"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы"1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М.Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1313 бұйрығымен бекітілген |
Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер.
1. Осы Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен, Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінен, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінен, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінен, Тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен, Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімі - интегралдық микросхемалар тіркелген топологияларының мемлекеттік тізілімі;
2) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімі – тіркелген өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімі;
4) Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімі - тіркелген өнертабыстардың мемлекеттік тізілімі;
5) өтініш беруші – өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
6) ӨҮХК – Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық классификациясы;
7) Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі - тіркелген пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі;
8) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;
9) патент иеленушi – патенттiң немесе қорғау құжатының иесi;
10) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi;
11) Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі - тіркелген тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі;
12) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
13) Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі – тіркелген тауардың шығарылған жерінің мемлекеттік тізімі;
14) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
15) ХПС – Халықаралық патенттік сыныптау.
2 тарау. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру тәртібі
3. Мемлекеттік тізілімдерінен үзінділерді "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы) ұсынады.
Үзінді көшірмелер алу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру туралы өтінішті сараптама ұйымына, мынадай мәліметтерді көрсете отырып, ұсыну қажет:
1) зияткерлік меншік объектісінің түрі;
2) тіркеу нөмірі немесе патент нөмірі;
3) сараптама ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
4. Мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмені беру туралы өтініштің мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
5. Мемлекеттiк тiзiлiмдерден үзiндi көшірмелер осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларына сәйкес берiледi.
Глава 3. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер
6. Сараптама ұйымы селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен келесі үзінді көшірмелер ұсынылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
2) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
3) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
4) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
5) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
6) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар шығарылған жерлерінің атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;
7) Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар белгісінің мемлекеттік тізілімінен жалпыға ортақ тауар белгісінен үзінді көшірмелер;
8) Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер.
ӨТІНІШ Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру туралы
Өтініш беруші: ______________________________________________
Мекен-жайы: ____________________________________________________
Зияткерлік меншік объектісінің түрі ______________________
Тіркеу нөмірі немесе патент нөмірі _____________________________
Қосыша жолданған құжаттар тізімі:
1. Сараптама ұйымының қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
2. Сенімхат (өтінішті өкілі арқылы ұсынған жағдайда).
Құқық иегері ____________ _______________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе басқа да өкіл арқылы
____________ _______________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРТАБЫСТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(11) Қорғау құжатының нөмірі | |
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы | |
(21) Өтінім нөмірі | |
(22) Өтінішті беру күні | |
(31, 32, 33) Басым деректер | |
(51) ХПС | |
(54) Атауы | |
(73) Патент иесі | |
(72) Автор(лар) | |
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер | |
(85) Ұлттық фазаға халықаралық өтінімді аудару күні; | |
(86) Халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық тіркеу күні; | |
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні; | |
Қолданылу мерзімі | |
Өзгерту: |
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ МОДЕЛЬДЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(11) Қорғау құжатының нөмірі | |
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы | |
(21) Өтінім нөмірі | |
(22) Өтініш беру күні | |
(31, 32, 33) Басым деректер | |
(51) ХПС | |
(54) Атауы | |
(73) Патент иесі | |
(72) Автор(лар) | |
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер | |
(85) Ұлттық фазаға халықаралық өтінімді аудару күні | |
(86) Халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық тіркеу күні | |
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні | |
Қолдану мерзімі | |
Өзгерту: |
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(11) Қорғау құжатының нөмірі | |
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы | |
(21) Өтінім нөмірі | |
(22) Өтінішті беру күні | |
(31, 32, 33) Басым деректер | |
(51) ӨҮХК | |
(54) Өнеркәсіптік үлгілерінің атауы | |
(73) Патент иесі | |
(72) Автор(лар) | |
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер | |
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні | |
Қолданылу мерзімі | |
Өзгерту: | |
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(11) Қорғау құжатының нөмірі | |
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы | |
(21) Өтінім нөмірі | |
(22) Өтінішті беру күні | |
(31, 32, 33) Басым деректер | |
(54) Атауы | |
(73) Патент иесі | |
(72) Автор(лар) | |
(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер | |
(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні | |
Қолданылу мерзімі | |
Өзгерту: |
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(111) Кезекті тіркеу нөмірі | (210) Өтінім нөмірі |
(151) Тіркеу күні | (220) Өтінішті беру күні |
(450) Жариялау күні | (181) Қолданылу мерзімі |
(310)-(330) Басымдылықты қолданудың нөмірі мен күні | |
(540) Тауар белгісінің суреті | |
(730) Иесі: | |
(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі | |
(526) Қорғауға жатқызылмайтын элементтер |
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРЛЕРІНІҢ АТАУЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(111) Тіркеу нөмірі | |
(151) Тіркеу күні | |
(210) Өтінім нөмірі | |
(220) Өтінім беру күні | |
(730) Иесі | |
(540) Атауы | |
Тауардың шығарылған жері | |
Тауар түрі | |
(450) Жариялау күні: | |
(181) Қолданылу мерзімі |
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ТАУАР БЕЛГІСІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(111) Кезекті тіркеу нөмірі: | (210) Өтінім нөмірі: |
(151) Тіркеу күні: | (220) Өтінішті беру күні: |
(450) Жариялау күні: | (181) Қолданылу мерзімі: |
(540) Жалпыға бірдей тауар белгісінің суреті | |
(730) Иесі: | |
(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі: | |
Өзгерту:
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМАЛАР ТОПОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР
Үзінді көшірмелердің жасау күні: |
|
Мәртебесі: |
(11) Тіркеу нөмірі (куәліктің) | |
(12) Құжат түрінің сөздік нұсқасы | |
(15) Тіркеу күні | |
(21) Өтінім нөмірі | |
(22) Өтінішті беру күні | |
(54) Интегралдық микросхема топологиясының атауы | |
(73) Құқық иеленуші | |
(72) Автор(лар) | |
(45) Жариялау күні | |
Директор тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)