"Қазақстан Республикасының патент заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақша және орысша тілдерінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз жүзінде және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында оны ресми жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М.Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1347 бұйрығымен бекітілген |
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының патент заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Өнертабыстардың мемлекеттік тізіліміне, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізіліміне, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне айрықша құқықтарды беруді, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беруді, ашық немесе мәжбүрлеу лицензиясын тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;
2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
3) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер;
4) өтініш беруші - өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
5) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;
6) патенттік сенім білдірілген өкілдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасыныңазаматтары;
7) сараптама ұйымы - Заңның 4-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы.
2 тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісіне Айрықша құқықты беруді, пайдалануға құқық беруді тіркеу тәртібі
3. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу үшін өтініш беруші сараптама жасау ұйымына осы Қағидаларға нысан бойынша 1-қосымшаға сәйкес айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы немесе нысан бойынша 2-қосымшаға сәйкес айрықша құқықты басқаға ішінара беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы өтінішті ұсынады.
4. Өтінішке:
1) өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат көшірмесі;
2) сараптама жасау ұйымының өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беруді тіркегені үшін төлемді растайтын құжат;
3) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беру туралы шарт, немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
5. Лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік шарт немесе лицензиялық шарт талаптарын қамтитын өзге де шарт бойынша өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқық беруді тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына осы Қағидаларға нысан бойынша 3-қосымшаға сәйкес құқықты лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы, нысан бойынша 4-қосымшаға сәйкес кешенді кәсіпкерлік шарт (франчайзинг) бойынша құқықтарды беруді тіркеу туралы немесе нысан бойынша 5-қосымшаға сәйкес лицензиялық (сублицензиялық,кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартқа қосымша келісімді тіркеу туралы өтініш беріледі.
6. Өтінішке:
1) өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат көшірмесі;
2) сараптама жасау ұйымының өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беруді тіркегені үшін төлемді растайтын құжат;
3) өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты беру туралы шарт (лицензиялық,кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе өзге шарт), немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
7. Өнеркәсіптік меншік объектісін сублицензиялық шарттармен, тіркелген шарттарға қосымша келісімдер бойынша пайдалану құқығын беруді тіркеу Заңмен белгіленген тәртіппен және лицензиялық шарттар бойынша құқық беруді тіркеу қағидаларымен жүзеге асырылады.
8. Өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықты беру, өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын беру, өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты кепілге беру, өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын кепілге беру туралы шарттар жазбаша түрде жасалуы тиіс.
9. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұснылады. Шетелдік аттар мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi, патент иеленушi ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.
10. Құқықты беруді немесе пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін өтініш беруші Заңның 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген бағалармен белгіленген көлемде сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлем жасайды.
11. Төлем туралы құжат болмаған немесе өтініш беруші төлеген сома белгіленген мөлшерге сәйкес келмеген жағдайда, сараптама жасау ұйымы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарамастан қайтарады.
12. Тіркеу немесе тіркеуден бас тарту өтініш келіп түскен күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Заң талаптарының сақталуын тексеру негізінде жүзеге асырылады.
Келесі уақытша кедергі келтіретін негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;
2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің тиісті мемлекеттік тізілімдердегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі.
Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.
Мыналар:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) тарапта өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
13. Сараптама жасау ұйымы 4 және 6 тармақтарда аталған құжаттарды қарастыру нәтижесінде тауар таңбасына құқықты, пайдалану құқығын беруді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы осы Қағидаларға нысандары бойынша 6, 7-қосымшаларға сәйкес хабарлама хаттарды жолдап, тіркеген жағдайда тіркеу туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.
3 тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісіне ашық немесе мәжбүрллі лицензиясына құқық беруді тіркеу тәртібі
14. Ашық лицензияға құқық беру үшін патент иеленуші сараптама жасау ұйымына кез келген тұлғаға өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға лицензия алуға құқықты беру туралы өтініш береді.
Сараптама жасау ұйымы ашық лицензия беру туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.
Көрсетілген лицензияны алуға ниет білдірген тұлға патент иеленушімен жазбаша түрде шарт жасасуға міндетті. Шарттың талаптары бойынша дауларды сот қарайды.
15. Соттың мәжбүрлі лицензиясын беру туралы шешімі негізінде сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді және оларды жариялайды. Сот шешімі шыққан күн тіркеу күні болып табылады.
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша берудітіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша
құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
________________________________________________________________________________
2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі -
Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
________________________________________________________________________________
5. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:
________________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;
Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.
Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
Қосымша:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша
құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
________________________________________________________________________________
2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
________________________________________________________________________________
5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:
________________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:
________________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;
Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.
Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
Қосымша:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Құқықты лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты
лицензиялық немесе сублицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
________________________________________________________________________________
2. Лицензиар (сублицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған
жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
3. Лицензиат (сублицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
________________________________________________________________________________
5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:
________________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:
________________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;
Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.
Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
Қосымша:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты(франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты
кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
________________________________________________________________________________
2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
________________________________________________________________________________
5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:
________________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:
________________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;
Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.
Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
Қосымша:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Құқықты лицензиялық (сублицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия)шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған
лицензиялық (сублицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді
тіркеуді сұраймын.
1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):
________________________________________________________________________________
2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:
________________________________________________________________________________
3. Лицензиар (сублицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты
(бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
4. Лицензиат (сублицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды
тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
________________________________________________________________________________
5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:
________________________________________________________________________________
6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:
________________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі _______ парақта ______ данада;
Сараптама жасау ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат.
Өтініш беруші (Қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
Қосымша:
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
Келісімшарттың тіркелген нөмері: №
Келісімшарттың тіркелген күні:
1 жақ:
2 жақ:
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы ХАБАРЛАМА ХАТ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 14-1 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынығ өнеркәсіптік меншік объектілер мемлекеттік тізілімінде тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беру тіркелгендігін хабарлайды.
Қосымша:
Қол қойған тұлға
Орындаған
Тел.
1 жақ:
2 жақ:
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеудаен бас тарту туралы ХАБАРЛАМА ХАТ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Патенттік заңының 14-1 бабының 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынығ өнеркәсіптік меншік объектілер мемлекеттік тізілімінде тізілімінде құқықты беру/пайдалану құқығын беруді тіркеуден бас тартылғанын хабарлайды.
Қосымша:
Қол қойған тұлға
Орындаған
Тел.