"Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 216 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17656 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 227 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 06 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі;";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті электрондық түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар электрондық түрде, Қағидалардың 2-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген құжаттар PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.";

      12 және 13-тармақтар алып тасталсын;

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтініш осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін), 2-нысан бойынша Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару
қағидаларына
4-қосымша";

      5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Микроқаржы ұйымдарының тізілімі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару
қағидаларына
6-қосымша";

      7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы мәліметтер осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      _______________

      2018 жылғы "___" ________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      _______________

      2018 жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына
1-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      ____________________________________________________________________

      қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің орналасқан орны

      ____________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен

      парақтар саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың тексерілгенін және дәйекті әрі толық

      болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ___________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына
2-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржы ұйымының атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)




  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына
3-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
3-қосымша
  1-нысан

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер

      (заңды тұлға үшін)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық пошта мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті (бейрезиденті)

      ____________________________________________________________________

      Қызметінің негізгі түрі

      _________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      __________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өтініш берушінің жарғылық

      капиталына қатысу үлесіне ақшаны енгізу алдындағы меншік капиталының мөлшері

      және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақы төлеу үшін енгізілген

      сома

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың толық

      атауларын және орналасқан жерлерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде

      өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерлерін көрсете отырып, өтініш

      берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы

      топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар

      туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20 __ жылғы "____" _____________.

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) басшысының қолы

      _____________________________

  2-нысан

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер

      (жеке тұлға үшін)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Туған күні ___________________________________________________________

      Азаматтығы

      ____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      ____________________________________________________________________

                  (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                              (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (телефон нөмірі, бар болса электрондық пошта мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың толық

      атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде

      өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________;

      5. Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім

      қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының

      бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғаны жөніндегі мәліметтер.

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы _______________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына
4-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Микроқаржы ұйымдарының тізілімі

      20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша

Берілген тіркеу нөмірі

Микроқаржы ұйымының атауы

Микроқаржы ұйымының бизнес сәйкестендіру нөмірі

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Мекенжайы

Телефон нөмірі, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)

Тізілімге енгізілген күні

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына
5-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімнен шығару туралы мәліметтер

      20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша

Берілген тіркеу нөмірі

Микроқаржы ұйымының атауы

Микроқаржы ұйымының бизнес сәйкестендіру нөмірі

Мекенжайы

Тізілімнен шығарылған күні

Негіз