"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3 бабының 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 21.07.2023 № 327 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілетін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті:
1) лицензиаттың өтініші негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бұрын берілген бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды осы бұйрыққа сәйкес қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды қайта ресімдеу кезінде осы бұйрықты және білім беру саласындағы уәкілетті органның әдістемелік нұсқаулықтарын басшылыққа алсын.
Ескерту. Бұйрық 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына қосымша |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы
Ескерту. Сыныптауыш жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2020 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 16.05.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Білім беру саласының коды және атауы | Даярлау бағытының коды және атауы | Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код |
Жоғары білім беру - бакалавриатта даярлау бағыты | ||
6B01 Педагогикалық ғылымдар | 6B011 Педагогика және психология | 0111 |
6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | 0112 | |
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 0113 | |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | 0114 | |
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 0114 | |
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау | 0114 | |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | 0114 | |
6В018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау | 0114 | |
6В019 Арнайы педагогика | 0113 | |
6В020 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша) | 0114 | |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6B021 Өнер | 0210 |
6B022 Гуманитарлық ғылымдар | 0220 | |
6B023 Тілдер және әдебиет | 0230 | |
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 6B031 Әлеуметтік ғылымдар | 0310 |
6B032 Журналистика және ақпарат | 0320 | |
6B04 Бизнес, басқару және құқық | 6B041 Бизнес және басқару | 0410 |
6B042 Құқық | 0420 | |
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика | 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар | 0510 |
6B052 Қоршаған орта | 0520 | |
6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар | 0530 | |
6B054 Математика және статистика | 0540 | |
6B055 Геология | 0532 | |
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 0610 |
6B062 Телекоммуникациялар | 0714 | |
6B063 Ақпараттық қауіпсіздік | 0612 | |
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 6B071 Инженерия және инженерлік іс | 0710 |
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары | 0720 | |
6B073 Сәулет және құрылыс | 0730 | |
6B074 Су шаруашылығы | 0732 | |
6B075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) | 0788 | |
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 6B081 Агрономия | 0812 |
6B082 Мал шаруашылығы | 0811 | |
6B083 Орман шаруашылығы | 0821 | |
6B084 Балық шаруашылығы | 0811 | |
6B085 Жерге орналастыру | 0731 | |
6B086 Су ресурстары және суды пайдалану | 0522 | |
6B087 Агроинженерия | 0710 | |
6В09 Ветеринария | 6В091 Ветеринария | 0841 |
6B10 Денсаулық сақтау | 6B101 Денсаулық сақтау | 0910 |
6B11 Қызмет көрсету | 6B111 Қызмет көрсету саласы | 1010 |
6B112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау | 1020 | |
6B113 Көлік қызметтері | 1040 | |
6B114 Әлеуметтік жұмыс | 0920 | |
6В115 Спорт | 1014 | |
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс | 6B121 Әскери іс | 1031 |
6B122 Ұлттық қауіпсіздік | 1031 | |
6B123 Қоғамдық қауіпсіздік | 1032 | |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - магистратурада даярлау бағыттары | ||
7M01 Педагогикалық ғылымдар | 7M011 Педагогика және психология | 0111 |
7M012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | 0112 | |
7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау | 0113 | |
7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау | 0114 | |
7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау | 0114 | |
7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау | 0114 | |
7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау | 0114 | |
7M018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау | 0114 | |
7M019 Арнайы педагогика | 0113 | |
7М0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша) | 0114 | |
7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 7M021 Өнер | 0210 |
7M022 Гуманитарлық ғылымдар | 0220 | |
7M023 Тілдер және әдебиет | 0230 | |
7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 7M031 Әлеуметтік ғылымдар | 0310 |
7M032 Журналистика және ақпарат | 0320 | |
7M04 Бизнес, басқару және құқық | 7M041 Бизнес және басқару | 0410 |
7M042 Құқық | 0420 | |
7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика | 7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар | 0510 |
7M052 Қоршаған орта | 0520 | |
7M053 Физикалық және химиялық ғылымдар | 0530 | |
7M054 Математика және статистика | 0540 | |
7M055 Геология | 0532 | |
7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 0610 |
7M062 Телекоммуникациялар | 0714 | |
7М063 Ақпараттық қауіпсіздік | 0612 | |
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 7M071 Инженерия және инженерлік іс | 0710 |
7M072 Өндірістік және өңдеу салалары | 0720 | |
7M073 Сәулет және құрылыс | 0730 | |
7M074 Су шаруашылығы | 0732 | |
7M075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) | 0788 | |
7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 7М081 Агрономия | 0812 |
7M082 Мал шаруашылығы | 0811 | |
7M083 Орман шаруашылығы | 0821 | |
7M084 Балық шаруашылығы | 0811 | |
7M085 Жерге орналастыру | 0731 | |
7M086 Су ресурстары және суды пайдалану | 0522 | |
7М087 Агроинженерия | 0710 | |
7M09 Ветеринария | 7M091 Ветеринария | 0841 |
7M10 Денсаулық сақтау | 7M101 Денсаулық сақтау | 0910 |
7M11 Қызмет көрсету | 7M111 Қызмет көрсету саласы | 1010 |
7M112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау | 1020 | |
7M113 Көлік қызметтері | 1040 | |
7M114 Әлеуметтік жұмыс | 0920 | |
7М115 Спорт | 1014 | |
7M12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс | 7M121 Әскери іс | 1031 |
7M122 Ұлттық қауіпсіздік | 1031 | |
7M123 Қоғамдық қауіпсіздік | 1032 | |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - резидентурада даярлау бағыттары | ||
7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R011 Денсаулық сақтау | 0910 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - докторантурада даярлау бағыттары | ||
8D01 Педагогикалық ғылымдар | 8D011 Педагогика және психология | 0111 |
8D012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | 0112 | |
8D013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау | 0113 | |
8D014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау | 0114 | |
8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау | 0114 | |
8D016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау | 0114 | |
8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау | 0114 | |
8D018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау | 0114 | |
8D019 Арнайы педагогика | 0113 | |
8D0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша) | 0114 | |
8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 8D021 Өнер | 0210 |
8D022 Гуманитарлық ғылымдар | 0220 | |
8D023 Тілдер және әдебиет | 0230 | |
8D03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 8D031 Әлеуметтік ғылымдар | 0310 |
8D032 Журналистика және ақпарат | 0320 | |
8D04 Бизнес, басқару және құқық | 8D041 Бизнес және басқару | 0410 |
8D042 Құқық | 0420 | |
8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика | 8D051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар | 0510 |
8D052 Қоршаған орта | 0520 | |
8D053 Физикалық және химиялық ғылымдар | 0530 | |
8D054 Математика және статистика | 0540 | |
8D055 Геология | 0532 | |
8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 8D061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 0610 |
8D062 Телекоммуникациялар | 0714 | |
8D063 Ақпараттық қауіпсіздік | 0612 | |
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 8D071 Инженерия және инженерлік іс | 0710 |
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары | 0720 | |
8D073 Сәулет және құрылыс | 0730 | |
8D074 Су шаруашылығы | 0732 | |
8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) | 0788 | |
8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 8D081Агрономия | 0812 |
8D082 Мал шаруашылығы | 0811 | |
8D083 Орман шаруашылығы | 0821 | |
8D084 Балық шаруашылығы | 0811 | |
8D085 Жерге орналастыру | 0731 | |
8D086 Су ресурстары және суды пайдалану | 0522 | |
8D087 Агроинженерия | 0710 | |
8D09 Ветеринария | 8D091 Ветеринария | 0841 |
8D10 Денсаулық сақтау | 8D101 Денсаулық сақтау | 0910 |
8D11 Қызмет көрсету | 8D111 Қызмет көрсету саласы | 1010 |
8D112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау | 1020 | |
8D113 Көлік қызметтері | 1040 | |
8D114 Әлеуметтік жұмыс | 0920 | |
8D115 Спорт | 1014 | |
8D12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс | 8D121 Әскери іс | 1031 |
8D122 Ұлттық қауіпсіздік | 1031 | |
8D123 Қоғамдық қауіпсіздік | 1032 |
ЕСКЕРТПЕ:
1. Сыныптауышта жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салалары мен даярлау бағыттары топтарға біріктірілген және Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіне-2013 сәйкес жеті цифрлық кодпен көрсетілген:
Бірінші және екінші код цифрлық және әріптік белгілері Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін Ұлттық біліктілік шеңберіне сай білім беру деңгейін көрсетеді:
- бакалавриат - 6B;
- магистратура/резидентура - 7M/7R;
- докторантура - 8D.
Үшінші және төртінші код белгілері жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларын көрсетеді.
Бесінші код белгісі жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы даярлау бағытын көрсетеді.
Алтыншы және жетінші код белгілері жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын анықтайды және оларды жоғары оқу орны дербес белгілейді.
Осы ретте әрбір даярлау бағыты шеңберінде жоғару оқу орны екі немесе одан да көп білім беру саласының немесе даярлау бағыттарының түйістігінде пәнаралық білім беру бағдарламаларын дербес түрде әзірлейді. "Негізгі пән ұстанымы" пәнаралық оқытуды сәйкестендіру үшін білім беру саласын анықтау мақсатында қолданылады. Негізгі пән немесе пәндер білім беру саласын немесе бағытты анықтайды. Бір немесе бірнеше негізгі пәндерді анықтаудың көрсеткіші ретінде академиялық кредиттер немесе мөлшерленген оқу уақытының үлесі болып табылады.
Пәнаралық бағдарламалар білім беру саласының кодына "088" цифрларын қосу және жақшаларда пәнаралық бағдарламаның реттік нөмерін көрсету арқылы сыныпталады (мысалы: 6В01088 (1) "Пәнаралық бағдарламаның атауы").
2. Кадрларды даярлау бағыттары шеңберінде тиісті бейін бойынша білім беру бағдарламаларының топтары қалыптастырылады, олар өз кезегінде Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіретін Білім беру бағдарламаларының тізілімінде көрсетіледі.