Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 17331 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақша және орысша тілдерінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында оны ресми жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1345 бұйрығымен
бекітілген

Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларын бекiту туралы

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар таңбасың (қызмет көрсету таңбасың) пайдалануға құқық беру туралы қағидаларын бекiту туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айрықша құқық - тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы;

      2) бюллетень - тауар таңбалары қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;

      3) өтініш беруші - өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      4) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      5) сараптама ұйымы - Заңның 3-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      6) Сингапур шарты - 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;

      7) тауар белгісінің иесі - тауар белгісіне айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;

      8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) - Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.

2 тарау. Айрықша құқықты беруді, тауар таңбасын пайдалануға құқық беруді тіркеу тәртібі

      3. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу үшін өтініш беруші сараптама жасау ұйымына осы Қағидаларға нысан бойынша 1-қосымшаға сәйкес айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы немесе нысан бойынша 2-қосымшаға сәйкес айрықша құқықты басқаға ішінара беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы өтінішті ұсынады.

      4. Өтінішке:

      1) өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат көшірмесі;

      2) сараптама жасау ұйымының тауар таңбасына айрықша құқықтарды беруді тіркегені үшін төлемді растайтын құжат;

      3) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беру туралы шарт, немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.

      5. Лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік шарт немесе лицензиялық шарт талаптарын қамтитын өзге де шарт бойынша тауар таңбасын пайдалануға құқық беруді тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына осы Қағидаларға нысан бойынша 3-қосымшаға сәйкес құқықты лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы, нысан бойынша 4-қосымшаға сәйкес кешенді кәсіпкерлік шарт (франчайзинг) бойынша құқықтарды беруді тіркеу туралы немесе нысан бойынша 5-қосымшаға сәйкес лицензиялық (сублицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартқа қосымша келісімді тіркеу туралы өтініш беріледі.

      6. Өтінішке:

      1) өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат көшірмесі;

      2) сараптама жасау ұйымының тауар таңбасына айрықша құқықтарды беруді тіркегені үшін төлемді растайтын құжат;

      3) тауар таңбасын пайдалануға құқықты беру туралы шарт (лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе өзге шарт), немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.

      7. Тауар таңбасын сублицензиялық шарттармен, тіркелген шарттарға қосымша келісімдер бойынша пайдалану құқығын беруді тіркеу Заңмен белгіленген тәртіппен және лицензиялық шарттар бойынша құқық беруді тіркеу қағидаларымен жүзеге асырылады.

      8. Тауар таңбасына құқықты беру, тауар таңбасына пайдалану құқығын беру, тауар таңбасына айрықша құқықты кепілге беру, тауар таңбасына пайдалану құқығын кепілге беру туралы шарттар жазбаша түрде жасалуы тиіс.

      9. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілінде ұсынылады. Шетелдік аттар мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өздерінің өтiнiш берушi, тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының иесі ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.

      Сингапур Шартына қатысушы мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы болып табылатын тараптардың біріне құқықтарды беру туралы келісімдерді сараптау және тіркеу Сингапур шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Құқықты беруді немесе пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін өтініш беруші Заңның 3-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген бағалармен белгіленген көлемде сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлем жасайды.

      11. Төлем туралы құжат болмаған немесе өтініш беруші төлеген сома белгіленген мөлшерге сәйкес келмеген жағдайда, сараптама жасау ұйымы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарамастан қайтарады.

      12. Тіркеу немесе тіркеуден бас тарту өтініш келіп түскен күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Заң талаптарының сақталуын тексеру негізінде жүзеге асырылады.

      13. Заңның 21-бабының 8-тармағында көрсетілген негіздер анықталса, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі. Сұрау салу жіберілген күннен бастап тіркеу мерзімі үш айға тоқтатыла тұрады.

      Мыналар:

      1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;

      2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;

      3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;

      4) тауар белгісіне айрықша құқыққа билік ету құқығын тіркеудің болмауы;

      5) тауар белгісіне құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыру;

      6) тарапта тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.

      14. Сараптама жасау ұйымы 4 және 6 тармақтарда аталған құжаттарды қарастыру нәтижесінде тауар таңбасына құқықты, пайдалану құқығын беруді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы осы Қағидаларға нысандары бойынша 6, 7-қосымшаларға сәйкес хабарлама хаттарды жолдап, тіркеген жағдайда тіркеу туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша

      құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) /

      заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша

      құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты

      лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Лицензиар (сублицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Лицензиат (сублицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты

      кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі -

      Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық (сублицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған

      лицензиялық (сублицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді

      тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:

      ________________________________________________________________________________

      3. Лицензиар (сублицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты

      (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Лицензиат (сублицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды

      тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Кепіл шартты тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған

      кепіл шартты тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Кепілберуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Кепілалушы (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;

      Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.

      Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

      Қосымша:

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  Хат-хабар алушы
мекенжай

      Келісімшарттың тіркелген нөмері: №

      Келісімшарттың тіркелген күні:

      1 жақ:

      2 жақ:

Қазақстан Республикасының Тауар белгілерін мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы ХАБАРЛАМА ХАТ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынығ тауар таңбалары мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беру тіркелгендігін хабарлайды.

      Қосымша:

      Қол қойған тұлға

      Орындаған

      Тел.

  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру туралы
қағидаларын бекiту туралы
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  Хат-хабар алушы
мекенжай

      1 жақ:

      2 жақ:

Қазақстан Республикасының Тауар белгілерін мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА ХАТ

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" заңының 21-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынығ тауар таңбалары мемлекеттік тізілімінде тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеуден бас тартылғанын хабарлайды.

      Қосымша:

      Қол қойған тұлға

      Орындаған

      Тел.