар – 1 дана ("Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау", "Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау"курстарын өткізу үшін);
12) құтқару буйлары: автоматты түрде тұтанатын от – 1 дана, автоматты түтіндету құтысы – 1 дана, жылжымалы леер – 1 дана, құтқару жилеті – 12 дана, үрлемелі құтқару жилеті – 12 дана, гидрокостюм – 2 дана, СОЛАС бойынша А категориялы құрал-сайманы бар құтқару салы – 1 дана, құтқару салын автоматты түрде түсіруге арналған құрал-жабдық - 1 дана, апаттық радиомаяк (ЕПИРБ) 406 МГц – 1 дана, құтқару мен іздестіруге арналған (SART) АИЖ іздестіру құтқару жүйесінің радары мен ретрансляторы – 1 дана, жоғарывольтты жылжымалы радиостанция – 2 дана, қорғаныс каскасы – 12 дана, VI/1-1 кестеде көрсетілген білімдері мен дағдыларына сәйкес аудиовизуалдық материалдар, алғашқы көмек жинағы – 1 дана, реанимациялық жинақ - 1 дана, сырғытқы-зембіл, автоматты құтқару қайығы (егер оқыту және/немесе бағалау ашық теңізде немесе өзенде өтетін болса), алғашқы медициналық көмек жинағы – 1 дана, реанимациялық аппаратура – 1 жинақ, кескен жерін тігуге арналған орайтын материалдар мен құрал-жабдықтар – 1 жинақ, құрал-саймандар, жалпы медициналық және мейірбикелік құрал-жабдықтар – 1 жинақ, тасымалдау мен бекітуге арналған құрал-жабдықтар – 1 жинақ, реанимациялық іс-шараларға арналған манекен – 3 дана, стандартты люк арқылы өте алатын зембіл – 1 дана, бандажды импровизациялауға қолдануға болатын материалдар, VI/1-3 кестеде көрсетілген білімдері мен дағдыларына сәйкес аудиовизуалдық материалдар, өртсөндіргіш (сулы, көбікті, үгінді, көмірқышқылды) – әрбір түрінен 8 бірлік, ауа-тыныс алу аппараты – 12 бірлік, құрғақ сақтау блогы – 12 дана, кем дегенде 2 гидранты бар су жіберуге арналған өрт сөндіргіш су құбыры – 1 бірлік, өрт жеңдері – 1 бірлік, екі бағыттағы форсункалар – 2 дана, жеңдер мен форсункаға арналған кілттер – 2 дана, халықаралық үлгідегі өтпелі байланыс – 1 дана, өрт сөндірушінің формасы – 6 дана, өрт сөндіру балтасы – 2 дана, өртке төзімді құтқару белдігі – 3дана, электроқауіпсіз шам – 3 дана, қорғаныс каскасы – 12 дана, өртке қарсы көрпеше – 1 дана, (портативті) өрт сөндіруші көбіктің генераторы – 1 дана, түтін генератор – 1 дана, кемедегі әртүрлі аймақтарын суреттейтін орны бар өрт сөндіру бойынша практикалық дағдыларды үйрететін ғимарат, сонымен қатар есіктері мен люктары бар ғимаратқа келетін ауаны жабатын өрт клапаны орнатылған болуы керек, манекен – 3 дана, өртті сөндіру бойынша жаттығуларды өткізуге арналған өртке қарсы конструкциялар мен түпқоймалар: электр энергиясы; мұнай; газ; қатты заттар (ағаш, қағаз); аспаздық және өзге де майлар, өртті анықтау жүйесінің датчиктері, кемені өрттен қорғау бойынша іс-шаралар жоспары, жоғары жиілікті қозғалмалы радиостанциялар – 4 бірлік, кемедегі ескерту жүйесі – 1 бірлік, жеке қорғаныс құралдары: аяқты қорғау (әртүрлі қолдану шарттарындағы әртүрлі түрлер); көзді қорғау (әртүрлі қолдану шарттарындағы әртүрлі түрлер); қолды қорғау (әртүрлі қолдану шарттарындағы әртүрлі түрлер); тыныс алу органдарын қорғау (әртүрлі қолдану шарттарындағы әртүрлі түрлер); тыныс алу органдарын қорғау (әртүрлі түрлер); биіктіктен құлаудан қорғау; Мұнай операцияларын есепке алу журналы; қоқыс операциялары журналы; бекет бойынша кесте үлгісі; VI/1-4 кестеде көрсетілген білімдері мен дағдыларына сәйкес аудиовизуалдық материалдар ("Бастапқы даярлау" курсын өткізу үшін);
13) кеме сызбасы: жолаушылар паромдары; круиздік кемелер; көліктік паромдар; Кеме кестелерінің үлгілері: жолаушылар паромдары; круиздік кемелер; көліктік паромдар; Кеме бортында төтенше жағдайлар кезіндегі жоспарлар үлгісі ("Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы" курсын өткізу үшін);
14) құтқару мен қауіпсіздік жаһандық теңіз жүйесінің ( ҚҚЖТЖ) оқу тренажер-симуляторы - 1 дана; 1974 ж. теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенциясының IV тарауына, 6-11 ережесіне сәйкес А1-А4 теңіз зоналары барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген құтқару мен қауіпсіздік жаһандық теңіз жүйесінің (ҚҚЖТЖ) кеме станциясы – 1 дана; гидростатикалық бөлу механизмі бар апаттық орналасу орнын көрсеткіш-радиобуйдың макеті – 1 дана; іздестіру мен құтқаруға арналған таратқыш макет – 1 дана; іздестіру мен құтқаруға арналған автоматты идентификациялық жүйенің таратқыш макеті – 1 дана; зарядтау станциясы бар метрлік диапазондағы портативті УҚТ-радиостанциялар – 2 дана; 1974 жылғы теңіздегі адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенциясының IV тарауына, 13- ережесіне сәйкес апаттық қорек көзі – 1 дана ("Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры" және "Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің жүзуі шектелген ауданның радиооператоры" курстарын өткізу үшін);
15) алғашқы көмек жинағы – 1 дана; әртүрлі қаптамадағы және формадағы препараттардың үлгілері – 1 дана; реанимациялық аппаратура – 1 жинақ; кескен жерін тігуге арналған орайтын материалдар мен құрал-жабдықтар – 1 жинақ; медициналық құрал-саймандар – 1 жинақ; жай-күйді қарау мен бақылауды жүргізуге арналған аппаратура – 1 жинақ; тамыр ішілік және бұлшық еттік инъекция мен катетеризацияға арналған құрал-саймандар – 1 жинақ; жалпы медициналық құрал-жабдықтар және науқас күтіміне арналған құрал-жабдықтар – 1 жинақ; тасымалдау мен бекітуге арналған құрал-жабдықтар – 3 дана; реанимацияға арналған манекен – 1 жинақ; импровизациялық таңғыш ретінде қолданылуы мүмкін материалдар; медициналық көмек көрсету туралы хабарламаға арналған форма, тексеруге жолдама және эвуакация қажеттігі туралы өтінішке арналған форма ("Медициналық күтім", "Алғашқы медициналық көмек көрсету" курстарынөткізу үшін);
16) суға түсу мен бортқа көтерілуге арналған құрал-жабдықтары мен стандартты инвентарьі бар жылдам құтқару кемесі – 1 дана; құтқару жилеті – 6 дана; үрлемелі құтқару жилеті – 2 дана; гидрокостюм – 2 дана; суық суға түсуге арналған қорғаныш костюм – 2 дана; үрлемелі құтқару кемелеріне арналған жөндеу жинағы – 1 дана; метрлік диапазондағы портативті УҚТ-радиостанциялары – 3 дана; қорғаныс каскасы – 6 дана; жеке қорғаныс құралы – 6 дана,суға түсу мен бортқа көтерілуге арналған құрал-жабдықтары мен стандартты инвентарьі бар жылдам құтқару кемесі – 1 дана; құтқару жилеті – 6 дана; үрлемелі құтқару жилеті – 2 дана; гидрокостюм – 2 дана; суық суға түсуге арналған қорғаныш костюм – 2 дана; үрлемелі құтқару кемелеріне арналған жөндеу жинағы – 1 дана; метрлік диапазондағы портативті УҚТ-радиостанциялары – 3 дана; қорғаныс каскасы – 6 дана; жеке қорғаныс құралы – 6 дана ("Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" біліктілік арттыру курсын өткізу үшін);
17) 12 адамға (немесе одан жоғары) арналған суға түсу / бортқа көтерілуге арналған құрал-жабдықтары мен стандартты инвентарьі бар құтқару қайықшасы – 1 дана; суға түсу мен бортқа көтерілуге арналған құрал-жабдықтары мен стандартты инвентарьі бар құтқару қайықшасы – 1 дана; 12 адамға (немес одан жоғары) арналған СОЛАС бойынша А категориялы инвентарьі бар үрлемелі құтқару салы – 1 дана; құтқару жилеті – 12 дана; гидрокостюм – 2 дана; құтқару салын автоматты түсіруге арналған құрал-жабдық - 1 дана; қорғаныс каскасы – 12 дана; жеке қорғаныс құралдары – 12 дана,12 адамға (немесе одан жоғары) арналған суға түсу / бортқа көтерілуге арналған құрал-жабдықтары мен стандартты инвентарьі бар құтқару қайықшасы– 1 дана; суға түсу мен бортқа көтерілуге арналған құрал-жабдықтары мен стандартты инвентарьі бар құтқару қайықшасы– 1 дана; 12 адамға (немес одан жоғары) арналған СОЛАС бойынша А категориялы инвентарьі бар үрлемелі құтқару салы – 1 дана; құтқару жилеті – 12 дана; гидрокостюм – 2 дана; құтқару салын автоматты түсіруге арналған құрал-жабдық - 1 дана; қорғаныс каскасы – 12 дана; жеке қорғаныс құралдары – 12 дана ("Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" курсын, "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" біліктілік арттыру курсын өткізу үшін);
18) кеме сызбасы: жолаушылар паромдары; круиздік кемелер; көліктік паромдар; кеме кестелерінің үлгілері: жолаушылар паромдары; круиздік кемелер; көліктік паромдар; кеме бортында төтенше жағдайлар кезіндегі жоспарлар үлгісі ("Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі" курсын өткізу үшін).