"Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 628 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қыркүйекте № 17454 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қарыз алушы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;";

      21-тармақта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) бірыңғай техникалық саясатты қолданады, оның ішінде энергия тиімділігіне және энергия үнемдеуге бағдарланған жаңа қазіргі заманғы және инновациялық технологияларды енгізеді, сондай-ақ жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартатын технологияларды аспаптандырады және қолданады;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде түпкілікті тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтердің, цифрлық экономика құралдарының сапасын жақсарту, басқарушы компаниялардың корпоративтік басқаруын жақсарту, мәдениетті дамыту және смарт құрылғыларды пайдалану ретінде бизнес-процестерді оңтайландыру және ашықтығы үшін энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу және интеллектуалды жүйелерді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;";

      24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындысы;";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Түпкілікті қарыз алушының төлем қабілеттілігі (кредиттік қабілеттілігі) – Түпкілікті қарыз алушының, жоспарлы кезеңде де қаржылық жағдайын талдауды ескере отырып, оның бюджеттік кредитті қайтару мүмкіндігі.

      Қаржылық жағдайды бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалау және өзге қолайлы ақпаратты талдау негізінде жүргізіледі.

      Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалаудың нәтижелері осы Қағидалардың 57-тармағының 6) тармақшасына сәйкес құжаттар топтамасының құрамында Жұмыс тобының қарауына енгізіледі.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн өткеннен кейін келесі жұмыс күнінде Жұмыс тобының хатшысына Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі (беруден бас тарту) туралы қорытынды ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:

      "71-1. Толық көлемде қаржыландырылмаған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік кредитті одан әрі бөлу Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бұрын жобаның жалпы құнына берген қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын болады.";

      осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ______________

      2018 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      ________________

      2018 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      ________________

      2018 жылғы "___"_____________

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 628 бұйрығына
қосымша
  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

Қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалауды және өзге қолайлы ақпаратты талдау

      1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылай талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың негізгі баптарында, кірістер мен шығыстар есебінде, ақша қаражаттың қозғалысы туралы есепте болған өзгерістерді ұсынуға негізделген.

      Деңгейлес (уақытша) талдау соңғы үш есептік кезеңде Компанияның деректерін салыстырма және абсолютті түрде салыстыруға және есептіліктің жекелеген баптарының өзгеру үрдістерін немесе олардың топтарын анықтауға негізделген. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – Қаржы министрлігінің бұйрығы) бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 15384 болып тіркелген), қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: "Бухгалтерлік баланс", "Пайдалар мен зияндар туралы есеп" және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп" бойынша жүргізіледі.

      Сатылай (құрылымдық) талдау жалпы жиынтық көрсеткіште есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағы анықтауға және алынған деректерді өткен кезеңдегі деректермен салыстыруға негізделген. Сатылай талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің мынадай нысандары бойынша: "Бухгалтерлік баланс" және "Пайдалар мен зияндар туралы есеп".

      2. Коэффициенттік талдау Компанияның қаржылық есептілігін осындай коэффициенттің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтаудың көмегімен зерделеуге және олардың серпінінің өзгеруіне негізделген.

      Коэффициенттік талдау жүргізу үшін Компанияның қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан деректер алынады.

      3. Өтімділік коэффициенттері – Компанияның қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте Компанияның ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру жүргізіледі.

      Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Сurrent ratio, CR) Компанияның қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      CA – ағымдағы активтер;

      CL – ағымдағы міндеттемелер.

      CR мәні: Жоғары> 0,25. Мәні< 0,25 болса,төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін куәландырады.

      4. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (Equity to total assets, EtTA) авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні артық болған сайын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз кәсіпорын. Мынандай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      EC – меншікті капитал;

      TA – активтер сомасы.

      Осы көрсеткіштің мәні 0,5 кем емес.

      5. Дебиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (Receivablescollectionperiod) – қарызды жинау үшін талап етілген күннің ішінде орташа есеппен дебиторлық берешектің неше рет айналғандығын көрсетеді.



      мұндағы:

      RCP – дебиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 60 күннен аспауға тиіс.

      6. Кредиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (Payablescollectionperiod) – компания өзінің қарызын төлейтін күннің ішінде орташа есеппен кредиторлық берешектің неше рет айналғандығын көрсетеді.



      мұндағы:

      PCP – кредиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 180 күннен аспауға тиіс.

      7. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалау:

Көрсеткіштің атауы

Бағалау

Ұсынылатын балдар

Ескертпе

Жалпы пайданың нормасы

0≥-20%

10

Жалпы пайданың нормасы = жалпы пайда (шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Таза пайданың нормасы

0≥-20%

10

Таза пайданың нормасы = таза пайда(шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Төлемдердің жиналуы

0≤90%

15

Төлемдердің жиналуы кәсіпорын қызметіне әсер етеді.

0≤80%

10

0≤70%

5

0≤60%

0

Әлеуметтік-экономикалық негіздеме

Әлеуметтік маңызы және экономикалық тиімділігі көрсетілген негіздеме

10

Көп пәтерлік және жеке тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, тұтынушылардың болуы.

10

Ақшалай мәндегі экономикалық тиімділік.

5

Нақты мәндегі экономикалық тиімділік (м3, Гкал, кВт/сағ).

ЕДБ бойынша кредиттік тарихы

Берешектің болмауы туралы банктен анықтама

20


Нұрлы жол бойынша кредиттік тарихы

Мерзімі өтуінің және берешектің болмауы

20


      Ескертпе: Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша балдық бағалау қаралатын болады, оның негізінде бюджеттік кредитті беру (бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.

      Өту баллы – кемінде 70.