"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы бұйрық тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К.Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2018 жылғы 25 қазандағы | |
№ 590 бұйрығына | |
1-қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы (бұдан әрі – Құрылым) мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Құрылымға 1-қосымшаға сәйкес Кіріспе (қысқаша аннотация, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) паспорты;
2. Ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму перспективаларының сипаттамасы;
3. Бағдарламаның талдау және болжамдау негіздемесінің блогы:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жай-күйін талдау, негізгі проблемалар мен олардың себептері;
2) ұжымның инновациялық әлеуетін бағалау;
3) кадрларға қажеттілікке еңбек нарығының өзгеру үрдісінің болжамы;
4. Бағдарламаның пайымдауы;
5. Бағдарламаның миссиясы;
6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының стратегиялық блогы:
1) Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі орны және рөлі;
2) академиялық саясат;
3) инновациялық әлеуеттің дамуы және оның жетістіктері;
4) ғылыми-техникалық зерттемелерді коммерциялау;
7. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына жету жолдары;
8. Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелердің сипаттамасы;
9. Құрылымға 2-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның нысаналы индикаторларын көрсете отырып, жылдар бойынша бөлінген Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат.
Жоғары және (немесе) жоғары | |
оқу орнынан кейінгі білім беру | |
ұйымының даму бағдарламасының | |
құрылымына 1-қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның атауы | |
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме | |
Бағдарламаны әзірлеуші | |
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері | |
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері | |
Қаржыландыру көздері |
Жоғары және (немесе) жоғары | |
оқу орнынан кейінгі білім беру | |
ұйымының даму бағдарламасының | |
құрылымына 2-қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары
№ п/п | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Жоспарлы кезеңде | ||||
2018 жыл | 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | |||
1 Мақсат | |||||||
1. | |||||||
2. | |||||||
3. | |||||||
4. | |||||||
5. |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2018 жылғы 25 қазандағы | |
№ 590 бұйрығына | |
2-қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бағдарламасының әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-17) тармақшасын орындау мақсатында әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Бағдарлама жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму барысын регламенттейтін, бағыт беретін және орта мерзімді сипатқа ие құжат болып табылады.
2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу тәртібі
3. Бағдарлама жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қажетті нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленеді.
4. Бағдарламаны әзірлеуді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қарауындағы мемлекеттік органдардың стратегиялық даму жоспарларының негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып әзірлеуді жүзеге асырады.
5. Бағдарламаны әзірлеу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшылығы жұмыс тобын құрады.
Жұмыс тобының құрамына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері кіреді.
6. Бағдарламаны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының алқалы басқару органы бекітеді.