"Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17683 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы № 95 (28573) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларда:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тауарларды жеткілікті қайта өңдеудің негізгі өлшемшарттары үшiншi елдiң тауарын өндiрісте пайдалану кезiнде тауарға шығу тегі мәртебесiн беру үшiн қажеттi шарттардың өндірістік және технологиялық операциялардың тiзбесіне енгiзiлген тауарларды қоспағанда, тауарды қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде тауардың СЭҚ ТН бойынша кодын өзгерту болып табылады.

      Аталған тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес қағидасы жеке де, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемшарттарымен үйлестіріліп те енгізілген.

      Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттарын бағалау үшін кумулятивтік қағидат қолданылуы мүмкін, оған сәйкес 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісімге қатысушы мемлекеттерде тауарды дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде тауардың шығу тегі тауарды соңғы дайындаған ел бойынша айқындалады.

      Егер 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінде түпкілікті тауарды өндіруде, 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісімге қатысушы басқа мемлекеттерден шығарылған, тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталған және 1994 немесе 2009 жылғы Келісімге басқа қатысушы мемлекеттерде кезең-кезеңімен одан әрі қайта өңдеуге ұшырайтын шикізат пен материалдар пайдаланылса, онда тауар соңғы рет өңдеуге ұшыраған ел осындай тауар шығарылған ел болып табылады.

      Шикізаттың немесе материалдардың шығу тегі туралы сертификат болмаған жағдайда, түпкілікті тауарды шығарған елді айқындау осы Қағиданың 7-тармағында белгіленген.

      Қазақстан Республикасында өндірілген және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерге экспортталатын тауарлардың шығу тегі Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттарда көрсетілген негізде айқындалады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Тауардың шығу тегі туралы сертификат Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттарда көзделген нысандар бойынша беріледі.

      "Түпнұсқа" тауардың шығарылған жері туралы сертификат "Тауардың шығу тегі туралы куәліктерінің нысандарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша беріледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тауардың шығу тегі туралы сертификат:

      1) уәкiлеттi ұйымның ақпараттық жүйесi арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiмі;

      2) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, Тізбеге сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Уәкілетті ұйымның уәкілетті адамы құжаттарды талдауды және олардағы мәліметтерді тексеруді жүргізеді және тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы немесе тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуден бас тарту туралы қорытындыны еркін түрде жасайды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттармен айқындалады.

      "Түпнұсқа" нысанындағы сертификатты қолданылу мерзімі берілген күннен бастап он екі айды құрайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қолдар және (немесе) мөрлер болмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Ішкі айналымға арналған Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге өтініммен бірге мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлғаларға - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама жарғы, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы ереже, жеке кәсіпкерлерге - патент немесе куәлігі патент немесе жеке кәсіпкер куәлігі) жылына бір рет ұсынылады;

      2) егер өтінім беруші мәлімделген тауарды өндіруші болып табылмаған жағдайда, тауарды сатып алуды растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды сатып алуға жасалған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар);

      3) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы № 202-V Заңының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес рұқсаттың немесе хабарламаның түпнұсқасы мен көшірмесі;

      4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттарын айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе есеп - шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар өндірісіне сәйкес нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі қоса берілетін технологиялық операциялардың сипаттамасы бар мәлімделген тауар өндірісі үшін жабдықтардың тізбесі, өндірістік үй-жайға арналған құжаттар, қызметкерлердің тізімі, шетелде шығарылған пайдаланылған шикізат немесе құрауыштың құнын есепке ала отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі;

      5) өтініш берілген өнімдердің атауының тізбесі мемлекеттік тілде;

      6) қойманың мекенжайын көрсете отырып, қоймада тауардың болуы және саны туралы қоймалық анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі;

      7) өтінім берушінің мүдделерін ұсынуға арналған сенімхаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

      8) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасы тиісті аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органының өтінім берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды расталған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт.

      Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат:

      1) уәкiлеттi ұйымның ақпараттық жүйесi арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға өтінімдер;

      2) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;

      3) осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес құжаттар;

      4) қоса берілген құжаттар тізімдемесі негізінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.

      2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.";

      57-тармақ алып тасталсын;

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері болса, қажетті қолдар болмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. "CT-KZ" нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификат және олардың негізінде берілген құжаттар уәкілетті ұйымда сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл бойы сақталады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданысын жою:

      1) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатында көрсетілген өндірістің тоқтауы немесе кәсіпорын қызметінің тоқтауына байланысты өтінім берушінің өтініші;

      2) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат бағандарында жазылған мәліметтердің өзгергені туралы өтінім берушінің өтініші;

      3) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 5-1) тармағына сәйкес берілген уәкілетті органның ұйғарымдары;

      4) өтініш берушінің ұсынған құжаттарының (мәліметтерінің) дұрыстығын айқындауға уәкілетті басқа мемлекеттік органдардың ұйғарымдары (қаулылары);

      5) "СТ-KZ" нысандағы тауардың шығу тегі берілген сертификаттар тізіліміне тиісті жазбаларды міндетті түрде енгізе отырып, ішкі аудит нәтижелері бойынша осы Қағидалар талаптарының бұзушылықтары анықталған жағдайларда/негіздерде уәкілетті ұйымның шешімімен қабылданады.

      Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген өтініш берушінің өтініші уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы қағаз және (немесе) электрондық түрде беріледі.";

      64-тармақ алып тасталсын;

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың күшін жою туралы Шешім қабылдаған жағдайда осы Қағидалардың

      62-тармағының 2) тармақшасының негізінде жаңа сертификат осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болғанда ғана беріледі.";

      67-тармақ алып тасталсын;

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын беру немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша негізделген шешімді беру мерзімі бір жұмыс күнінен, ал осы Қағидалардың 5, 52-тармақтарында көзделген жағдайларда - өтініш уәкілетті ұйымда тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайды.

      Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту туралы негізделген шешім уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

7304-тен

мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде пайдаланылатын қақтау, сорғы-компрессорлық және қарапайым бұрғылау құбырлары

Келесі өлшемшарттардың бірін орындау:
а) дайындау өнімі сияқты пайдаланылатын барлық материалдардың құны мыналардан аспауы тиіс:
- өнімнің түпкілікті бағасының 80%-ынан
- өндірістің бірінші жылы келесі операцияларға байланысты:
- ГОСТ немесе API 5CT бойынша стандартты бұрандалы қосылымды кесу;
- қосылу түріне сәйкес болған жағдайда, қосылуға арналған жалғастырғышты бұрау;
- өнімнің түпкілікті өнім бағасының 70%;
- өндірістің екінші жылы келесі операцияларға байланысты:
- ГОСТ немесе API 5CT бойынша стандартты бұрандалы қосылымды кесу;
- қосылыс түрінде ұсынылған жағдайда, Қазақстанда жасалған мүфталар мен бұрандаларды монтаждау және бұрау;
- гидравликалық сынау және/немесе бұрандалы қосылыс, егер жалғастырғыш қосылыс түрімен қамтамасыз етілсе;
- түпкілікті өнім бағасының 60% үшінші және кейінгі жылдары, келесі операцияларға байланысты:
- ГОСТ немесе API 5CT бойынша стандартты бұрандалы қосылымды кесу;
- қосылыс түрінде ұсынылған жағдайда, Қазақстанда жасалған жалғастырғыштар мен бұрандаларды монтаждау және бұрау;
- гидравликалық сынау және/немесе бұрандалы қосылыс, егер жалғастырғыш қосылыс түрімен қамтамасыз етілсе;
б) Дайындау өнімі сияқты пайдаланылатын барлық материалдардың құны мыналардан аспауы тиіс:
- өнімнің түпкілікті өнім бағасының 80%
- бірінші және екінші өндірістегі келесі операцияларға байланысты:
- өндірушінің стандарттарына сәйкес "Премиум" сыныбының бұрандалы қосылысын кесу;
- қосылыс түрімен қамтамасыз етілген жағдайда, жағастырғыштарды бұрау;
- өнімнің түпкілікті өнім бағасының 75%-ы, операцияларды орындау шартты кезінде келесі өндірістердің үшінші жылы:
- "Премиум" сыныбының бұрандалы қосылысын өндірушінің стандарттарына сәйкес кесу;
- қосылу түрімен қамтамасыз етілген жағдайда, жағастырғыштарды бұрау;
- түпкілікті өнім бағасының 70%-ы,
- операцияларды орындау шарты болған жағдайда төртінші және кейінгі жылдары:
- "Премиум" сыныбының бұрандалы қосылысын өндірушінің стандарттарына сәйкес кесу;
- қосылу түрімен қамтамасыз етілген жағдайда, жағастырғыштарды бұрау.

      ";

      мына:

      "

8528

Құрамында қабылдағыш телевизиялық аппаратура енгізілмеген мониторлар және проекторлар; радиохабар қабылдағышы немесе дыбыс, бейне жазып алатын немесе шығаратын аппаратурасын қамтитын немесе қамтымайтын, теледидар байланысына арналған қабылдағыш аппаратура

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- электрондық модульдерді дайындау (радио-элементтердiң дайындамасы, SMD-құрастыру, барлық радиоэлементтердi баспалық платаларға орнату, пісіру, диагностика, бұрау, бақылау);
- корпустық бөлшектерді дайындау;
- фиништiк құрастыру және бұрау (түпкiлiктi өнiмдердi (регламенттердi) құрастыру, монтаждау, бұрау, бақылау, сынау кешенi

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8528
(8528 71 1900 басқа)

Құрамында қабылдағыш телевизиялық аппаратура енгізілмеген мониторлар және проекторлар; радиохабар қабылдағышы немесе дыбыс, бейне жазып алатын немесе шығаратын аппаратурасын қамтитын немесе қамтымайтын теледидар байланысына арналған қабылдағыш аппаратура

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- электрондық модульдерді дайындау (радио-элементтердiң дайындамасы, SMD-құрастыру, барлық радиоэлементтердi баспалық платаларға орнату, дәнекерлеу, диагностика, бұрау, бақылау);
- корпустық бөлшектерді дайындау;
- фиништiк құрастыру және бұрау (түпкiлiктi өнiмдердi (регламенттердi) құрастыру, монтаждау, бұрау, бақылау, сынау кешенi

      ";

      мынадай мазмұндағы жолымен толықтырылсын:

      "

8528 71 1900

Құрамына теледидар қабылдағыш аппаратура енілмеген мониторлар мен проекторлар; құрамында кең ауқымды радиоқабылдағыш немесе құрамына бейнедисплейді немесе экранды бейнетюнерлер және өзгелерін енгізуге арналмаған бейне жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратураны енгізетін немесе енгізбейтін теледидар байланысына арналған қабылдағыш аппаратура;

2018 жылдан кейін өндірістің бірінші жылы (өндірістің басталған күніне қарамастан):
Мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- электрондық модульдерді дайындау (радио-элементтердiң дайындамасы, SMD-құрастыру, барлық радиоэлементтердi баспалық платаларға орнату, дәнекерлеу, диагностика, бұрау, бақылау);
- фиништiк құрастыру және бұрау (түпкiлiктi өнiмдердi (регламенттердi) құрастыру, монтаждау, бұрау, бақылау, сынау кешенi.
2018 жылдан кейін өндірістің екінші жылынан бастап (өндірістің басталған күніне қарамастан):
Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- электрондық модульдерді дайындау (радио-элементтердiң дайындамасы, SMD-құрастыру, барлық радиоэлементтердi баспалық платаларға орнату, дәнекерлеу, диагностика, бұрау, бақылау);
- бағдарламалық қамтылымды әзірлеу немесе қазақстандық бағдарламалық қамтылымды қолдану;
- фиништiк құрастыру және бұрау (түпкiлiктi өнiмдердi (регламенттердi) құрастыру, монтаждау, бұрау, бақылау, сынау кешенi.
2018 жылдан кейін өндірістің төртінші жылынан бастап (өндірістің басталған күніне қарамастан):
Мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- электрондық модульдерді дайындау (радио-элементтердiң дайындамасы, SMD-құрастыру, барлық радиоэлементтердi баспалық платаларға орнату, дәнекерлеу, диагностика, бұрау, бақылау);
- бағдарламалық қамтылымды әзірлеу немесе қазақстандық бағдарламалық қамтылымды қолдану;
- корпустық бөлшектерді дайындау немесе қазақстандық өндірістегі корпустық бөлшектерді пайдалану;
- фиништiк құрастыру және бұрау (түпкiлiктi өнiмдердi (регламенттердi) құрастыру, монтаждау, бұрау, бақылау, сынау кешенi

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық Қағидалардың 24, 55, 57, 58, 59, 60, 62, 64, 65, 67, 72-тармақтарындағы, сондай-ақ 2019 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін Қағидаларға 10-қосымшадағы өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________________Ә. Смайылов

      2018 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 711 бұйрығына
1-қосымша
  Тауардың шығарылған елін
айқындау, тауардың шығарылуы
туралы сертификат беру және
қолданысын жою жөніндегі
қағидаларға
3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға арналған өтінім

      _____________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Уәкілетті ұйымның басшысы

      __________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда))

      20 __ жылғы "__" ___________

№ _____ өтінім

      ________________________________________________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________ берген тауардың шығу тегі туралы № _____________________

      нысандағы ____________ тіліндегі тауардың шығу тегі туралы сертификатты және мынадай

      деректемелерді беруді сұраймыз:

      1. Тауарды жөнелтуші, оның мекенжайы, телефоны, факсы ______________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Тауарды алушы, оның мекенжайы, елі _____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Тауарды өндіруші, оның мекенжайы, елі (тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың

      көшірмелері: шарт № ______, жүкқұжаттар шот-фактура, шот-фактура және т.б.)

      ________________________________________________________________________________

      4. Сыртқы сауда келісімшарты (шарт), оның күні ______________________________________

      5. Инвойс (шот-фактура), №, күні ___________________________________________________

      6. Тауар туралы мәлімет:

Тауардың нақты атауы

Тауарлардың саны

Өлшем бірлігі

Масса брутто нетто, кг

Тауар орнының саны

Қаптама түрі

СЭҚ ТН коды

СЭҚ ӨЖ коды









      7. Жөнелту станциясы (пункті) _____________________________________________________

      8. Межелі станция (пункт) _________________________________________________________

      9. Көлік түрі мен саны _____________________________________________________________

      10. Экспортқа және/немесе лицензияға рұқсат _________________________________________

      11. Мәміленің сипаты: сату, айырбастау, консигнация __________________________________

      12. Теңгедегі тауарлардың құны ____________________________________________________

      13. есеп айырысу шоты, банк бөлімшесі, _____________________________________________

      14. Жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін - бизнес

      сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________

      15. Басшының Т.А.Ә.(болған жағдайда), телефоны _____________________________________

      Осы өтінімде қамтылған мәліметтердің анықтылығы және ұсынылған құжаттарға Қазақстан

      Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      Басшының қолы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 711 бұйрығына
2-қосымша
  Тауардың шығарылған елін
айқындау, тауардың шығарылуы
туралы сертификат беру және
қолданысын жою жөніндегі
қағидаларға
9-қосымша
  Нысан

Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға арналған өтінім

      Уәкілетті ұйымның басшысы _______________________________________________________

      (Т.А.Ә.) (болған жағдайда)

      20 __ жылғы "__" ___________

№ __ өтінім

      ________________________________________________________________________________

      (тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "__" _______________ берген тауардың шығу тегі туралы № _________ сараптама

      актісінің және мынадай деректемелердің негізінде____________ тілінде тауардың шығу тегі

      туралы сертификат беруді сұраймыз: ________________________________________________

      1. Тауарды өндіруші, оның мекенжайы, телефоны, факсы _______________________________

      2. Тауарды алушы, мекенжайы, елі__________________________________________________

      3. Тауар туралы мәлімет:

Тауардың нақты атауы

Тауарлардың саны

Өлшем бірлігі

Масса брутто нетто, кг

Тауар орнының саны

Қаптама түрі

СЭҚ ТН коды

СЭҚ ӨЖ коды

Тауардың шығу тегіне өлшемшарттар

ЖҚҮ











      4. Теңгедегі тауарлардың құны _____________________________________________________

      5. Жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғалар үшін - бизнес сәйкестендіру

      нөмірі __________________________________________________________________________

      6. есеп айырысу шоты, банк бөлімшесі _______________________________________________

      7. Басшының Т.А.Ә.(болған жағдайда), телефоны ______________________________________

      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтылығы үшін

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      Басшының қолы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 711 бұйрығына
3-қосымша
  Тауардың шығарылған елін
айқындау, тауардың шығарылуы
туралы сертификат беру және
қолданысын жою жөніндегі
қағидаларға
10-қосымша

"СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат толтыру тәртібі

      "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады, берілген сертификат бағандарында тауар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) 1-баған - "Тауарды өндіруші (атауы мен пошталық мекенжайы)" - тауар өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес тауар өндіруші болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы:

      заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың, филиалдың немесе заңды тұлғаның өққілдігін мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесіне сәйкес;

      жеке тұлға үшін - жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.

      Бағанды толтырған кезде өндірушінің пошталық мекенжайы тауар өндірушінің нақты мекенжайын растайтын құжатына сәйкес көрсетіледі;

      2) 2-баған - "Тауарды алушы (атауы мен пошталық мекенжайы)" - тауарды алушы болып табылатын тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес заңды немесе жеке тұлғаның атауы.

      Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      жеке тұлға үшін - жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.

      Тауарды алушының нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес тауарды алушының пошталық мекенжайы бағанды толтырған кезде көрсетіледі.

      "Тауарды алушы" деген баған өтініш беруші осы тауарды өндірушінің өзі емес, ол уәкілеттік берген, сенімхат бойынша тауар өндірушінің мүддесін білдіретін адам немесе өндірушінің өзі осы тауарды сатқан адам болған жағдайда ғана толтырылады, "Қызметтік белгілер үшін" деген 5-бағанда тауар өндіруші мен тауарды алушы арасындағы тауарды алуға арналған жоғарыда аталған шарт көрсетіледі.

      Тауарды арнайы экономикалық аймақ аумағынан және Қазақстан Республикасының бос қоймаларынан Қазақстан Республикасының қалған аумағына шығарған жағдайда "Тауарды алушы" деген 2-баған уәкілетті тұлға (делдал) болған жағдайда ғана соған ұқсас толтырылады.

      3) "Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты" деген

      3-бағанға мынадай "Тауардың шығарылған елін және жергілікті қамту үлесін растау үшін" деген жазба енгізіледі";

      4) 4-баған - тауардың шығу тегі туралы сертификаттың тіркеу нөмірі, сертификатты берген ел ("Қазақстан Республикасы");

      5) 5-баған - "Қызметтік белгілер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері, сондай-ақ мынадай жазулар енгізіледі: "Кейіннен берілген", "Телнұсқа", "Сертификат орнына берілді", "Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды", "Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап отыз үш айды құрайды". Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда, оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі;

      6) 6-баған - "Нөмір" - тауардың реттік нөмірі жазылады;

      7) 7-баған - "Орындар саны мен қаптама түрі" тауардың (лектің) орындар саны мен қаптама түрі көрсетіледі;

      8) 8-баған - "Тауардың сипаттамасы" - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір белгімен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін басқа мәліметтер.

      Бағанды толтырған кезде СЭҚ ТН және СЭҚ ӨЖ бойынша тауардың коды көрсетіледі;

      9) 9-баған - "Шығу тегінің критерийлері" - тауарлардың шығу тегінің мынадай критерийлері көрсетіледі:

      Т - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;

      Ж - түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясындағы) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы жергілікті қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі.

      Егер сертификатта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әртүрлі тауар позицияларында жіктелетін және шығу тегінің критерийлері әртүрлі тауарларға өтініш берілсе, онда 9-бағанда барлық өтініш берілген тауарлар үшін шығу тегінің критерийлері сараланған түрде көрсетіледі.

      10) 10-баған - "Тауардың саны".

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың жалпы/таза (кг) салмағы және/немесе басқа сандық сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санының арасындағы алшақтық 5 %-дан аспауға тиіс.

      "СТ-КZ" нысанындағы сертификатты сериялық өндіріс өніміне ресімдеген жағдайда, 2, 7, 10-бағандар толтырылмайды;

      11) 11-баған - "Куәлік" - уәкілетті ұйым атауын, оның мекенжайын, сертификатта көрсетілген мәліметтерді куәландыратын күнін, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті адамның қолын, тегі мен аты-жөнін қамтиды;

      12) 12-баған - "Өтініш берушінің декларациясы". Тауар шығарылған елдің атауы, тауар шығарылған ел туралы мәліметтер декларацияланған орны мен күні, өтініш берушінің уәкілетті адамының тегі мен аты-жөні және өтініш берушінің қолы көрсетіледі.