Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 201 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17419 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 282 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14671 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4.Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 201 қаулысымен
бекітілген

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыруды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) электрондық нысанда жүзеге асырады және тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың уәкілетті органда тіркелген эмитенттері және орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорлары туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мемлекеттік тізілімге мыналар туралы мәліметтер енгізіледі:

      1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарын (облигациялық бағдарламаларды) мемлекеттік тіркеу;

      2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiне (облигациялық бағдарламалар проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;

      3) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      4) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді бекіту;

      5) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      6) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      7) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу туралы хабарламаны назарға алу;

      8) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      9) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту;

      10) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою;

      11) инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты қарау қорытындылары бойынша пайларды өтеу;

      12) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу;

      13) акцияларды және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды және (немесе) айналысын тоқтата тұру және жаңарту.

      Уәкілетті орган эмитенттің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ұсынған құжаттарды қараудан бас тартқан кезде эмитент аталған құжаттарды ұсыну күндері туралы, уәкілетті органның эмитентке жіберген дәлелді бас тартулары бар хаттардың күндері мен нөмірлері туралы ақпараттан, сондай-ақ бар болса эмитенттің пысықталған құжаттарды ұсыну мерзімдері өткен күндер туралы ақпараттан тұратын бас тартулар туралы мәліметтер Мемлекеттік тізілімнің тиісті бөліміне енгізіледі.

      4. Мемлекеттік тізілім мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) акциялар тізілімі;

      2) мемлекеттік емес облигациялар тізілімі;

      3) пайлар тізілімі;

      4) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар тізілімі;

      5) исламдық бағалы қағаздар тізілімі;

      6) мемлекеттік бағалы қағаздар тізілімі.

      5. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) Мемлекеттік тізілімге:

      1) эмитент Қағидалардың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ұсынған құжаттардағы деректердің;

      2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі эмитентті тарату немесе қайта ұйымдастыру (басқа заңды тұлғаның осы эмитентке біріктіру немесе осы эмитенттен жаңа заңды тұлғаны бөліп шығару жағдайларын қоспағанда) туралы мәліметтердің;

      3) акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің;

      4) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің;

      5) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" Акционерлік қоғамының (бұдан әрі - орталық депозитарий) халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ISIN кодтарын) беру туралы мәліметтердің, сондай-ақ Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген мәліметтердің негізінде енгізіледі (қосылады).

      6. Уәкілетті орган мен орталық депозитарийдің арасында ақпарат алмасу электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      7. Эмитенттер мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарын, сондай-ақ мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарына халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ISIN кодтарын) беру үшін орталық депозитарийге:

      Жарияланған акциялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтерді;

      Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтерді;

      Пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу кезінде ұсынылатын Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтерді;

      Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтерді;

      Исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтерді қоса бере отырып, еркін нысанда сұрату жібереді.

      8. Орталық депозитарий Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген сұратудың негізінде эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарына халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ISIN кодтарын) береді және көрсетілген мәліметтерді 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімге қосу үшін уәкілетті органға жібереді.

      9. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірлері (ISIN кодтары) туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздардың күшін жою және өтеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге қосу үшін уәкілетті органға жібереді.

      10. Орталық депозитарий мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жабылу күні туралы ақпаратты Мемлекеттік тізілімге қосу үшін уәкілетті органға жібереді.

      11. Уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізгеннен кейін мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою туралы мәліметтерді орталық депозитарийге жібереді.

      12. Уәкілетті орган оларды енгізу негізі туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізеді.

      13. Жарияланған акциялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      4) Legal Entity Identifier коды (бар болса);

      5) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      6) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитент түрі туралы ақпарат: "коммерциялық ұйым" немесе "коммерциялық емес ұйым";

      7) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы: "иә" немесе "жоқ";

      8) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      9) эмитенттің нақты мекенжайы;

      10) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      11) эмитенттің байланыс телефондарының, факс нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      12) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитенттің құрылу тарихы: "қосу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "біріктіру", "бөлу" белгісімен "жаңадан құрылған", "қайта ұйымдастыру";

      13) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      14) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      15) эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      16) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан жарияланған акциялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      17) төлем агентінің атауы (бар болса);

      18) кастодианның атауы (бар болса);

      19) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акционерлік қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесінің болуы: "иә" немесе "жоқ";

      20) жарғылық капиталының мөлшері;

      21) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) туралы мәліметтер;

      22) акциялар түрі мен санаты;

      23) акцияларды айырбастау талаптары, мерзімі және тәртібі (айырбасталатын акциялар шығару кезінде);

      24) номиналды құны білдірілетін валюта көрсетіле отырып, акционерлік қоғамның құрылтайшылары төлейтін акциялардың номиналды құны;

      25) жарияланған акциялардың түрлері бойынша саны;

      26) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер мөлшері;

      27) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, алтын акцияның болуы: "иә" немесе "жоқ";

      28) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) және БСН көрсетіле отырып, сондай-ақ құрылтайшылар сатып алатын акциялар саны және үлесі көрсетіле отырып, акционерлік қоғамның құрылтайшылары туралы мәліметтер;

      29) ескертпе (бар болса);

      30) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      31) уәкілетті органның эмитентке жіберген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      14. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) акциялар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу күні;

      3) уәкілетті органның эмитентке жіберген акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      15. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің түрі: "түпкілікті" немесе "аралық";

      2) акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні;

      3) акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні;

      4) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      5) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      6) акцияларды түрлері бойынша орналастырудың есепті кезеңінде орналастырылған акциялар саны;

      7) есепті кезеңде акцияларды түрлері бойынша орналастырудың көлемі;

      8) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акцияларды орналастыру тәсілі: "құрылтайшылар арасында", "артықшылықпен сатып алу құқығы", "аукцион", "жазылу", "басқа";

      9) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акцияларды орналастыруды өткізу орны: "ұйымдастырылған нарық" немесе "ұйымдастырылмаған нарық";

      10) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және ЖСН немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, сондай-ақ акционерлерге тиесілі акциялардың саны мен үлесі көрсетіле отырып ірі акционерлер туралы мәліметтер.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      16. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционердің) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы шешімінің күні;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және ЖСН немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, сондай-ақ акционерлерге тиесілі акциялардың саны мен үлесі көрсетіле отырып ірі акционерлер туралы мәліметтер;

      3) акционерлік қоғамның бір түріндегі айырбасталатын бір орналастырылған акциясының осы қоғамның айырбасталуға тиіс басқа түріндегі акциялары санына арақатынасы;

      4) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау мерзімі;

      5) айырбасталуға тиіс акциялардың түрлері бойынша саны;

      6) айырбасталуға тиіс емес акциялардың түрлері бойынша саны;

      7) айырбасталуы ескеріле отырып орналастырылған акциялар саны;

      8) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептің бекітілген күні;

      9) ескертпе (бар болса).

      17. Акциялар шығарылымдарының күшін жою кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) акциялар шығарылымының күшін жоюға құжаттарды ұсыну күні;

      2) акциялар шығарылымының күшін жою күні;

      3) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акциялар шығарылымының күшін жою себебі: "тарату", "қайта ұйымдастыру", "акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі", "ерікті таратылатын акционерлік қоғамының тарату балансын бекіту", "акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі", "Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлері тізілімінің деректері бойынша тарату", "Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлері тізілімінің деректері бойынша қайта ұйымдастыру", "басқасы";

      4) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, уәкілетті органның талап-арызына сәйкес сот шешімі туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ" (егер жою себебі сот шешімі болған жағдайда);

      5) ескертпе (бар болса).

      18. Акциялар орналастыруды тоқтату кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акциялар орналастыруды тоқтату себебі: "акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынбауы", "акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепте көрсетілген мәліметтердің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарға сәйкессіздіктің болуы", "акцияларды шығару және орналастыру талаптарын бұзу";

      2) акциялар орналастыруды тоқтату күні;

      3) акциялар орналастыруды тоқтату мерзімі аяқталған күн;

      4) ескертпе (бар болса).

      19. Акциялар айналысын тоқтата тұру кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, акциялар айналысын тоқтата тұру себебі: "инвесторлардың акцияларды иелену процесінде олардың құқықтары мен мүдделерін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған" немесе "акциялармен мәмілелер жасау талаптары мен тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған";

      2) акциялар айналысын тоқтата тұру күні;

      3) акциялар айналысын тоқтата тұру мерзімі аяқталған күн;

      4) ескертпе (бар болса).

      20. Акциялар орналастыруды немесе айналысын жаңарту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) акциялар орналастыруды немесе айналысын жаңарту күні;

      2) ескертпе (бар болса).

      21. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) Legal Entity Identifier коды (бар болса);

      5) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      6) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, қаржы агенттігі мәртебесінің болуы: "иә" немесе "жоқ";

      7) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы: "иә" немесе "жоқ";

      8) рейтинг туралы мәліметтер (бар болса);

      9) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      10) эмитенттің нақты мекенжайы;

      11) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      12) эмитенттің байланыс телефондары, факс нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      13) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитенттің құрылу тарихы: "қосу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "біріктіру", "бөлу" белгісімен "жаңадан құрылған", "қайта ұйымдастыру";

      14) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      15) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      16) эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      17) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және ЖСН немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, эмитенттің қатысушылары немесе ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      18) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      19) төлем агентінің атауы (бар болса);

      20) облигацияларды ұстаушылар өкілінің атауы (бар болса);

      21) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) туралы мәліметтер;

      22) мемлекеттік емес облигациялар түрі;

      23) номиналды құны білдірілетін валюта көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құны;

      24) жарияланған мемлекеттік емес облигациялар саны;

      25) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының көлемі;

      26) мемлекеттік емес облигациялардың айналыс мерзімі;

      27) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, орналастыру басталған күн түрі: "мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген күннен бастап", "қор биржасында мемлекеттік емес облигациялармен алғашқы сауда-саттық жасалған күннен бастап", "мемлекеттік емес облигациялар қор биржасының листингіне енгізілген күннен бастап", "басқасы";

      28) мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру басталған күн (бар болса);

      29) болжанған өтеу күні;

      30) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар бойынша сыйақы көрсеткіші: сыйақы мөлшері көрсетіле отырып "дисконт", "кірістіліктің белгіленген мөлшерлемесі", "кірістіліктің өзгермелі мөлшерлемесі", "басқасы";

      31) мемлекеттік емес облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу кезеңділігі (бар болса);

      32) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды айырбастау туралы мәліметтер: "айырбасталмайтын", "айырбасталатын" және "деректер жоқ";

      33) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі туралы мәліметтер: "көзделген" және "не көзделмеген";

      34) басталған соң эмитенттің мемлекеттік емес облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар;

      35) оригинатор туралы мәліметтер (арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік емес облигациялары шығарылған кезде);

      36) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды шығару қайта құрылымдауға байланысты болатыны туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ";

      37) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар орналастырылатын жер: "ұйымдастырылған нарық" немесе "ұйымдастырылмаған нарық";

      38) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялардың айналыста болу жері: "ұйымдастырылған нарық", "ұйымдастырылмаған нарық" немесе "ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтар";

      39) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды қамтамасыз ету туралы ақпарат: "мемлекеттің кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген", "үшінші тұлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген (мемлекеттен басқа)", "мүлік кепілімен қамтамасыз етілген", "қамтамасыз етусіз";

      40) мемлекеттік емес облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану мақсаты;

      41) ескертпе (бар болса);

      42) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      43) уәкілетті органның эмитентке жіберген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      22. Облигациялық бағдарламалар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      5) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, қаржы агенттігі мәртебесінің болуы: "иә" немесе "жоқ";

      6) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы: "иә" немесе "жоқ";

      7) рейтинг туралы мәліметтер (бар болса);

      8) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      9) эмитенттің байланыс телефондары, факс нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      10) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитенттің құрылу тарихы: "қосу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "біріктіру", "бөлу" белгісімен "жаңадан құрылған", "қайта ұйымдастыру";

      11) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      12) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      13) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және ЖСН немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, эмитенттің қатысушылары немесе ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      14) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      15) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын облигациялық бағдарлама шығарылымымен бір мезгілде тіркеу жүргізілетіні туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ";

      16) облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі;

      17) ескертпе (бар болса);

      18) облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу күн;

      19) уәкілетті органның эмитентке жіберген облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      23. Облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) Legal Entity Identifier коды (бар болса);

      5) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      6) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, қаржы агенттігі мәртебесінің болуы: "иә" немесе "жоқ";

      7) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы: "иә" немесе "жоқ";

      8) рейтинг туралы мәліметтер (бар болса);

      9) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      10) эмитенттің нақты мекенжайы;

      11) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      12) эмитенттің байланыс телефондарының, факс нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      13) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, эмитенттің құрылу тарихы: "қосу", "бөлініп шығу", "қайта құру", "біріктіру", "бөлу" белгісімен "жаңадан құрылған", "қайта ұйымдастыру";

      14) эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      15) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      16) эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      17) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және ЖСН немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, эмитенттің қатысушылары немесе ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      18) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      19) төлем агентінің атауы (бар болса);

      20) облигацияларды ұстаушылар өкілінің атауы (бар болса);

      21) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) туралы мәліметтер;

      22) мемлекеттік емес облигациялар түрі;

      23) номиналды құны білдірілетін валюта көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құны;

      24) жарияланған мемлекеттік емес облигациялар саны;

      25) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының көлемі;

      26) мемлекеттік емес облигациялардың айналыс мерзімі;

      27) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, орналастыру басталған күн түрі: "мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген күннен бастап", "қор биржасында мемлекеттік емес облигациялармен алғашқы сауда-саттық жасалған күннен бастап", "мемлекеттік емес облигациялар қор биржасының листингіне енгізілген күннен бастап", "басқасы";

      28) мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру басталған күн (бар болса);

      29) болжанған өтеу күні;

      30) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар бойынша сыйақы көрсеткіші: сыйақы мөлшері көрсетіле отырып "дисконт", "кірістіліктің белгіленген мөлшерлемесі", "кірістіліктің өзгермелі мөлшерлемесі", "басқасы";

      31) мемлекеттік емес облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу кезеңділігі (бар болса);

      32) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды айырбастау туралы мәліметтер: "айырбасталмайтын", "айырбасталатын" және "деректер жоқ";

      33) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу мүмкіндігі туралы мәліметтер: "көзделген" және "көзделмеген";

      34) басталған соң эмитенттің мемлекеттік емес облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар;

      35) оригинатор туралы мәліметтер (арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік емес облигациялары шығарылған кезде);

      36) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды шығару қайта құрылымдауға байланысты болатыны туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ";

      37) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар орналастырылатын жер: "ұйымдастырылған нарық" немесе "ұйымдастырылмаған нарық";

      38) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялардың айналыста болу жері: "ұйымдастырылған нарық", "ұйымдастырылмаған нарық" немесе "ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтар";

      39) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды қамтамасыз ету туралы ақпарат: "мемлекеттің кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген", "үшінші тұлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген (мемлекеттен басқа)", "мүлік кепілімен қамтамасыз етілген", "қамтамасыз етусіз";

      40) мемлекеттік емес облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану мақсаты;

      41) облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі;

      42) ескертпе (бар болса);

      43) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      44) уәкілетті органның эмитентке жіберген облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      24. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу күні;

      3) уәкілетті органның эмитентке жіберген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік емес облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      25. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны назарға алу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну күні;

      2) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны назарға алу күні;

      3) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу күні;

      4) ескертпе (бар болса).

      26. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарының күшін жою кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға құжаттарды ұсыну күні;

      2) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою күні;

      3) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою себебі: "осы шығарылымның бір де бір мемлекеттік емес облигациясы орналастырылмаған", "осы шығарылымның барлық мемлекеттік емес облигациясын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған", "осы шығарылымның мемлекеттік емес облигацияларының айналыс мерзімі өткен";

      4) ескертпе (бар болса).

      27. Мемлекеттік емес облигациялар орналастыруды тоқтата тұру кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыруды тоқтата тұру себебі: "мемлекеттік емес облигацияларды шығару, орналастыру және өтеу талаптары бұзылған" немесе "сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы";

      2) мемлекеттік емес облигациялар орналастыруды тоқтата тұру күні;

      3) мемлекеттік емес облигациялар орналастыруды жаңартудың жоспарланған күні;

      4) ескертпе (бар болса).

      28. Мемлекеттік емес облигациялардың айналысын тоқтата тұру кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигациялардың айналысын тоқтата тұру себебі: "мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу барысында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған" немесе "мемлекеттік емес облигациялармен мәмілелер жасасудың талаптары мен тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған";

      2) мемлекеттік емес облигациялардың айналысын тоқтата тұру күні;

      3) мемлекеттік емес облигациялардың айналысын жаңартудың белгіленген күні;

      4) ескертпе (бар болса).

      29. Мемлекеттік емес облигациялар орналастыруды немесе айналысын жаңарту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мемлекеттік емес облигациялар орналастыруды немесе айналысын жаңарту күні;

      2) ескертпе (бар болса).

      30. Пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) басқарушы компанияның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) басқарушы компанияның БСН-і;

      3) басқарушы компанияның Legal Entity Identifier коды (бар болса);

      4) басқарушы компания қызметінің негізгі түрі;

      5) басқарушы компанияның орналасқан жері (Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      6) басқарушы компанияның нақты мекенжайы;

      7) басқарушы компанияның пошталық мекенжайы;

      8) басқарушы компанияның байланыс телефондарының, факс нөмірлері және электрондық пошта мекенжайы;

      9) басқарушы компанияны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      10) басқарушы компанияны алғашқы мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      11) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, басқарушы компанияның атынан пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      12) басқарушы компанияның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының нөмірі және күні;

      13) инвестициялық пай қорының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі атауы;

      14) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, инвестициялық пай қорының түрі: "ашық", "интервалды", "жабық";

      15) халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтер;

      16) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, айналыстың басталған күн түрі: "пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап", "қор биржасында пайлармен алғашқы сауда-саттық жасалған күннен бастап", "пайлар қор биржасының листингіне енгізілген күннен бастап", "басқасы";

      17) пайлар айналысының басталу күні (бар болса);

      18) пайларды орналастыруды бастау шарттары;

      19) пайдың номиналды құны;

      20) пайлардың номиналды құны білдірілетін валюта;

      21) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, инвестициялық пай қоры активтерінің құрамы: "жылжымайтын мүлік", "бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдары", "аралас активтер", "туынды қаржы құралдары", "жоғарыда аталғандардың ешқайсысы";

      22) кастодианның атауы;

      23) ескертпе (бар болса);

      24) пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      25) уәкілетті органның басқарушы компанияға жіберген пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      31. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) инвестициялық пай қорының қағидаларына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу күні;

      3) уәкілетті органның басқарушы компанияға жіберген инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу туралы хатының нөмірі мен күні.

      32. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты қарау қорытындылары бойынша пайларды өтеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылдау күні;

      2) пайларды өтеу күні.

      33. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) Legal Entity Identifier коды (бар болса);

      5) эмитент қызметінің негізгі түрі;

      6) эмитенттің орналасқан жері (Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      7) эмитенттің нақты мекенжайы;

      8) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      9) эмитенттің байланыс телефондарының, факсы нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      10) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;

      11) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      12) эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      13) андеррайтердің атауы (бар болса);

      14) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      15) халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтер;

      16) жарияланған қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар саны;

      17) бір қазақстандық депозитарийлiк қолхатқа келетін бағалы қағаздардың саны;

      18) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, "айналыс мерзімінің болуы: "иә" немесе "жоқ";

      19) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттың айналыс мерзімі (бар болса);

      20) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, дауыс беру мүмкіндігі туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ";

      21) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

      22) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің орналасқан елі;

      23) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің ұйымдық-құқықтық нысаны;

      24) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенті қызметінің негізгі түрі;

      25) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, санаты, олардың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтер (бар болса);

      26) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды айырбастау туралы мәліметтер: "айырбасталмайтын", "айырбасталатын" және "деректер жоқ";

      27) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың айналыс мерзімі (бар болса);

      28) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың өтеу мерзімінің болуы туралы ақпарат: "иә" немесе "жоқ";

      29) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың өтеу күні (бар болса);

      30) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың сыйақы түрі: "белгіленген кірістілік мөлшерлемесі", "кірістіліктің өзгермелі мөлшерлемесі", "дисконт" (бар болса);

      31) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың дивидендтер мөлшері немесе сыйақы мөлшерлемесі (бар болса);

      32) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар құнының валютасы;

      33) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларды иеленетін ірі акционерлер туралы мәліметтер (бар болса);

      34) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алуды және растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ұйымның атауы;

      35) листинг санатын көрсете отырып, қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың листингі жүргізілген қор биржасының атауы (бар болса);

      36) ескертпе (бар болса);

      37) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      38) уәкілетті органның эмитентке жіберген қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      34. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің түрі: "түпкілікті" немесе "аралық";

      2) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні;

      3) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні;

      4) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      5) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      6) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні орналастырылған қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың саны;

      7) соңғы сауда-саттықта қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды орналастыру бағасы;

      8) мерзімінен бұрын өтелген қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың саны;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің саны көрсетіле отырып, қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар саны.

      35. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      2) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу күні;

      3) қазақстандық депозитарийлiк қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      4) есепті кезең аяқталған күні өтелген қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың саны;

      5) айналыс басталған күннен бастап өтелген қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың жалпы саны;

      6) ескертпе (бар болса).

      36. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) эмитенттің және оригинатордың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің және оригинатордың ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) эмитенттің БСН-і;

      4) Legal Entity Identifier коды (бар болса);

      5) эмитент және оригинатор қызметінің негізгі түрі;

      6) эмитенттің және оригинатордың орналасқан жері (Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген);

      7) эмитенттің нақты мекенжайы;

      8) эмитенттің пошталық мекенжайы;

      9) эмитенттің және оригинатордың байланыс телефондарының, факсы нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы;

      10) эмитентті және оригинаторды мемлекеттік тіркеуді (қайта тірукеуді) жүзеге асыратын уәкілетті органның атауы;

      11) эмитентті және оригинаторды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      12) эмитентті және оригинаторды алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      13) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және ЖСН немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы (атаулары) мен БСН көрсетіле отырып, эмитенттің ірі акционерлері туралы мәліметтер;

      14) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып, эмитенттің атынан исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлға туралы мәліметтер;

      15) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар өкілінің атауы (бар болса);

      16) төлем агентінің атауы (бар болса);

      17) халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды) туралы мәліметтер;

      18) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, исламдық бағалы қағаздардың түрі: "исламдық жалдау сертификаттары", "исламдық қатысу сертификаттары", "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар";

      19) жарияланған исламдық бағалы қағаздардың саны;

      20) исламдық бағалы қағаздардың номиналды құны (бар болса);

      21) исламдық бағалы қағаздардың номиналды құнының (орналастыру бағасының) валютасы;

      22) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының көлемі;

      23) исламдық бағалы қағаздардың айналыс мерзімі (бар болса);

      24) болжанған өтеу күні;

      25) орналастырудың басталу және аяқталу күні;

      26) айналыстың басталған күні;

      27) исламдық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу талаптары (бар болса);

      28) исламдық бағалы қағаздарды өтеу туралы мәліметтер: күні, тәсілі (бар болса);

      29) исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану мақсаты;

      30) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, мемлекеттік емес облигацияларды қамтамасыз ету туралы ақпарат: "мемлекеттің кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген", "үшінші тұлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген (мемлекеттен басқа)", "мүлік кепілімен қамтамасыз етілген", "қамтамасыз етусіз";

      31) ескертпе (бар болса);

      32) исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      33) уәкілетті органның эмитентке жіберген исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      37. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы қысқаша ақпарат;

      2) исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектіне енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу күні;

      3) уәкілетті органның эмитентке жіберген исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы хатының нөмірі мен күні.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі электрондық түрде (PDF форматында) қоса тіркеледі.

      38. Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мынадай жазбалардың бірі көрсетіле отырып, есеп түрі: "түпкілікті" немесе "аралық";

      2) исламдық бағалы қағаздар орналастырудың есепті кезеңінің басталған күні;

      3) исламдық бағалы қағаздар орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күні;

      4) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      5) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      6) есепті кезеңде орналастырылған исламдық бағалы қағаздардың саны;

      7) есепті кезеңде тартылған қаражат сомасы;

      8) есепті кезең аяқталған күні сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың саны;

      9) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мәліметтер;

      10) андеррайтердың атауы (бар болса);

      11) оригинатордың атауы (бар болса);

      12) ескертпе (бар болса).

      39. Исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептерді бекіту кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;

      2) исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту күні;

      3) исламдық бағалы қағаздарды өтеу күні;

      4) мерзімінен бұрын өтелген исламдық бағалы қағаздардың саны;

      5) оригинатор исламдық бағалы қағаздарды өтеу үшін эмитентке аударған ақша сомасы (бар болса);

      6) исламдық бағалы қағаздарды өтеу үшін резервтік қордан тартылған ақша сомасы (бар болса);

      7) исламдық бағалы қағаздар бойынша төленген кірістің жинақтық мөлшері;

      8) исламдық бағалы қағаздарды өтеу сомасы;

      9) ескертпе (бар болса).

      40. Исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою кезінде Мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жоюға құжаттарды ұсыну күні;

      2) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күші жойылған күн;

      3) исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою себебі;

      4) ескертпе (бар болса).

  Эмиссиялық бағалы
қағаздардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Ескерту. 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жарияланған акциялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын мәліметтер 1-кесте. Акциялар эмитенті туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Қазақ тіліндегі толық атауы


2.

Орыс тіліндегі толық атауы


3.

Ағылшын тіліндегі толық атауы

400-ден аспайтын әріптік және цифрлық символдар

4.

Қазақ тіліндегі қысқартылған атауы


5.

Орыс тіліндегі қысқартылған атауы


6.

Ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы

30-дан аспайтын әріптік және цифрлық символдар

7.

БСН


8.

Legal Entity Identifier коды (бар болса)

35 символ

9.

Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік орган


10.

Эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні


11.

Орналасқан жері


12.

Нақты мекенжайы


13.

Пошталық мекенжайы


14.

Байланыс телефондары мен факс нөмірлері


15.

Электрондық пошта мекенжайы


16.

Эмитенттің атынан жарияланған акциялар шығарылымдарын, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлғаның лауазымы


17.

Эмитенттің атынан жарияланған акциялар шығарылымдарын, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды немесе басқа тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


18.

Қызметтің негізгі түрі


19.

Эмитент туралы қосымша ақпарат


2-кесте. Жай акциялар туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Бағалы қағаздар түрі

Жай акциялар

2.

Жарияланған жай акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні


3.

Номиналды құны білдірілетін валюта

Қазақстан теңгесі

4.

Бір акцияның номиналды құны


5.

Айырбасталуы туралы мәліметтер

Нұсқалар:
айырбасталатын,
айырбасталмайтын.

6.

Жарияланған жай акциялар саны


7.

Жарияланған жай акциялар шығарылымы туралы қосымша ақпарат


3-кесте. Артықшылықты акциялар туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Бағалы қағаздар түрі

Артықшылықты акциялар

2.

Жарияланған артықшылықты акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні


3.

Номиналды құны білдірілетін валюта

Қазақстан теңгесі

4.

Бір акцияның номиналды құны


5.

Айырбасталуы туралы мәліметтер

Нұсқалар:
айырбасталатын,
айырбасталмайтын.

6.

Дивидендтер мөлшері


7.

Жарияланған артықшылықты акциялар саны


8.

Жарияланған артықшылықты акциялар шығарылымы туралы қосымша ақпарат


  Эмиссиялық бағалы
қағаздардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      Ескерту. 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын мәліметтер 1-кесте. Мемлекеттік емес облигациялар эмитенті туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Қазақ тіліндегі толық атауы


2.

Орыс тіліндегі толық атауы


3.

Ағылшын тіліндегі толық атауы

400-ден аспайтын әріптік және цифрлық символдар

4.

Қазақ тіліндегі қысқартылған атауы


5.

Орыс тіліндегі қысқартылған атауы


6.

Ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы

30-дан аспайтын әріптік және цифрлық символдар

7.

БСН


8.

Legal Entity Identifier коды (бар болса)

35 символ

9.

Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік орган


10.

Эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні


11.

Орналасқан жері


12.

Нақты мекенжайы


13.

Пошталық мекенжайы


14.

Байланыс телефондары мен факс нөмірлері


15.

Электрондық пошта мекенжайы


16.

Эмитенттің атынан мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы


17.

Эмитенттің атынан мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


18.

Қызметтің негізгі түрі


19.

Эмитент туралы қосымша ақпарат


2-кесте. Мемлекеттік емес облигациялар туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Бағалы қағаздар түрі

Облигации

2.

Облигациялар түрі


3.

Айырбасталуы туралы мәліметтер

Нұсқалар:
айырбасталатын,
айырбасталмайтын.

4.

Номиналды құны білдірілетін валюта


5.

Бір облигацияның номиналды құны


6.

Қамтамасыз ету түрі (қамтамасыз етусіз)

Нұсқалары:
мемлекеттің кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген,
үшінші тұлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген (мемлекеттен басқа),
мүлік кепілімен қамтамасыз етілген,
қамтамасыз етусіз

7.

Жарияланған мемлекеттік емес облигациялар саны


8.

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар айналысының орны

Нұсқалары:
ұйымдастырылған нарық
ұйымдастырылмаған нарық

9.

Мемлекеттік емес облигациялар бойынша сыйақы түрі

Нұсқалары:
кірістіліктің белгіленген мөлшерлемесі,
кірістіліктің өзгермелі мөлшерлемесі,
дисконт

10.

Сыйақы мөлшерлемесі


11.

Сыйақы төлеу кезеңділігі

Нұсқалары:
аптасына бір рет,
айына бір рет,
тоқсанына бір рет,
жарты жылдықта бір рет,
жылына бір рет
сыйақы төлеудің өзге кезеңділігі.

12.

Айналысы басталған күн (бар болса)


13.

Өтеу күні (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде болжанған өтеу күні көрсетіледі)


14.

Айналыс мерзімі


15.

Эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы

Нұсқалары:
көзделген,
көзделмеген

16.

Облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі (бар болса)


17.

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы туралы қосымша ақпарат


  Эмиссиялық бағалы
қағаздардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      Ескерту. 3-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу кезінде ұсынылатын мәліметтер 1-кесте. Басқарушы компания туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Қазақ тіліндегі толық атауы


2.

Орыс тіліндегі толық атауы


3.

Ағылшын тіліндегі толық атауы

400-ден аспайтын әріптік және цифрлық символдар

4.

Қазақ тіліндегі қысқартылған атауы


5.

Орыс тіліндегі қысқартылған атауы


6.

Ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы

30-дан аспайтын әріптік және цифрлық символдар

7.

БСН


8.

Legal Entity Identifier коды (бар болса)

35 символ

9.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік орган


10.

Эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні


11.

Орналасқан жері


12.

Нақты мекенжайы


13.

Пошталық мекенжайы


14.

Байланыс телефондары мен факс нөмірлері


15.

Электрондық пошта мекенжайы


16.

Басқарушы компанияның атынан пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы


17.

Басқарушы компанияның атынан пайлар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


18.

Қызметтің негізгі түрі


19.

Басқарушы компания туралы қосымша ақпарат


2-кесте. Инвестициялық пай қорларының пайлары туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Бағалы қағаздар түрі

Инвестициялық пай қорларының пайлары

2.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі инвестициялық пай қорының атауы


3.

Пай қорының түрі

Нұсқалары:
жабық,
ашық немесе интервалды

4.

Номиналды құны білдірілетін валюта


5

Бір пайдың номиналды құны


6

Қор активтерінің құрамы

Нұсқалары:
жылжымайтын мүлік,
бағалы қағаздар және басқа қаржы құралдары,
аралас активтер,
туынды қаржа құралдары,
жоғарыда аталғанның ешқайсысы

7.

Пайлар шығарылымы туралы қосымша ақпарат


  Эмиссиялық бағалы
қағаздардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

      Ескерту. 4-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын мәліметтер 1-кесте. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттардың эмитенті туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Қазақ тіліндегі толық атауы


2.

Орыс тіліндегі толық атауы


3.

Ағылшын тіліндегі толық атауы

400-ден аспайтын әріптік және цифрлық символдар

4.

Қазақ тіліндегі қысқартылған атауы


5.

Орыс тіліндегі қысқартылған атауы


6.

Ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы

30-дан аспайтын әріптік және цифрлық символдар

7.

БСН


8.

Legal Entity Identifier коды (бар болса)

35 символ

9.

Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік орган


10.

Эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні


11.

Орналасқан жері


12.

Нақты мекенжайы


13.

Пошталық мекенжайы


14.

Байланыс телефондары мен факс нөмірлері


15.

Электрондық пошта мекенжайы


16.

Эмитенттің атынан қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы


17.

Эмитенттің атынан қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


18.

Қызметтің негізгі түрі


19.

Эмитент туралы қосымша ақпарат


2-кесте. Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Бағалы қағаздар түрі

Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар

2.

Базалық актив туралы мәліметтер

эмитент, эмитенттің орналасқан жерінің елі туралы мәліметтер, санаты, түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) туралы мәліметтер (бар болса), өтелетін немесе айырбасталатын

3.

Базалық актив бойынша сыйақы түрі

Нұсқалары:
кірістіліктің белгіленген мөлшерлемесі,
кірістіліктің өзгермелі мөлшерлемесі,
дисконт.

4.

Базалық актив бойынша дивиденттер мөлшері немесе кірістілік мөлшерлемесі


5.

Базалық активті өтеу күні (пбар болса)


6.

Депозитарийлiк қолхаттар құнының валютасы


7.

Жарияланған қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар саны


8.

Қазақстандық депозитарийлiк қолхаттар шығарылымы туралы қосымша ақпарат


  Эмиссиялық бағалы
қағаздардың мемлекеттік
тізілімін қалыптастыру
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Ескерту. 5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу кезінде және исламдық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын мәліметтер 1-кесте. Исламдық бағалы қағаздар эмитенті туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Қазақ тіліндегі толық атауы


2.

Орыс тіліндегі толық атауы


3.

Ағылшын тіліндегі толық атауы

400-ден аспайтын әріптік және цифрлық символдар

4.

Қазақ тіліндегі қысқартылған атауы


5.

Орыс тіліндегі қысқартылған атауы


6.

Ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы

30-дан аспайтын әріптік және цифрлық символдар

7.

БСН


8.

Legal Entity Identifier коды (бар болса)

35 символ

9.

Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және эмитентті мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік орган


10.

Эмитентті алғашқы мемлекеттік тіркеу күні


11.

Орналасқан жері


12.

Нақты мекенжайы


13.

Пошталық мекенжайы


14.

Байланыс телефондары мен факс нөмірлері


15.

Электрондық пошта мекенжайы


16.

Эмитенттің атынан исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті эмитенттің лауазымды тұлғасының лауазымы


17.

Эмитенттің атынан исламдық бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті эмитенттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


18.

Қызметтің негізгі түрі


19.

Эмитент туралы қосымша ақпарат


2-кесте. Исламдық бағалы қағаздар туралы мәліметтер

Мәлімет түрі

Ескертпе

1.

Бағалы қағаздар түрі

Исламдық бағалы қағаздар

2.

Вид исламских ценных бумаг


3.

Исламдық бағалы қағаздарды орналастыру бағасының валютасы (бар болса)


4.

Бір исламдық бағалы қағаздың номиналды құны (бар болса)


5.

Қамтамасыз ету түрі (қамтамасыз етусіз)

Нұсқалары:
мемлекеттің кепілдігімен және (немесе) кепілдемесімен қамтамасыз етілген,
үшінші тұлғаның кепілдігімен қамтамасыз етілген (мемлекеттен басқа),
мүлік кепілімен қамтамасыз етілген,
қамтамасыз етусіз

6.

Өтеу күні (бар болса)


7.

Жарияланған исламдық бағалы қағаздар саны


8.

Айналысы басталған күн (бар болса)


9.

Айналыс мерзімі (бар болса)


10.

Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы туралы қосымша ақпарат