"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілді |
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Тізілім Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – қайта сақтандырушы) тізбесін қамтиды.
2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
3. Тізілім Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімге енгізілген қайта сақтандырушыларға сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беру мүмкіндігін алып тастау мақсатында қалыптастырылады.
4. Тыйым салынған қайта сақтандырушылардың тізіліміне енгізу негіздемесі Заңның 9-бабының 8-тармағында белгіленген.
5. Тізілім қазақ және орыс тілдерінде Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүргізіледі және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Уәкілетті орган қайта сақтандырушыларды тізілімге қосу туралы шешімді:
1) өз бетінше;
2) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жазбаша өтініші негізінде қабылдайды.
Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жазбаша өтінішіне тізілімге қосу үшін негіздемелер болып табылатын фактілердің бар екенін растайтын мәліметтер қоса беріледі.
7. Уәкілетті орган Заңның 9-бабы 8-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздемелерді жойған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қайта сақтандырушыны өз бетінше тізілімнен алып тастайды.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімі
Тізілімге енгізілген күн | Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы |
Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру | Тізілімге енгізуге негіздеме | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |