"Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қазанда № 17596 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11592 болып тіркелді, 2015 жылы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталғаннан (айқындалғаннан) кейін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 802, 803, 804-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ресімдейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым шығарады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 21 қыркүйек