Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17410 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 614 бұйрығымен бекітілген

Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және индустриялық-инновациялық жобаларға жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

      2) жергілікті қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;

      3) жергілікті қамту бойынша сараптама – индустрияландыру картасына енгізуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау;

      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму мен шикізаттық емес экспортты ілгерілету саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті және шикізаттық емес экспортты ілгерілету саласындағы мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

      6) индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) республика деңгейіндегі құралы болып табылады және мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа индустрияларды қалыптастыратын, кластерлерді дамытатын басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді;

      7) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – отандық тауарлардың, жұмыстардын, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі.

2-тарау. Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу тәртібі

      3. Жергілікті қамту бойынша сараптаманы жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – Ұлттық институт) жүргізеді.

      4. Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізуге арналған ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) уәкілетті орган Ұлттық институтқа осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте жібереді.

      5. Индустриялық-инновациялық жобаның жергілікті қамту бойынша сараптама уәкілетті органнан ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі және индустриялық-инновациялық жобадағы жергілікті қамтуды анықтаудан тұрады.

      6. Жергілікті қамту бойынша сараптаманы жүргізу үшін Ұлттық институт ұсынылған ақпаратты біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іздеу мақсатында дерекқорда бар тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Біртекті тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге іздеу жүргізу қорытындылары бойынша Ұлттық институт мынадай есептеуді жүргізеді:

      1) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауардың жалпы құнынан (ЖҚТ) тауарда белгіленген жергілікті өндірілу үлесі құнының пайыздық қамтылуы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      n – ақпаратта көзделген тауарлардың жалпы саны;

      i – ақпаратта көзделген тауарлардың реттік нөмірі;

      ТҚi - ақпаратта көзделген i-шы тауар құны;

      Қi – дерекқорда көрсетілген біртекті тауардағы жергілікті қамту үлесі,

      Қi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда;

      S – ақпаратта көзделген тауарлардың жалпы құны;

      2) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан (ЖҚж/қ) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлесі құнының пайыздық қамтылуы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      n – ақпаратта көрсетілген жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың жалпы саны;

      i – ақпаратта көрсетілген қажетті тауардың реттік нөмірі;

      ТҚi – ақпаратта көзделген i-шы тауар құны;

      Қi – дерекқорда көрсетілген біртекті тауардағы жергілікті қамту үлесі,

      Қi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда;

      m – ақпаратта көрсетілген жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы саны;

      j – ақпаратта көрсетілген жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі;

      ШҚj – ақпаратта көрсетілген j-шы жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны;

      ТҚj – ақпаратта көзделген жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың жиынтық құны;

      Кj – егер j-шарты бойынша өнім берушінің қазақстандық кадрларының кемінде 50% құраса, 1-ге тең және егер j-шарты бойынша өнім берушінің қазақстандық кадрларының 50% кемін құраса, 0-ге тең коэффициент;

      S – ақпаратта көрсетілген жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы құны.

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың санын есепке алмағанда, өнім берушінің қызметкерлерінің жалпы санындағы өнім берушінің қазақстандық кадрларының (ӨҚК) үлесі және ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      ӨҚК=ӨБРА/ҚЖС*100,

      мұнда:

      ӨБРА – өнім беруші қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;

      ҚЖС – корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың санын есепке алмағанда, өнім беруші қызметкерлерінің жалпы саны.

      Бұл ретте, егер ұйым корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру кезінде мынадай шарттарды орындамаса, ӨҚК=0:

      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік басшылардың, менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болмауға тиіс, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – әрбір тиісті санат бойынша елу пайыздан астам болмауы тиіс.

      Дерекқорда бірнеше ұқсас тауарлар болған жағдайда, тауардың жергілікті қамтуының ең аз үлесі белгіленеді.

      Дерекқорда жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді бірнеше беруші болған кезде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер кадрларының ең аз үлесі белгіленеді.

      Ескертпе: осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іздеуді жүргізу үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың берушілерінің дерекқоры да пайдаланылуы мүмкін.

      7. Жергілікті қамту бойынша сараптаманың нәтижесі бірінші басшының не оны алмастырушы адамның, сондай-ақ жергілікті қамту бойынша осы сараптаманы жүргізген адамдардың қолы қойылған, Ұлттық институттың мөрімен бекітілген Ұлттық институттың фирмалық бланкідегі сараптамалық қорытынды болып табылады.

      Сараптамалық қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) сараптамалық қорытындының күні, нөмірі;

      2) индустриялық-инновациялық жобаның мақсаты;

      3) индустриялық-инновациялық жобаға тартылуға жоспарланған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы.

      8. Сараптамалық қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның бір данасы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі, екіншісі ұлттық институтта сақталады.

  Жергілікті қамту бойынша сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлесінің құны туралы ақпарат

      Индустриялық-инновациялық жобаның

      атауы___________________________________________

      Индустриялық-инновациялық жобаның

      мақсаты_________________________________________

      Индустриялық-инновациялық жобаның

      саласы__________________________________________

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы

Сатып алынатын ТЖҚ-ның қысқаша сипаттамасы

ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды

Өлшем бірлігі

Заттай мәтінде сатып алудың жоспарланған көлемі

ҚҚС-ны есепке алғанда, сатып алуға жоспарланған сома, мың теңге

Әлеуетті өнім берушілер

ТЖКҚ беруші елі

Жергілікті қамтудың болжамды үлесі, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

20__ жыл

Тауарлар









Жұмыстар









Көрсетілетін қызметтер









20__ жыл

      Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ТЖКҚ – тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер;

      ӨСЖ – өнімнің статистикалық жіктеуіші;

      ҚҚС – қосымша құн салығы.

  Жергілікті қамту бойынша сараптама
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жалпы еңбекақы төлеу қорынан индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобаға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы төлеу құны туралы ақпарат

      Индустриялық- инновациялық жобаның атауы

      ________________________________________________

      Индустриялық- инновациялық жобаның мақсаты

      ________________________________________________

      Индустриялық- инновациялық жобаның саласы

      ________________________________________________

      Индустриялық-инновациялық жоба шеңберінде жұмыс істейтін жұмыскерлерге жалпы еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (саны ондық үлеспен)

      ____________________________________________

      Индустриялық-инновациялық жоба шеңберінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құны, мың теңгемен (саны ондық үлеспен)