"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 650 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17697 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 сәуірде"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:

      1-тарауының тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тарауының тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің тәртібі";

      13-15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Емтиханға жіберу үшін рейтинг бағасының ең төмен жиынтық балы 50 балды құрайды.

      50 балл≤ЖРБ≤100 балл

      14. Емтиханнан 50 балдан төмен баға алған білім алушыға осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

      50 балл< ЕБ ≤ 100 балл

      15. Білім алушы жаттығуларды іс жүзінде орындағаны үшін қолданыстағы курстардың (оқ ату, жауынгерлік машиналарды жүргізу) талаптарына сәйкес бағаланады. Бұл ретте дәстүрлі бағаны оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесіне ауыстыру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Әскери тағылымдаманы өткізу (сараланған сынақты жүргізу) кезінде практикалық дағдылардың, кешенді тактикалық міндеттердің бағасы осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес ведомоста көрсетіледі.";

      3-тарауының тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізу тәртібі";

      20-22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Оқу бөлімі өткізу нысанын ескере отырып, емтихандар кестесін факультеттермен (кафедралармен) бірлесіп жасайды, оны әскери оқу орны бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары бекітеді және білім алушылар мен оқытушыларға емтихан сессиясы басталғанға дейін кешіктірмей екі апта бұрын жеткізіледі.

      21. Емтиханды осы пәннен сабақ беретін оқытушы – емтихан қабылдаушы қабылдайды. Ол болмаған кезде тиісті бейіннің оқытушысы тағайындалады.

      22. Зертханалық жұмыстарды, есептеу-графикалық тапсырмаларды және курстық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды жұмыс (тапсырма, жоба) жетекшісінің тікелей қатысуымен емтихан қабылдаушы жүргізеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Емтиханды ауызша немесе жазбаша нысанда өткізу үшін емтихан қабылдаушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан билеттерін әзірлейді.

      Емтихан билеттері кафедра (цикл) отырысында талқыланады, емтихан қабылдаушы қол қояды және кафедра (цикл) бастығы бекітеді. Емтихан билеттерінде негізгі сұрақтар, негізгі ұғымдар мен оқу пәнінің заңдылықтары көрсетіледі. Әрбір емтихан билеті үш сұрақтан тұрады, оның біреуі практикалық болуы мүмкін. Емтихан билетінің сұрақтары қайталанбайды. Емтихан билеттерінің саны топта білім алушылардың санынан 20 %-дан астам болады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ауызша емтихан уақытында білім алушылар силлабусқа сәйкес әскери техниканы немесе макет түріндегі оның шартты бейнесін, модельдерді, тренажерларды, қондырғыларды, стенділерді, карталарды, кестелерді, плакаттарды пайдалана алады.

      Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған білім алушы емтиханнан шығарып жіберіледі және оған "қанағаттанарлықсыз" деген баға қойылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Емтихан сессиясы кезеңінде әскери оқу орны бастығының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша екі апта мерзімде әскери оқу орны әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне электрондық және қағаз жеткізгіштерде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сессия нәтижелерін талдауды ұсынады.";

      44-тармақ алып тасталсын;

      4-тарауының тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізудің тәртібі";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан (бұдан әрі – ҚЗҚТ ПМЕ) кестесін оқу бөлімі жасайды және оны мемлекеттік емтихан басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей ЖӘОО бастығы бекітеді.";

      52-56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52.ҚЗҚТПМЕ-ні дәлелді себептермен тапсырмаған курсанттарға мемлекеттік емтихан комиссиясы төрағасының шешімімен жеке кесте жасалады.

      53. ҚЗҚТПМЕ-ге жіберу үшін курсант жіберу рейтингісі бағасының кемінде 50 балын жинайды. "Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы" пәні үшін баға 100 балдық меже бойынша бағаланады.

      54. ҚЗҚТПМЕ-ні қайта тапсыруға жол берілмейді. Егер курсант ҚЗҚТПМЕ үшін 50 балдан төмен балл алса, ол оқудан шығарылуға тиіс.

      55. ҚЗҚТПМЕ-ні тапсыру нәтижелері оны тапсыру көзделген емтихан сессиясының қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі.

      56. Мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін комиссия төрағасы есеп беруді жасайды, ол ЖӘОО (факультет) оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі және әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне екі апта мерзімде ұсынылады.";

      5-тарауының тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. "5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау жұргізу тәртібі";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін әскери бөлімдер мен мекемелердің өкілдері аттестаттау комиссиясының төрағасы және бір мүшесі болып табылады.";

      70-73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Жұмыстық оқу жоспарының барлық пәндерінің кемінде 90 %-ы бойынша емтихандарды – "А", "А-" деген бағалармен, ал қалған пәндер бойынша "В+", "В", "В-" деген бағалармен тапсырған және барлық оқу кезеңі ішінде емтихандарды қайта тапсырмаған кадеттерге аттестаттау комиссиясының шешімімен үздік диплом беріледі. Үздіктердің фотосуреттері Кадет корпусының Құрмет тақтасына ілінеді. Кадет корпусын үздік бітірген бітірушілер қызмет орнын таңдауда басым құқықты пайдаланады.

      71. Қорытынды емтихандар нәтижелері негізінде аттестаттау комиссиясы бітірушіге дипломды берумен біліктілікті береді.

      72. Қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау комиссиясының төрағасы екі апта мерзімде есеп беруді жасайды, онда:

      1) кадеттердің даярлық деңгейі мен білім сипаттамасы;

      2) оқу пәндерінің жекелеген мәселелері бойынша кадеттерді даярлаудағы кемшіліктер;

      3) мамандарды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.

      73. Жұмыс аяқталғаннан кейін аттестаттау комиссиясының төрағасы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беруді жасайды, ол Кадет корпусы педагогикалық кеңесінің отырысында талқыланады және екі апта мерзімде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Әрбір МАК-тың төрағалары және бір мүшесі әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін әскери бөлімдер мен мекемелердің өкілдері болып табылады. Бір адамды бірнеше МАК құрамында тағайындауға жол беріледі.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Кешенді мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі тапсырыс берушімен келісу бойынша ЖӘОО оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітіледі.";

      81 және 82-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Оқу бөлімі МАК-қа мынадай құжаттарды:

      1) курсанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы ЖӘОО бастығының бұйрығынан үзіндіні;

      2) жұмыстық оқу жоспарының пәндері бойынша пәннің бағасын;

      3) кәсіптік практика мен әскери тағылымдама үшін бағаларды;

      4) кешенді мемлекеттік емтихан мен мемлекеттік емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбесін;

      5) ЖӘОО бастығы бекіткен емтихан билеттерінің жиынтықтарын;

      6) кешенді мемлекеттік емтихан мен мемлекеттік емтиханда пайдалану үшін көрнекі құралдар мен анықтамалық сипаттағы материалдар тізбесін ұсынады.

      82. МАК-тың функциясына:

      1) бітірушілердің теориялық және практикалық даярлығының біліктілік талаптарына сәйкес келуі деңгейін тексеру;

      2) тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін беру, біліктілікті беру және жоғары білім туралы дипломды беру туралы шешім қабылдау;

      3) мамандарды даярлау сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу кіреді.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік емтихан тапсыруға күніне 20-дан аспайтын, ал дипломдық жұмысты қорғауға – 10-нан аспайтын адам жіберіледі.";

      88-93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Дипломдық жұмыстардың тақырыбы ағымдағы оқу жылы басталғаннан кейін бір ай ішінде ЖӘОО оқу-әдістемелік кеңесінде қаралады, тапсырыс берушімен келісіледі, оны ЖӘОО бастығы бекітеді және әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жолданады.

      89. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялауды біліктілігі қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына сәйкес келетін тапсырыс беруші тарапынан әскери бөлімдердің, мекемелердің, сондай-ақ дипломдық жұмыстың (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері жүзеге асырады. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттерін ЖӘОО бастығы бекітеді.

      90. Мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтихан екі және одан астам силлабус негізінде ЖӘОО әзірлеген бағдарлама бойынша өткізіледі. Мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтиханның және бейіндік және (немесе) базалық пәндер бойынша мемлекеттік емтиханның бағдарламалары ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін ЖӘОО (факультеттің) оқу-әдістемелік кеңесінде қаралады, тапсырыс берушімен келісіледі және оны ЖӘОО бастығы бекітеді.

      91. Кешенді мемлекеттік емтиханға және мемлекеттік емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбелері ЖӘОО оқу-әдістемелік кеңесінде қаралады, оны ЖӘОО бастығы бекітеді және ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін курсанттарға жеткізіледі.

      92. Кешенді мемлекеттік емтиханның және мемлекеттік емтиханның емтихан билеттері тиісті сұрақтар тізбесі негізінде жасалады, бұл ретте емтихан билеттері жиынтықтарының саны оқу топтарының санына сәйкес келуге тиіс. Әрбір емтихан билеті 3-5 сұрақтан тұрады, оның 1-2-еуі практикалық сұрақтар. Емтихан билетінің бір жиынтығындағы сұрақтар қайталанбайды. Бір жиынтықтағы емтихан билеттерінің саны топтағы білім алушылар санынан кемінде 20 %-дан (жиырма) астам болады.

      Емтихан билеттерінің мазмұны курсанттарға алдын ала жеткізілмейді, оларды қайта пайдалануға жол берілмейді.

      93. МАК отырыстары осы Қағидаларға 11-13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.";

      100 және 101-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Барлық емтихандар мен қорғауларда "А", "А-" бағаларын алған, барлық оқу кезеңі үшін үлгерімінің орташа балы 3,7-ден төмен емес және барлық оқу кезеңінде емтихандарды қайта тапсырмаған, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды "А", "А-" бағаларына тапсырған курсанттарға МАК шешімімен үздік диплом беріледі. Үздіктердің фотосуреттері ЖӘОО-ның Құрмет тақтасына ілінеді. ЖӘОО-ны үздік бітірген курсанттар қызмет орнын таңдауда басым құқықты пайдаланады.

      101. Жұмыс аяқталғаннан кейін МАК төрағасы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беруді жасайды, ол ЖӘОО оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланады және екі апта мерзімде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Кафедра бастығы қорғауға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей диплом жазған курсанттың рецензиясымен танысады және пікірмен және рецензиясымен бірге дипломдық жұмысты қорғау үшін МАК-қа жолдайды. МАК-қа сонымен қатар орындалған дипломдық жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын материалдар, бейресми пікірлер, дипломдық жұмыстың (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, материалдардың, бұйымдардың үлгілері және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін қажетті басқа да материалдар ұсынылады.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Дипломдық жұмысты қорғау курсанттардың, оқытушылардың қатысуымен жария түрде ұйымдастырылады. Қорғауға, сондай-ақ дипломдық жұмыстың (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшысы, өкілдері және басқа да мүдделі адамдар шақырылады.";

      115-тармақ алып тасталсын;

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Дипломдық жұмысты қорғағаннан кейін комиссия хатшысы пікір (дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісі қатысқан жағдайда өзі жеке сөз сөйлейді) мен рецензияны оқиды.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Әрбір МАК-тың төрағалары мен бір мүшесі, олар әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін сыртқы өкілдер болып табылады. Бір адамды бірнеше МАК құрамына тағайындауға жол беріледі.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Оқу бөлімі МАК-қа мынадай құжаттарды:

      1) магистранттарды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықтан үзіндіні;

      2) транскриптті;

      3) кешенді мемлекеттік емтиханның материалдарын (Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы бекіткен және тиісті кафедра бастығы қол қойған бағдарлама, сұрақтар тізбесі, емтихан билеттері) ұсынады.";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Магистрлік диссертациялардың тақырыптары Ұлттық қорғаныс университетінің Ғылыми кеңесінде қаралады, тапсырыс берушімен келісіледі, оны ағымдағы оқу жылы басталғаннан бастап бір ай ішінде ЖӘОО бастығы бекітеді. Алдын ала қорғаудан өткеннен кейін магистрлік диссертация тақырыбын нақтылауға жол беріледі.";

      133 және 134-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Кешенді мемлекеттік емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбесі факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралады, оны Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы бекітеді және ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін магистранттарға жеткізіледі.

      134. Кешенді мемлекеттік емтиханның емтихан билеттері тиісті сұрақтар тізбесі негізінде жасалады, бұл ретте емтихан билеттері жиынтықтарының саны оқу топтарының санына сәйкес келуге тиіс. Әрбір емтихан билеті 3-5 сұрақтан тұрады, оның 1-2-еуі практикалық сұрақтар. Емтихан билетінің бір жиынтығында сұрақтар қайталанбайды. Бір жиынтықтағы емтихан билетінің саны топтағы білім алушылар санынан кемінде жиырма %-дан астам болуға тиіс.

      Емтихан билеттерінің мазмұны магистранттарға алдын ала жеткізілмейді, оларды қайта пайдалануға рұқсат етілмейді.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. МАК отырыстары осы Қағидаларға 15-17-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша хаттамамен ресімделеді, оған МАК төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды.

      Шешім қабылдау үшін кворум МАК төрағасын қоса алғанда, МАК құрамының кемінде 2/3 бөлігін құрайды.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. МАК шешімдері жабық отырыста, ашық дауыс берумен, қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс саны тең болған кезде МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы оны өткізгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.

      Апелляция жүргізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның барлық отырыстары МАК отырысының хаттамасымен ресімделеді.";

      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдарға бір жылдан кейін бір рет қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға жол беріледі. Бұл ретте қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан 50 балдан төмен балл алған тек оның сол нысандары бойынша жүргізіледі. 50 балдан астам балл алған магистранттар қорытынды аттестаттауды қайта тапсыру нәтижелері бойынша оқу орнын бітіргені туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына енгізу үшін ұсынылады.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Жұмыс аяқталғаннан кейін МАК төрағасы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беруді жасайды, ол Ұлттық қорғаныс университеті Ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады. Ұлттық қорғаныс университеті талдау жүргізеді және оны екі апта мерзімде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.";

      153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "153. Қорғауға жіберілген магистрлік диссертация рецензиялаудан өтеді.

      Магистрлік диссертация рецензентке оның қызмет (жұмыс) орнына жолданады. Қажет болған кезде рецензенттер диссертация мазмұнымен танысу және рецензия жасау үшін Ұлттық қорғаныс университетіне келеді.";

      168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "168. Докторанттарды қорытынды аттестаттау кешенді емтихан тапсыру және докторлық диссертацияларды қорғау нысанында жүргізіледі.

      Докторлық диссертацияларды қорғау Ұлттық қорғаныс университетінің диссертациялық кеңесі (бұдан әрі – кеңес) алдында жүзеге асырылады.

      Әрбір мамандық бойынша кешенді емтиханды өткізу үшін Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен күнтізбелік бір жыл мерзімге жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кемінде бес адамнан тұратын МАК құрылады.

      Әрбір МАК-тың төрағалары және бір комиссия мүшесі әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін әскери бөлімдер мен мекемелердің өкілдері болып табылады.

      МАК-тың құрамына кешенді емтихан қабылдау үшін оның мүшелері құқығында бітіріп шығатын мамандардың бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы және академиялық дәрежесі бар адамдар кіреді.

      Докторанттардың кешенді емтихан тапсыру тәртібі осы Қағидалардың 122-125, 128-137, 139-141-тармақтарының талаптарына ұқсас жүзеге асырылады.";

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Оқу бөлімі кешенді емтихан тапсыру кестесін жасайды,оны Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы бекітеді және ол МАК жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жалпы мәліметке жеткізіледі, бұл ретте кешенді мемлекеттік емтиханды тапсыруға күніне 8-ден аспайтын адам жіберіледі.

      Докторлық диссертацияны қорғау жөніндегі кеңес отырысының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен бекітіледі. Бұл ретте күніне кемінде төрт докторлық диссертацияны қорғауға жол беріледі.";

      176-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "176. Ұлттық қорғаныс университеті докторанттарды қорытынды аттестаттауды аяқтағаннан кейін екі апта мерзімде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне есеп беруді ұсынады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 1 қазандағы
№ 650 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарында білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылау, оларға
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізу
қағидаларына
4-1-қосымша
  Нысан

____________________________________________ (әскери оқу орнының атауы) _________________ № _______бағалау ведомосы 20 ___/ ___ оқу жылының "_____" семестрі үшін ___ оқу тобы (бөлімше, взвод) ____________ факультеті (рота, батарея) __________________ курс.

      Мамандық ____________________________________________________

      Пән __________________________________________________________

      Емтихан қабылдаушы ________________________ күні _________________

Р/с №

Әскери атағы

Тегі және аты-жөні

Балмен ПБ

Әріптікбаламада ПБ

Сандық баламада ПБ

Дәстүрлі жүйеде ПБ

Апелляцияны ескерумен ПБ









      Бастықтың оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары

      әскери атағы                                           Тегі, аты-жөні (қолы)

      ЖИЫНЫ: "өте жақсы" _____________________________________

      (жазумен)

      "жақсы" _________________________________________

      (жазумен)

      "қанағаттанарлық" ______________________________

      (жазумен)

      "қанағаттанарлықсыз" ____________________________

      (жазумен)

      "аттестатталған жоқ" __________________________________

      (жазумен)

      ЕМТИХАН (СЫНАҚ) БОЙЫНША ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАР

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (емтихан қабылдаушының қолы)