Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17513 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.04.2019 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.04.2019 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 2 қазандағы
№ 530 бұйрығымен
бекітілген

Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.04.2019 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі

Код

Жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағытының атауы

6B061

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B062

Телекоммуникациялар

6B071

Инженерия және инженерлік іс

6B072

Өндірістік және өңдеу салалары

6B073

Сәулет және құрылыс

6B074

Су шаруашылығы

6B075

Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

6B081

Өсімдік шаруашылығы

6B082

Мал шаруашылығы

6B083

Орман шаруашылығы

6B085

Жерге орналастыру

6B086

Су ресурстары және суды пайдалану

6В091

Ветеринария

6B101

Денсаулық сақтау

6В102

Әлеуметтік қамтамасыз ету

6B111

Қызмет көрсету саласы

6B112

Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау

6B113

Көлік қызметтері

6B121

Әскери іс

6B122

Ұлттық қауіпсіздік

6B123

Қоғамдық қауіпсіздік