РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз.
"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Тестілеу өткізу қағидалары;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптар;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініштің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9718 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
_____________ Д. Абаев
2018 жылғы 23 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 24 қазан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 1-қосымша |
Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы
1. Осы Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және алты курстан тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жеке біліктілік емтиханы өткізіледі.
2. Курстардың тақырыптары және курстардың мазмұнына енгізілген бөлімдердің ең төменгі тізбесі мыналардан тұрады:
1-курс. Пайыздық мөлшерлемелер және өмірді сақтандырудағы кездейсоқ процестер теориясы:
жай және күрделі пайыздар негіздері;
аннуитеттерді құру қағидаттары;
қарыздар және оларды өтеу кестелері;
борыштық бағалы қағаздар;
өмір сүру ұзақтылығы кестелері;
өмірді сақтандыру бойынша аннуитеттер;
бірнеше адамның өмірін сақтандыру теориясы;
зейнетақылар.
2-курс. Актуарлық қағидаттар және олардың қосымшалары:
бір адамның өмірін және денсаулығын сақтандыру;
өмірді және денсаулықты топтап сақтандыру;
мүгедектікті сақтандыру;
жалпы сақтандыру;
қайта сақтандыру;
зейнетақы;
әлеуметтік сақтандыру;
инвестициялар.
3-курс. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру:
жалпы сақтандыру қағидаттары;
сақтандыру өнімдерін жасау;
андеррайтинг;
сақтандырудағы баға белгілеу;
сақтандыру резервтері;
пайда функциялары;
дәйектілік теориясы;
қайта сақтандыру және оның түрлері.
4-курс. Өмірді және денсаулықты сақтандыру:
бір адамның өмірін сақтандыру;
сақтандыру өнiмдерiн және андеррайтингтi құру;
баға белгiлеу, сақтандыру сыйлықақыларын есептеудiң әртүрлi әдiстерi;
сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi;
медициналық сақтандыру;
баға белгiлеу және медициналық сақтандырудағы сақтандыру резервтерiн қалыптастыру;
өмірді және денсаулықты топтап сақтандыру;
шағымдар бойынша шығыстарды бағалау және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;
өмірді және денсаулықты топтап сақтандыру кезіндегі сақтандыру резервтерi.
5-курс. Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк сақтандыру:
зейнетақы жинақтарының қағидаттары;
зейнетақы бағдарламалары: мемлекеттiк және жеке;
жарналары және төлемдері белгiленген зейнетақы жоспарлары;
төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi;
төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларын қаржыландыру;
жарналары белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi;
жарналары белгiленген зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдер;
жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларындағы тәуекелдердi бағалау;
әлеуметтiк сақтандыру қағидаттары;
әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiнiң түрлерi;
әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландыру әдiстерi;
басымдықтарды салыстырмалы талдау және әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің құнын бағалау.
6-курс. Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау:
инвестициялардың түрлерi: акциялар, кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар, валюта нарықтарының құралдары және туынды құралдар;
тәуекел және кірістілік;
сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, әлеуметтiк сақтандырудың трастық қорларының активтерi мен инвестициялары;
сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдерi;
сақтандыру ұйымдарына арналған қаржылық жоспарлау: активтер мен мiндеттемелер арасындағы арақатынас;
сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптар;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлiк есеп туралы заңнамасы.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2018 жылғы 27 тамыздағы | |
№ 191 қаулысына | |
2-қосымша |
Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар
1. Осы Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Тізбе) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі:
1) Неміс актуарлық қоғамы (German Actuarial Society);
2) Француз актуарийлер институты (Institute of Actuaries of France);
3) Австрия актуарлық қоғамы (Austrian Actuarial Society);
4) Канада актуарийлер институты (Canadian Institute of Actuaries);
5) Финляндия актуарлық қоғамы (Actuarial Society of Finland);
6) Дат актуарийлер қоғамы (Danish Society of Actuaries);
7) өзге де Халықаралық актуарлық қауымдастықтың (International actuarial association) және (немесе) Еуропа актуарлық қауымдастығының (The Actuarial Association of Europe) толық мүшесі мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастықтары.
3. Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі Тізбенің 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
4. Халықаралық актуарийлер қауымдастығы мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) білім беру-біліктілік жүйесі болады;
2) қауымдастық мүшелерінің білім беру-біліктілік жүйесіне сәйкес келуі бойынша талаптар не оны тану жөніндегі ереже болады;
3) актуарийлер қызметін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттар болады (актуарийлер қызметінің және актуарлық есептерді жүзеге асырудың стандарттары, кәсіби әдеп кодексі).
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2018 жылғы 27 тамыздағы | |
№ 191 қаулысына | |
3-қосымша |
Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптар
1. Осы Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Міндетті актуарлық қорытындыны жасау және беру үшін актуарий:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілігімен және актуарлық есептеулерді жүзеге асыру үшін пайдалану және зерделеу қажет болатын өзге де құжаттарымен танысады;
мемлекеттік органдарға және ұйымдарға актуарлық есептеулерді жүзеге асыру үшін қажет мәселелер бойынша мәліметтер мен құжаттар беру туралы сұратумен өтініш жасайды;
жүзеге асырылатын актуарлық есептеулерді, сондай-ақ өзі жасайтын актуарлық есептеулерді жүзеге асыру жөніндегі шарттарды уақтылы және толық есепке алуды жүргізеді;
сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтайды.
3. Актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар (бұдан әрі – лицензияланған актуарий), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің 1 қаңтардағы жағдай бойынша мөлшерін міндетті актуарлық бағалау осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актуарлық қорытынды (бұдан әрі – актуарлық қорытынды) түрінде ресімделеді және есепті айдан кейінгі жылдың 30 сәуірінде дейінгі мерзімде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылады.
4. Актуарлық қорытынды жасау мақсаттары үшін актуарлық есептеулер мынадай болып бөлінеді:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша:
бастамалық – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша жүзеге асырылатын;
міндетті – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын;
2) сақтандыру саласы (сыныбы) тиістілігі бойынша:
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылатын;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылатын;
қайта сақтандыру немесе Заңның 6-бабында белгіленген жіктеуге сәйкес сыныптар бойынша жүзеге асырылатын;
3) жасалу мақсаты бойынша:
есепті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша есепті күні жүзеге асырылатын;
жоспарлы – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне сақтандырудың жаңа сыныбы бойынша сақтандыруды және қайта сақтандыруды енгізу кезінде;
кейінгі – бұрын жүргізілген актуарлық есептеулерді түзету мақсатында жүзеге асырылатын;
4) қолданылу ауқымы бойынша:
жалпы – Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде пайдалану үшін есептелген;
өңірлік – Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлері үшін есептелген;
жеке – жекелеген сақтанушы немесе сақтанушылар тобы (заңды және (немесе) жеке тұлғалар) үшін есептелген.
5. Актуарлық қорытынды кемінде 3 (үш) дана етіп жасалады және оған лицензияланған актуарий қол қояды. Актуарлық қорытындының бір данасы лицензияланған актуарийде қалады, бір данасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға береді, актуарлық қорытындының қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында болады.
6. Актуарлық қорытындыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9529 тіркелген) бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға 1 және 2-қосымшаларда көзделген электрондық тасымалдағыштағы ақпарат және лицензияланған актуарийдің қалауы бойынша материалдар қоса беріледі.
7. Лицензияланған актуарийдің ірі мәміле бойынша қорытындысында ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша лицензияланған актуарийдің ұсынысы қамтылады және Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі мәміле бойынша актуарлық қорытынды түрінде ресімделеді.
8. Ірі мәміле бойынша актуарлық қорытынды жасау үшін лицензияланған актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған, оның ішінде лицензияланған актуарийдің сұратуы бойынша құжаттарды (мәліметтерді) пайдаланады.
9. Ірі мәміле бойынша актуарлық қорытынды кемінде 2 (екі) дана етіп жасалады және лицензияланған актуарий қол қояды. Ірі мәміле бойынша актуарлық қорытындының бір данасы лицензияланған актуарийде қалады, қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беріледі.
Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарға | |
1-қосымша | |
Нысан |
Актуарлық қорытынды
1. Актуарлық есептеулер ________________________ жағдай бойынша жүргізілді.
2. Актуарлық қорытынды жасаудың мақсаты ________________________________
______________________________________________________________________.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы деректер:
1) толық атауы _________________________________________________________
______________________________________________________________________;
2) орналасқан жері және банктік деректемелері _____________________________
______________________________________________________________________;
3) мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі
______________________________________________________________________;
4) cақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензия
______________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
4. Актуарий туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________________
______________________________________________________________________;
2) тұрғылықты жері (орналасқан жері) _____________________________________
______________________________________________________________________;
3) актуарлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия _____________________
______________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
5. Актуарлық қорытындының түрі:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша _________________________________________;
2) сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша __________________________________;
3) жасау мақсаты бойынша ______________________________________________;
4) қолдану ауқымы бойынша ____________________________________________.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттардың (мәліметтердің)
тізбесі ________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
7. Актуарий қолданған басқа да материалдар мен деректер (олардың
дереккөздері және (немесе) алынған орны) ________________________________
______________________________________________________________________.
8. Актуарий қолданған есептеу әдістемесі:
1) сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушылардың сақтандыру
резервтеріндегі үлесін есептеу кезінде актуарий пайдаланатын есеп айырысу
әдістемесі, оның ішінде сипаттама, негіздеме, кемшіліктер және болжамдар. "Өмірді
сақтандыру" саласы бойынша актуарлық бағалау жүргізілген жағдайда сақтандыру
түрлеріне қатысты резервтік және тарифтік базистердің өлшемдері көрсетіледі
____________________________________________________________;
2) актуарлық есептерде пайдаланылған статистикалық және өзге де деректер
______________________________________________________________________;
3) қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру
сыйлықақыларының жалпы мөлшері, сақтандыру резервтерін есептеулерде сақтандыру
кластарына қатысты пайдаланылатын мәлімделген шығындар саны
______________________________________________________________________;
4) қайта сақтандырушылардың сақтандыру резервтеріндегі үлесін бағалау үшін
пайдаланылатын әдістер мен модельдер___________________________________;
5) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін (бұдан әрі – ОМШР) есептеу
әдісін, ОМШР есептеу үшін пайдаланылатын шығындар кезеңін таңдау, шығынды
дамыту коэффициентін таңдау, сондай-ақ ірі шығынды орнын толтыру бойынша
негіздеме _____________________________________________________;
6) есептеу кезінде пайдаланылған барлық өлшемдерді көрсете отырып, қызметкер
еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті
сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР есепке кезінде есепке алынатын пайда
алушының еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін қайта куәландыруға және (немесе)
ұзартуға, денсаулығының нашарлауына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының міндеттемелерінің сомаларына негіздеме және есептеу ____________;
7) өмiрдi сақтандыру шарттары және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша,
олардың қосымшаларымен қоса сақтандыру резервтерiн есептеген кезде қайтыс болу,
мүгедектік, аурудың басталу ықтималдығы қамтылатын пайдаланылатын кесте және
солардың негізінде есептелген, ер және (немесе) әйел жынысты адамдардың алдағы
өмір ұзақтығына байланысты шамалар (қалыптасу көзi, құру әдiстемесi)
________________________________________________________
______________________________________________________________________;
8) мәлімделген талаптар бойынша сақтандыру төлемдерін қарау мен реттеуге тікелей
байланысты болжамды шығыстар сомасының есебі мен негіздемесі, сондай-ақ
сақтандыру жағдайларының топтары бойынша жүргізілген, төленген шағым
талаптардың орташа мәнінің есебі __________________________________;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдердің болуы немесе
болмауы туралы қорытынды. Қосымша тәуекелдер болған кезде сақтандыру
резервтерін ұлғайту мөлшері көрсетіледі _________________________
_______________________________________________________________________;
10) тартылған мамандар тарапынан актуарий алған көмектің сипаты ____________
_______________________________________________________________________.
9. Алынған нәтижелер мен қорытындылар:
1) сақтандыру резервтерінің актуарлық
есептерінің нәтижелері және сақтандыру сыныптарына қатысты қайта
сақтандырушылардың сақтандыру резервтеріндегі үлесі;
2) соңғы 12 (екі) айдағы
деректер негізінде сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша бөлек және сақтандыру
портфелі бойынша тұтас жүргізілген шығын резервтерінің барабарлығына арналған
тест, оның ішінде ретроспективтік талдау нәтижелері. Сақтандыру резервтерінің
жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі) туралы қорытындылар және сақтандыру резервтері
жетіспеген жағдайда, жетіспеу себептерін талдау;
3) нәтижелер мен қорытындылар.
10. Ұсыныстар (болмаған кезде "жоқ" деп көрсетіледі) ______________________
_____________________________________________________________________.
11. Актуарлық қорытындыны дайындау мерзімі және жасау орны ____________
_____________________________________________________________________.
12. Қолы, күні және дана саны ___________________________________________
_____________________________________________________________________.
Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарға 2-қосымша |
|
Нысан |
Ірі мәміле бойынша актуарлық қорытынды
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы деректер:
1) толық атауы _________________________________________________________
______________________________________________________________________;
2) орналасқан жері және банктік деректемелері _____________________________
______________________________________________________________________;
3) мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі
______________________________________________________________________;
4) cақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензия
______________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
2. Актуарий туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________________
______________________________________________________________________;
2) актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия ____________________________
______________________________________________________________________.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған деректердің тізбесі
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
4. Актуарий пайдаланған басқа материалдар мен деректер (олардың дереккөздері және
(немесе) алынған орны), оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілері ____________________________________________
______________________________________________________________________.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша деректер:
1) сақтанушы __________________________________________________________;
2) өтелетін сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі және көрсетілген тәуекелдер бойынша
ерекше жағдайлар_____________________________________________;
3) сақтандыру сыныбы және объектісі _____________________________________;
4) жоспарланған сақтандыру мерзімі (сақтандыру және сақтандыру арқылы қорғау
шартының қолданыс мерзімінің басталуы және аяқталуы)
______________________________________________________________________;
5) әрбір сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты
бойынша сақтандыру сомасы ____________________________________________;
6) сақтандыру тарифі (стандартты, жоғары, төмен) және оның мөлшері)
______________________________________________________________________;
7) сақтандыру сыйлықақысы _____________________________________________;
8) агентке және сақтандыру брокеріне комиссиялық сыйлықақы ______________
______________________________________________________________________;
9) әрбір сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты
бойынша франшиза (болған кезде) ________________________________________
______________________________________________________________________.
Ұжымдық сақтандыру мен топтық жеке сақтандыруды қоспағанда, бірнеше сақтандыру
объектілері болған кезде, осы тармақтың 5), 6), 7), 9) тармақшаларында берілген
деректер әрбір сақтандыру объектісі бойынша жеке көрсетіледі.
6. Нәтижелер мен қорытындылар:
1) актуарийдің ірі мәміле бойынша ұсынымдары;
2) қосымша ұсынымдар (болған кезде).
7. Қолы, күні ___________________________________________________.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 4-қосымша |
Тестілеу өткізу қағидалары
1. Осы Тестілеу өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тестілеу өткізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеуді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) 30 сұрақ бойынша 30 минут ішінде жүзеге асырады. Тест сұрақтары жауаптардың кемінде үш нұсқасынан тұрады, олардың біреуі дұрыс жауап болып табылады.
3. Уәкілетті орган өтініш берушіге компьютерлік тестілеудің өткізілетін күні туралы жазбаша түрде хабарлайды. Дәлелді себептермен белгіленген мерзімде компьютерлік тестілеуден өтуге келмей қалған жағдайда өтініш беруші бұл туралы уәкілетті органға келмей қалу себептерін және компьютерлік тестілеуден өтуге болатын күнді көрсете отырып хабарлайды.
4. Компьютерлік тестілеу кезінде тестіленетін адаммен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті орган қызметкерлерінің және қажет болғанда аудармашының қатысуына рұқсат етіледі.
Компьютерлік тестілеуден өту кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Қағидалардың осы тармағында жазылған талаптарды бұзу компьютерлік тестілеудің теріс нәтижелеріне теңестіріледі.
5. Өтініш беруші дұрыс жауаптардың кемінде жетпіс пайызын алған жағдайда компьютерлік тестілеудің нәтижелері оң болып саналады.
Өтініш беруші компьютерлік тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қоя отырып, компьютерлік тестілеудің нәтижелерімен танысуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 5-қосымша |
Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптар
1. Осы Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және Актуарлық қызметті жүзеге асыруға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген лицензиясы бар актуарийдің (бұдан әрі – лицензияланған актуарий) біліктілігін растауға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Лицензияланған актуарий есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 2 (екі) айы ішінде өзінің біліктілігін растайды.
2019 жылғы 1 қаңтардан басталатын 3 (үш) қаржы жылы есепті кезең болып табылады.
2019 жылғы 1 қаңтардан кейін актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған актуарийлер үшін есепті кезең актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеледі.
3. Лицензияланған актуарий біліктілігін растауды лицензияланған актуарийдің кәсіби даму бағдарламасынан (бұдан әрі – КДБ бағдарлама) өту арқылы жүзеге асырады.
4. КДБ бағдарламасын орындау критерийі шарттық біліктілік балдармен көрсетіледі.
Лицензияланған актуарийдің біліктілігін растау үшін есепті кезеңде КДБ бағдарламасы бойынша 1000 біліктілік балын алу қажет.
5. КДБ бағдарламасының іс-шаралары (қатысу түрлері) және КДБ бағдарламасына қатысқаны үшін біліктілік балдарының саны Талаптарға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби даму бағдарламасына сәйкес белгіленеді.
6. Біліктілігін растау үшін лицензияланған актуарийлер Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияланған актуарийдің біліктілігін растау жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.
7. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган ұсынылған Мәліметтерде берілген ақпаратқа қатысты растайтын құжаттарды сұратады.
Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарға 1-қосымша |
Кәсіби даму бағдарламасы
№ | Қызмет бағыты | Балл саны |
1 | Шетел басылымында актуарлық қызмет жөнінде мақала жариялау | 600 |
2 | Республикалық басылымда актуарлық қызмет жөнінде мақала жариялау | 500 |
3 | Халықаралық актуарийлер конгресіне қатысу | 1000 |
4 | Актуарлық қызмет жөніндегі халықаралық конференцияға, алыс шетелдегі семинарға қатысу | 800 |
5 | Сақтандыру қызметі жөніндегі халықаралық конференцияға, алыс шетелдегі семинарға қатысу | 700 |
6 | Актуарлық қызмет жөніндегі халықаралық конференцияға, Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе жақын шетелдегі семинарға қатысу | 700 |
7 | Сақтандыру қызметі жөніндегі халықаралық конференцияға, Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе жақын шетелдегі семинарға қатысу | 600 |
8 | Актуарлық қызмет жөніндегі республикалық конференцияға, семинарға қатысу | 600 |
9 | Сақтандыру қызметі жөніндегі республикалық конференцияға, семинарға қатысу | 400 |
10 | Актуарлық қызмет жөніндегі семинарға, алыс шетелдердегі оқуға қатысу | 500 |
11 | Сақтандыру қызметі жөніндегі семинарға, алыс шетелдердегі оқуға қатысу | 400 |
12 | Актуарлық қызмет жөніндегі семинарға, Қазақстан Республикасы аумағында немесе жақын шетелде оқуға қатысу | 400 |
13 | Сақтандыру қызметі жөніндегі семинарға, Қазақстан Республикасы аумағында немесе жақын шетелде оқуға қатысу | 400 |
14 | Актуарлық пәндер бойынша оқытушылық қызметті жүзеге асыру (семестрдегі) | 800 |
15 | SOA (USA), CAS (USA), Institute and Faculty of Actuaries (United Kindom), Actuaries Institute (Australia), Canadian Institute of Actuaries (Canada), CFA актуарлық емтихандардың бірін ойдағыдай тапсыру | 1000 |
16 | "Актуарий" мамандығы бойынша магистерлік диссертациялардың жетекшісі ретіндегі қызметті жүзеге асыру | 500 |
17 | Актуарлық қызмет жөніндегі онлайн-семинарға, вебинарға, веб-конференцияға қатысу | 300 |
Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарға 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияланған актуарийдің біліктілігін растау жөніндегі мәліметтер
Актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде):
Қызметінің бағыты | Нәтижесі | Қысқаша шолу | Өту күні | Өту мерзімі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 6-қосымша |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің (бұдан әрі – штаттағы актуарий) қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің штаттағы актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу тәртібін және мерзімдерін белгілейді.
Қағидалардың мақсаты үшін тәуелсіз актуарийдің штаттағы актуарийдің қызметін тексеруі Заңға сәйкес тәуелсіз актуарийдің штаттағы актуарийдің актуарлық есептеулері туралы пікірін білдіру мақсатында актуарлық есептеулерді жүзеге асыру болып табылады, және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін тексеру болып табылмайды.
2. Тәуелсіз актуарийді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті не бастамалық тексерулер жүргізу үшін тартады.
3. Тәуелсіз актуарий Заңның 11-1-бабының 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.
4. Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысын жасау мақсатында актуарлық есептеулер осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптардың 5-тармағында көзделген түрлерге бөлінеді.
5. Штаттағы актуарийдің қызметін міндетті тексеру күнтізбелік жыл ішінде жылына кемінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүргізіледі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің мөлшерін бағалау бойынша актуарлық есептеулерді, сондай-ақ көрсетілген баға бойынша актуарлық қорытындының шынайы жасалуын қамтиды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы штаттағы актуарийдің қызметін тексеруді бір тәуелсіз актуарийдің бірінде қатарынан 5 (бес) жылдан артық емес жүргізеді.
7. Штаттағы актуарийдің қызметін тексеруге:
1) егер тәуелсіз актуарий тексерілетін штаттағы актуарийдің және (немесе) штатында тексерілетін штаттағы актуарий тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасы болып табылған;
2) тәуелсіз актуарийдің қызметіне қатысты штаттағы актуарий тәуелсіз актуарий ретінде тексеру аяқталған күнге дейін күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде немесе көрсетілген күндердің қайсысы неғұрлым кеш болуына байланысты есепті жылдың алдындағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тексеру жүргізілген;
3) тәуелсіз актуарий соңғы 2 (екі) күнтізбелік жыл ішінде штатында тексерілетін штаттағы актуарий тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызметін жүзеге асырған болса жол берілмейді.
Тәуелсіз актуарий қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша актуарийдің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді және 2-нысан бойынша актуарлық қызметті жүзеге асыру туралы ақпаратты ұсынады.
8. Штаттағы актуарийдің қызметін бастамалық тексеру акционерлердің жалпы жиналысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының бастамасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен тәуелсіз актуарий арасында жасалған тексеру жүргізу шартында көзделген тексерулердің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемдері ескеріліп жүргізіледі.
9. Штаттағы актуарийдің қызметін тәуелсіз актуарийдің тексеру нәтижелері, соның ішінде актуарлық есептеулер шынайылығының нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемінде 3 (үш) данада тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы түрінде ресімделеді.
Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысында тексерілетін актуарийдің қызметі туралы тәуелсіз актуарийдің пікірі болады.
10. Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысына Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9529 тіркелген) бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға 1-қосымшаға сәйкес журналдардың көшірмесі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған лицензияланған актуарийдің қызметін тексеру кезінде тәуелсіз актуарий жүргізген есептеулер қоса беріледі.
11. Штаттағы актуарийдің қызметін міндетті актуарлық тексеруді қоспағанда, тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысының бір данасын тәуелсіз актуарий тексеру аяқталған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органға ұсынады. Актуарлық қорытындының бір данасы тәуелсіз актуарийде қалады, қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында болады.
12. Штаттағы актуарийдің қызметін міндетті актуарлық тексеру бойынша тәуелсіз актуарийдің есепті жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша актуарлық қорытындысын тәуелсіз актуарий тексеру аяқталған күннен кейін, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.
Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы тәуелсіз актуарийдің осы қаулының 2-қосымшасында белгіленген тізбе мен талаптарға сәйкес халықаралық актуарийлер қауымдастығына мүшелігін растайтын құжатты (бар болса) қоса берумен ұсынылады.
Актуарийдің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер
Жеке тұлғалар | |||||
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі | Үлестестігін тануға арналған негіздеме | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Заңды тұлғалар | |||||
№ | Заңды тұлғаның толық атауы | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның пошталық мекенжайы мен нақты орналасқан жері | Үлестестігін тануға арналған негіздеме | Үлестестігін тану күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_______________________________________
Қолы _____________
Күні ______________
2-нысан |
____ жылғы ________ актуарлық қызметті жүзеге асыру туралы ақпарат
№ | Актуарлық қызмет түрі, актуарлық қорытынды түрі | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы | Актуарлық қорытындыны дайындау негіздемесі | Актуарлық зерттеу мәні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________________________
Қолы _____________
Күні ______________
Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы
1. Актуарлық бағалау ____________________________ жағдай бойынша жүргізілді.
2. Актуарлық қорытынды жасау мақсаты ___________________________________
______________________________________________________________________.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы деректер:
1) толық атауы _________________________________________________________
______________________________________________________________________;
2) орналасқан жері және банктік деректемелері _____________________________
_____________________________________________________________________;
3) мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі
______________________________________________________________________;
4) cақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензия
______________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
4. Тәуелсіз актуарий туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________________
______________________________________________________________________;
2) тұрғылықты жері (орналасқан орны) _____________________________________
______________________________________________________________________;
3) актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия ____________________
______________________________________________________________________.
(нөмірі мен берген күні)
5. Актуарлық бағалау жүргізуге тапсырыс беруші ____________________________
______________________________________________________________________.
6. Тексеру түрі (міндетті, бастама бойынша) ________________________________
______________________________________________________________________.
7. Актуарлық есептеулерді дайындау негіздемесі ____________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
(шарт, шарттың нөмірі және жасалған күні)
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттардың (деректердің) тізбесі
________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
9. Актуарий пайдаланған басқа да материалдар мен деректер (олардың дереккөздері
және (немесе) алынған орны) ________________________________
______________________________________________________________________.
10. Актуарлық зерттеудің мәні (міндеттер тізбесі) ____________________________
______________________________________________________________________.
11. Тәуелсіз актуарий сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушының
сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу кезінде пайдаланған әдістеме:
1) тәуелсіз актуарий сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушының сақтандыру
резервтеріндегі үлесін есептеу кезінде пайдаланған есеп айырысу әдістемесі, оның
ішінде сипаттамасы, негіздемесі, жорамалдары мен болжамдары. "Өмірді сақтандыру"
саласы бойынша актуарлық бағалау жүргізген жағдайда сақтандыру түрлері бойынша
резервтік және тарифтік базистердің өлшемдері көрсетіледі
____________________________________________________________;
2) тәуелсіз актуарийдің актуарлық есеп айырысуларда пайдаланған статистикалық
және өзге де деректері __________________________________________________
______________________________________________________________________;
3) қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру
сыйлықақыларының жалпы мөлшері, тәуелсіз актуарий сақтандыру сыныптары
бойынша сақтандыру резервтерін есептеу кезінде пайдаланған, жария етілген
шығындар мөлшері _____________________________________________________
______________________________________________________________________;
4) тәуелсіз актуарий қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін
бағалауға пайдаланатын әдістері мен үлгілері _______________________________
______________________________________________________________________;
5) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін (бұдан әрі – ОМШР) есептеу
әдісін таңдау, шығындарды дамыту, сондай-ақ ірі шығындарды реттеу коэффициентін
таңдау бойынша негіздеме _________________________________
______________________________________________________________________;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп айырысу кезінде пайдаланған
барлық өлшемдерін көрсете отырып, қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған
кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР
есептеу кезінде есепке алынатын пайда алушының еңбекке жарамдылық дәрежесін
қайта куәландыруға және (немесе) ұзартуға, денсаулығының нашарлауына байланысты
міндеттемелерінің негіздемесі және сомаларының есебі
_____________________________________________________;
7) қосымшасын бере отырып, өмірді сақтандыру шарттары және аннуитеттік
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу кезінде еркек және
(немесе) әйел жынысты адамдардың (қалыптасу көздері, құру әдістемесі) алдағы
өмірінің ұзақтығына байланысты қайтыс болу, мүгедектік, ауырып қалу ықтималдығы
және солардың негізінде есептелген шамасы қамтылған, пайдалануға арналған кесте
_______________________________________________
_______________________________________________________________________;
8) жарияланған талаптар бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін қарастыруға
және реттеуге тікелей байланысты шығыстар сомасының есебі және негіздемесі,
сондай-ақ сақтандыру жағдайларының топтары бойынша жүргізілген, ақысы төленген
шағым-талаптардың орташа мәнін есептеу __________________________;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдердің бар немесе жоқ
екендігі туралы қорытынды. Қосымша тәуекелдер болған кезде сақтандыру резервтерін
ұлғайту мөлшерін көрсету қажет _________________________________
_______________________________________________________________________;
10) жұмылдырылған мамандар тарапынан алынған актуарлық көмектің сипаттамасы
____________________________________________________________.
12. Алынған қорытындылар мен тұжырымдар, оның ішінде: 1) сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарий және сақтандыру резервтері мен
сақтандыру сыныптары бөлігіндегі тәуелсіз актуарий есептеулері кезінде алынған
нәтижелерді салыстыру __________________________
_______________________________________________________________________;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің есептеулері
кезінде алынған сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігі туралы қорытынды және
сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке-жеке және жалпы сақтандыру портфелі
бойынша сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігіне жүргізілген талдау нәтижелері
_____________________________________________________________
_______________________________________________________________________;
3) қорытындылар мен тұжырымдар ________________________________________.
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің
қорытындыны жасауының дұрыстығын бағалау, оның ішінде:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарий есептерінің
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы
заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
2) сақтандыру резервтерін есептеу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
штатындағы актуарий пайдаланған жорамалдар мен болжамдардың негізділігі;
3) сақтандыру резервтерінің мөлшерін анықтау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының штатындағы актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
қосымша тәуекелдерін есептеуі.
14. Ұсынымдар (болмаған жағдайда "жоқ" деп көрсетіледі) ____________________
_______________________________________________________________________.
15. Актуарлық қорытындыны дайындау мерзімі және жасау орны _______________
_______________________________________________________________________.
16. Қолы, күні және дана саны _____________________________________________
_______________________________________________________________________.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 7-қосымша Нысан |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия
Лицензияның нөмірі ______ Лицензия берілген күні 20__ жылғы "_" _________
Осы лицензия: _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
__________________________________________________________________берілді.
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға бірінші рет алған лицензияның деректері
________________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензияны беретін, қаржы
________________________________________________________________________
нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау
________________________________________________________________________
мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның атауы)
Төраға (Төрағаның орынбасары)
мөр орны
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 8-қосымша |
|
Нысан |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді,
_______________________________________________________________________
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын
_______________________________________________________________________
уәкілетті органның толық атауы)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және
жеке сәйкестендіру нөмірі)
актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
"Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге
қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1) туған жылы __________________________________________________________;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ___________________________
______________________________________________________________________;
(нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)
3) білімі _______________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________;
(бітірген жылы, мамандығы, оқу орнының атауы)
4) тұрғылықты жері _____________________________________________________;
5) жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________;
6) телефон нөмірлері (қаланың коды, жұмыс және үйдікі) _____________________
______________________________________________________________________.
7. Ұсынылатын құжаттар _________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық
жауап береді. _______________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20__ жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 9-қосымша |
|
Нысан |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтер 1. Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
__________________________________________________ |
Туған күні және жері | |
Тұрғылықты жері телефон нөмірлері |
__________________________________________________ |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері |
2. Сақтандыру ұйымдарында немесе олармен үлестес ұйымдарда жұмыс істейтін жақын туыстары, жекжаттары туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Туған жылы | Туыстық пен жекжаттық түрі көрсетілсін | Жұмыс орны және лауазымы |
1 | ||||
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:
№ | Атауы және орналасқан жері | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Сіздің қатысу сомаңыз бен үлесіңіз |
1 | |||
4. Кәсіби деректері:
5. Еңбек жолы туралы мәліметтер
№ | Жұмыс істеген кезеңі | Ұйымның, атқарған қызметі мен лауазымдық міндеттерінің атауы, ұйымның координаттары |
1 | ||
Мен,___________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және дәйекті әрі толық екендігін растаймын және
мен берген мәліметтердің дәйексіз болуы актуарлық қызметті жүзеге асыруға берілген
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылатындығын
растаймын.
_______________________________
(қолы, күні)