"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 8 қазандағы № 80/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17621 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар ) көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол:

      лицензия беру үшін – 9 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 0,9 АЕК-ті;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 9 АЕК-ті құрайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде төлем "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы "____" ___________