Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қазанда № 17498 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 241/НҚ бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.04.2024 № 241/НҚ (лғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      2018 жылғы 13 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы 26 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы "__" _____
№___________ бұйрығымен
бекітілген

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласыңдағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

ҚҚС*-ті есепке алмағандағы бағасы, теңге

1

Мыналарға:


1)

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осындай объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға

1 073,7

2)

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа

17 178,6

3)

гараждарға

1 073,7

4)

мыналарды:


-

бір объектіні

21 473,2

-

екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілерді

32 209,8

-

алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілерді

42 946,4

-

оннан көп жеке тұрған объектілерді қамтитын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар) меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқықтарының туындауын тіркегені үшін

53 683,0

2

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:


-

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осындай объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа, тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқықтарының туындауын тіркегені үшін

2 147,3

3

Жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркегені үшін

1 073,7

4

Сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін

1 073,7

5

Кондоминиум объектісін тіркегені үшін

2 147,3

6

Ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін

536,8

7

Құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тіркегені үшін

536,8

8

Жылжымайтын мүліктің жойылуына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартуға байланысты және құқығының ауысуымен байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін

536,8

9

Құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін

536,8

10

Міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқығын басқаға беруді тіркегені үшін

536,8

11

Құқықтың туындауына (құқық ауыртпалығына) негізі болып табылатын шарт талабының немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

536,8

12

Жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін

1 073,7

13

Заңдық талаптарды тіркегені үшін

536,8

14

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (өндіретін) жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын тіркегені үшін

0,0

15

Республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін

0,0

16

Жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жүйелі тіркегені үшін

0,0

17

Мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлері өзгерген кезде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін тіркегені үшін

0,0

18

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін

536,8

      *Ескертпе:

      ҚҚС – қосымша құн салығы