"Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17511 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2021 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13287 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында - жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Қағидалар меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына таратылады.";

      6-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "6. ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - базалық ЖБҰ) және оларға бекітілген желілік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - желілік ЖБҰ) тізбесін Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жыл сайын айқындайды.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу тәртібі";

      2-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру ұйымдарында ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын үшінші курс студенттері үшін жүргізіледі.

      31. Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.

      ОЖСБ өткізілетін оқу бағдарламалары мен пәндер тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.";

      32-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев