Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуындағы тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17661 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабының 64) тармақшасына, 141, 143 - баптарына, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 22-1 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 834 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 12690 тіркелген, "Әділет" АҚЖ 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын;

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 1517 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы № 48
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Тексеру парағы

      _________________________________________________________________саласында

      (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабына сәйкес)

      ___________________________________________________________________қатысты

      (бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің атауы___________________________________________________

      (Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)______

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекен-жайы _____________________________________________________

Талап тізбесі

Қажет

Қажет емес

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1.

Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің), айрықша құқығын келісім бойынша айналымға енгізу





2.

Тіркелген тауар белгісін пайдалану құқығының болуы





3.

Тауар белгісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалану





      Лауазымды тұлға (лар)

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы)       (қолы)             ( тегі, аты, әкесінің аты. (бар болған жағдайда))

      Тексеру субъектісінің басшысы:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда (бар болған жағдайда, лауазымы) (қолы))