Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 181 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қазанда № 17474 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілді

Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектілері) қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін айқындайды.

      Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне қатысты мынадай факторлардың бірін немесе бірнешеуін ескере отырып, шектеулі ықпал ету шарасын қолданады:

      1) тәуекел деңгейі.

      Тәуекел деп көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің өз қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы және (немесе) толық орындамауы, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша не төлем қызметтерін көрсету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетінің нашарлауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін бұзу, қоғамның мүдделеріне және мемлекетке залал келтіру түрінде жағымсыз салдардың туындау ықтималдығы түсініледі;

      2) таңдап алынған шектеулі ықпал ету шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;

      3) бұзушылықтардың және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі мен олардың клиенттері үшін ықтимал салдарының сипаты;

      4) бұзушылықтардың жүйелілігі мен ұзақтығы;

      5) жол берілген бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою бойынша көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі қабылдаған (жоспарлаған) шаралар;

      6) Ұлттық Банктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының, санкциялардың болуы;

      7) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшы қызметкерлерінің жол берілген бұзушылықтар туралы хабардар болуы;

      8) қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін және ақпараттық қауіпсіздік шараларын талдау;

      9) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша не төлем қызметтерін көрсету бойынша жалпы қабілеті.

      3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына (бұдан әрі – оператор) қатысты шектеулі ықпал ету шарасын қолданғанда тәуекел деңгейін бағалау кезінде мынадай төлем жүйесінің түрі қосымша назарға алынады: жүйелік маңызды төлем жүйесі, маңызды төлем жүйесі не өзге төлем жүйесі.

      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге (бұдан әрі – беруші) қатысты шектеулі ықпал ету шарасын қолданғанда тәуекел деңгейін бағалау кезінде оның көрсететін төлем қызметтерінің түрлері және оны маңызды берушілерге жатқызу қосымша ескеріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Оператор төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетін талдау тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды орындауды талдау болған кезде Ұлттық Банкке оператор немесе маңызды төлем жүйесінің операциялық орталығы ұсынатын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер, Ұлттық Банкке берушілер ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер, төлем жүйесінің жұмыс істеуін бағалау (өзін-өзі бағалау) материалдары, маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне қатысушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасымен қанағаттану тұрғысынан жүргізген талдау нәтижелері, құжаттамалық тексерулер нәтижелері және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың келіп түскен өтініштері негізінде айқындалады.

      Беруші төлем қызметтерін көрсету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетін талдау тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды орындауды, сондай-ақ беруші басшылығының оның төлем қызметтерін көрсету қабілеті нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында өзінің акционерлерімен (құрылтайшыларымен, қатысушыларымен) өзара әрекет ету қабілетін талдау болған кезде Ұлттық Банкке берушілер ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер, маңызды беруші көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізген бағалау нәтижелері, тексерулер нәтижелері және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың келіп түскен өтініштері негізінде айқындалады.

      5. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектілеріне қатысты мынадай шектеулі ықпал ету шараларын қолданады:

      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;

      2) жазбаша ескерту шығару;

      3) жазбаша келісім жасау.

      6. Ұлттық Банк қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын есепке алуды жүргізеді және қолданылған шектеулі ықпал ету шаралары туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      7. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану оған басқа шектеулі ықпал ету шараларын қолдануды тоқтатпайды.

      8. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі жазбаша нұсқамада, жазбаша ескертуде, жазбаша келісімде көрсетілген мерзімдерде шектеулі ықпал ету шарасын орындағаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етеді.

      Хабарлама Ұлттық Банкке шектеулі ықпал ету шарасын қолданған кезде айқындалған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Егер шектеулі ықпал ету шарасында белгіленген бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою мерзімі бір айдан асатын болса, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейінгі мерзімде бұзушылықтарды жоюға бағытталған талаптар мен іс-шараларды кезең-кезеңмен орындау туралы ай сайын хабарлайды.

      9. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің Ұлттық Банктің шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы тиісті құжатында көзделген талаптар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басталуы оны нақты алу күні болып есептеледі.

2-тарау. Орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру

      10. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      11. Ұлттық Банктің жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      12. Түзету шаралары жазбаша нұсқамада көрсетіледі және орындалу міндеттемелері мынадай:

      1) төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі төлем қызметтерін көрсетуге бағытталған шарттық міндеттемелер жасасқан клиенттердің және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілердің, үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі;

      2) анықталған Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою жөніндегі;

      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне қойылатын талаптарды орындау жөніндегі шараларды білдіреді.

      13. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде Ұлттық Банкке бұзушылықтардың, оларды жасауға ықпал еткен себептердің және (немесе) жағдайлардың сипаттамасын, жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      14. Ұлттық Банк іс-шаралар жоспарын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және келіспеген жағдайда ол бойынша өз қорытындысын жібереді, онда көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне жоспарланған іс-шараларды не оларды орындау мерзімдерін түзету және Ұлттық Банк белгілеген мерзімде нақтыланған іс-шаралар жоспарын ұсыну қажеттігі туралы нұсқау қамтылады.

      15. Ұлттық Банк Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қорытынды жібермеген жағдайда іс-шаралар жоспары қабылданған болып есептеледі.

      16. Ұлттық Банк бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің тарапынан шаралар қабылдаумен объективті түрде мүмкін болатын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің қызметінен Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтары анықталған жағдайларда іс-шаралар жоспарын ұсынуды талап етеді.

      17. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің қабылданған іс-шаралар жоспарын орындауын бақылауды жүзеге асырады.

      18. Жазбаша нұсқама көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысына жіберіледі.

      19. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің атқарушы органының барлық мүшелерін жазбаша нұсқама шығарылғаны туралы хабардар етеді.

      20. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдер басталғанға дейін жиырма жұмыс күні бұрын себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін және (немесе) жоспарланған іс-шараларды орындаудың ұсынылып отырған мерзімдерін көрсетумен іс-шаралар жоспарына өзгерістерді сипаттай отырып хат жібереді.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім жазбаша нұсқаманы беру күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аз болса, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдер басталғанға дейін себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін және (немесе) іс-шаралар жоспарына өзгерістерді сипаттай отырып хат жібереді.

      Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатын қарау нәтижелері бойынша бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатында көрсетілген мерзімдермен келісетіні не келіспейтіні туралы шешім қабылдайды не өзге тиімді мерзімдерді айқындайды және жазбаша нұсқамаға өзгерістер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдермен келісетіні туралы немесе іс-шаралар жоспарында өзге тиімді мерзімдер белгіленгені туралы хабарлайды немесе жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерді өзгертуге келіспейтіні туралы хабарлайды.

3-тарау. Жазбаша ескерту шығару

      21. Ұлттық Банк осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының ұқсас бұзушылығын анықтаған жағдайда, Ұлттық Банктің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне санкция қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

      22. Жазбаша ескерту көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысына жіберіледі.

      23. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысы жазбаша ескертуді алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің атқарушы органының барлық мүшелерін жазбаша ескерту шығарылғаны туралы хабардар етеді.

4-тарау. Жазбаша келісім жасау

      24. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісімен анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою қажеттілігі туралы және оларды жою мерзімдерін және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюға дейін өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жасайды.

      Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысымен немесе оның орнындағы адамдармен жасалады.

      Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.

      25. Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің қызметінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің төлем қызметтерін көрсету, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетінің одан әрі нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін салдар күтілетін жағдайларда жасалады.

      26. Жазбаша келісімде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесі және оларды орындау мерзімі және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі өзіне қабылдайтын міндеттемелер тізбесі көрсетіледі. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі жазбаша келісімге қол қойып, өзіне оның талаптарын орындау жөнінде міндеттемелер алады.

      27. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша келісімде белгіленген мерзімдер басталғанға дейін жиырма жұмыс күні бұрын себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін сипаттай отырып хат жібереді.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім жазбаша келісімді жасау күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аз болса, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша келісімде белгіленген мерзімдер басталғанға дейін себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін сипаттай отырып хат жібереді.

      Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатын қарау нәтижелері бойынша бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатында көрсетілген мерзімдермен келісетіні не келіспейтіні туралы шешім қабылдайды не өзге тиімді мерзімдерді айқындайды және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың жаңа мерзімдерін көрсете отырып, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісімен қосымша жазбаша келісім жасайды немесе жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерді өзгертуге келіспейтіні туралы хабарлайды.